Баяндама Тақырыбы: Спорт психологиясының негіздері Оқытушы: Караева Тілеужамал Наршақызы Студент: Сансызбай Абзал фос 22-7 1: Психологияның жалпы негіздері


 Психикалық қалыптар және оның түрлері



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата20.10.2023
өлшемі223,78 Kb.
#119922
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Психология

3. Психикалық қалыптар және оның түрлері. 


Психикалық қалып
-тек өкілінің іс-әрекеті мазмұны және жағдайларына, сол 
әрекетке болған тұлғалық қатынастарына орайласқан уақытша көрініс беретін 
ерекшелігі. 
Психикалық қалыптар ситуативті және тұлғалық болып бөлінеді. 
Ситуативті қалып-
оқиға туындаған жағдайларға тәуелді болған психикалық 
іс-әрекеттің уақытша өту ерекшелігімен сипатталады. Олар тұлғаның жалпы 
әрекет-қылықтық белсенділігін анықтаушы жалпы қызметтік және іс-
әрекетпен мінез-құлықтың күрделі жағдайларындағы психикалық күйзелісті, 
сонымен қатар дау-дамайлы, жанжалды психикалық қалыптарға бөлінеді. 
Тұлғаның тұрақты психикалық қалыптары келесідей: ұтымды және күйзелісті 
қалыптар, аралық қалыптар (психопатия, невроздар, ақыл-ес кемістігі); 
бұзылысқа түскен сананың психикалық қалпы. 
Жалпыланған негізгі психикалық қалып-бұл ой, сана сергектігі. 
Сергектік қалып
- бұл сананың жарқын да айқын ұтымды қалыпы адамның 
саналы іс-әрекетке қабілеттілігі. 
Шаршап-шалдығу
қалпы-уақытшп 
жұмыс 
қабілетінің 
кемуінен 
физиогогиялық қызметтерде болатын қалыптан тыс өзгерістерден және жедел 
әрі ұзақ мерзімді іс-әрекет салдары ізімен туындайтын шаршау сезімдері 
тобындағы субектив түйсінулерден пайда болатын ағза қалпы. 
Психикалық күштену (напряжение) қалпы-іс-әрекеттің күрделенген 
жағдайлардағы интеллектуалды және эмоциялы-еріктік құблыстар. 
Тұлғаның дағдарысты
қалпы-адамның психикалықұ бұзылысқа келтіруші 
жағдайларға жауап қатысы, әрекеті. Бейімшіл тұлға, әдетте, өз ұстанымдарын 
қорғаныс бағытында қайта жасап, өзгерістерге келтіре алады. Психикалық 
жарақаттан болатын жандүниелік күйзеліс, жөнсіздік қайта-түзетуге келген 
рет-тәртіптілікпен оң бағытқа түседі, ал адамның ішкі жан әлеміндегі кейде 
орын алатын жалған тәртіптілік (псевдоупорядоченность) тұлғаның 
әлеуметтік ортадан алыстатылып, мұңды қиялға батуыына, ал кейде ішімдікке, 
нашақорлыққа берілуіне себепші болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет