Дене шынықтыру мен спортта оқытушылардың психологиялық негіздерінің
ортақ қасиеттері бар, алайда оларда біраз айырмашылықтар да кездеседі.
Спорттық және дене тәрбиесінің іс-әрекеттері
психологиялық ерекшеліктері
анықталады.
Жарыс пен жаттығудың психологиялық ерекшеліктер.
Жарысқа психологиялық дайындық жүйесі спортшының жарысқа
психологиялық дайындығын қалыптастыруды шешетін бірқатар міндеттьерді
біріктіреді.
А.Ц.Пуни жасаған жарысқа психологиялық дайындықтың жобалық
жоспарында осы жүйе берілген.
Келтірілген жобалық жоспар жүргізілген жұмыс үшін тек жалпы басшылық
болуы мүмкін. Спорттың әр түріне және ешбір спортшыға жеке қолданғанда
оны нақтылау керектігі заңды құбылыс.
Спортшының жарысқам дайындығы жүйесіне мынадай бөліктер кіреді:
а) жарыстың шарттары туралы ақпараттар жинау;
б) жарыс алдындағы спортшының жаттыққандық деңгейінің бағалануы мен
өзін-өзі бағалау;
в) жарысқа қатысудағы мақсаттары мен міндеттерінің қойылуы;
г) жарыста өнер көрсету мотивтерін актуальдандыру;
д)алдындағы ақыл-ой қызметін бағдарламалау;
е) спортшының өз мүмкіндіктерін іске асыруға сенімділік сезімін
қалыптастыру;
ж) оптимальды эмоциональды жағдайды қалыптастыру;
з) максимальды еріктік күштерге дайындықты көбейту және оларды жарыс
жағдайында
ашып көрсету дағдысы;
и) жарыс жағдайындағы психологиялық қалыпты өзіндік реттеу тәсілдерін
меңгеру.
Бұлардың бәрі бір-бірінен бөлінбейді қайта тығыз байланыста болады, егер
осы звеноның біреуі әлсіресе, онда бүкіл жүйе ақсайды.
Спорт қызметінің заңдылықтары.
Адамның
қозғалысқа
деген
тұтынушылық
қажеттілігін
үнемі
қанағаттандыруы, дене қасиеттерін дамыта отыруы, дене жаттығуларының
бірте-бірте осы заманғы спорт түрлеріне ұласуына әкеліп соқты. Пайда
болуының алғашқы басқыштарында-ақ олар қоғамдық бағаға ие болады,
өйткені, олардың нәтижеселері қоғамдық топтардың
кейбір өкілдерінің
екіншілерінен артықшылық денгейін көрсетті. Дәл осы жағдайлар
қозғалыстық қимылдардың жарыстық сипаттамаға ие болуы мен олардың
белгілі бір ережелермен реттелуімен байланысты.
Сонымен, дене жаттығулары біршама өзіндік ерекшеліктері бар-спорттық
қызмет деп аталатын адам қызметінің жеке бір түріне айналады.
Спорттық қызмет әдетте: 1) арнайы дене жаттығуларын орындағанда әртүрлі
формада көрінетін бұлшық ет белсенділігімен, споттық қызмет барысында
адам денесін
қажетті мөлшерде шынықтырады, жалпы дене дайындығынан
өтеді. 2) таңдаған спорт түріндегі дене жаттығуларын орындау үшін жоғары
техниканы меңгеру мен ол спортшыдан арнайы және жүйелі жаттығуды талап
етеді, жаттығу барысында ол белгілі бір қимылдық дағдыларды меңгереді
және жетілдіреді. 3) таңдаған спорт түрінде жетістікке жетуге ұмтылумен;
белгілі бір дене жаттығуларында өте жоғары нәтижеге жетуге бағытталған; 4)
спорттық жарыстар кезінде әсіресе, шиеленіскен сипатқа ие болатын спорттық
күрес пен жүйелі жаттығулар; 5) дене және рухани күштердің өте жоғары
көрінуімен
арнайы әдеттер мен дағдылардың, моторлы қабілеттердің
дамуымен, оларды үнемі жоғары денгейде ұстап т\ұру; 6) дереу көрінген
сапалы сипатымен, үлкен жауапкершілік сезімімен және барынша тиімді
нәтижелерге және рекордтарға қол жеткізуге бағытталады.
Отандық философиялық және психологиялық әдебиеттерде адам қызметінің
көп түрі әдетте, үш негізгі түрге-ойынға, оқуға және еңбекке тіреледі. Бірақ,
адам қызметі тарихи процесте қоғамның материалдық жағдайларының,
адамдарарасындағы
әлеуметтік қатынастардың, олардың рухани және
материалдық қажеттіліктерінің дамуына сай үздіксіз өзгереді, дамиды, жетіліп
отыррады. Бұл жерде адам қызметінің әртүрлі салалары жаңа мазмұнға, жаңа
қоғамдық мәнге ие болады, өз қатарына көптеген адамдарды тартады, олардың
белсенділігін арттырады. Сондықтан, әсіресе, психологияда осы үштік
сақталып, толықтырылады. Қазіргі кезде оған: қарым-қатынас, өнер, спорт
және т.б. жатады. Осы заманғы қоғам дамуында спорт жеке тұлға
қалыптастыруда, адам қызметінің негізгі түрі болып саналады. Өйткені,
жемісті еңбек оқыту
мен және спортпен қосылып, жанжақты дамыған
адамдарды тәрбиелеуде улкен рөл атқарады. Спортқа қызығушылығының өсуі
және оның функцияларының кеңеюінің себебін адамның ғылыми-техникалық
революцияның гиподинамия (аз қозғалысты мамандықтар), жүйке психикалық
шаршау, келеңсіз жайттарға қарама-қарсы қозғалыстың қажеттілігін сезіну
факторларын келтіруге болады. Бұл жерде спортпен айналысудың тек
сауықтыру гигиеналық сияқты ұғымды жағын ғана емес, сонымен бірге ееңбек
ас шалдығу нәтижесінде болатын тікелей экономикалық тиімділігі де
қарастырылады. Соңғыч кезде спортпен айналысу жеке тұлғаның
әлеуметтенуіне де әсер етуде. Бұл әсіресе жас адамдардың тез бейімделуі мен
араласуынан көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: