Баяндама Тақырыбы: Спорт психологиясының негіздері Оқытушы: Караева Тілеужамал Наршақызы Студент: Сансызбай Абзал фос 22-7 1: Психологияның жалпы негіздері



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата20.10.2023
өлшемі223,78 Kb.
#119922
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Психология

Жабығу (депрессиялық) қалыптары
-сырқатты енжарлықпен бірге көрінетін 
болымсыз эмоциялы-психикалық жағдай. 
Аралық қалыптар
-қоғамдық норма (талап, тәртіп) және потология (ағзадағы 
физиологиялық ауытқу) арасындағы сыбайлас психологиялық құбылыстар: 
невроздар, психикалық ауытқулар, психикалық даму тоқырауы. 
Психикалық норма
сипаттары келесідей әрекет-қылық ерекшеліктеріне ие: 
әрекет-қылықтың сыртқы ықпалдарға сәйкестігі; себеп-салдарлылығы


 
тұжырымды болуы; ұтымды тіршілік бағытына сай тәртіптілікте көріну; 
мақсат, мотив және әдістердің үйлесімділігі; басқа адамдармен жөн-жосықты 
қарым-қатынаста болуы; әлеуметтік италаптарға сәйкес өзіндік реттеу мен 
түзетулер бере білуі. 
 
4: Спортттағы тұлға иен команда психологиясы 
 
1. Психореттеу әдістерінің пайда болуы және дамуы. 
Адамның сөздердің көмегімен және соларға сәйкес ойлану бейнелері арқылы 
адамның өзіне-өзі әсер етуін психикалық өзін-өзі реттеу деп атаймыз. 
Мысалы, егер «лимонның сулы қышқыл бөлігі» десек, онда біздің 
ауызқуысымызда еріксіз сілекей бөлінеді. Немесе «мен тоңдым» деп өзі 
суықта тұрғандай сезініп, денесінің тері қабаты тоңазуы мүмкін. Осындай 
мысалдар өте маңызды екі қорытынды жасауға көмектеседі. Бірінші: сөздердің 
тұрақты серіктері-ойша бейнелер болып табылатындығы. Екінші: сөздер 
өздерінің ойдағы бейнелері арқылы біздің ағзамызға әсер ете алады. 
Психикалық өзін-өзі реттеудің негізгі екі бағыты-өзін-өзі сендіру мен өз-өзіне 
деген сенімділік болып табылады. Өз-өзіне деген сенімділік деп өзіне-өзі 
логикалық ойындардың көмегімен әсер етуін айтамыз. Алш өзін-өзі сендіру 
кезінде логиканы қалыптастырмай санаға әсер ете алатын күшті психикалық 
процесс сенім пайдаланылады. Мысалы, адам бөлмеде отырып, ең көп 
логикалық ойларды пайдаланса да, осы сәтте теңіз жағасында жатқандай 
сендіре де сезінеде алмайды. Ал бірақ мұндай жағдайдың мүмкін 
болатындығына сендіре алады. Жарақат алғанда аяғым ауырмайды деп өзіңді 
сендіре алмайсың, бірақ өзін-өзі сендіру көмегімен ауырғанды сезінуге 
тырысуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет