Баяндама тақырыбы



Дата19.03.2023
өлшемі31,13 Kb.
#75439
Байланысты:
баяндама ибб


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ Коммерциялық емес акционерлік қоғам “М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті” ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
КАФЕДРА “ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ”


БАЯНДАМА
Тақырыбы: “Инклюзивті білім беру технологиялары”


Орындаған: Дауренбек Нураят
Тобы: ФИ-20-3к8
Қабылдаған: Досжанова Ж.Т.
Шымкент, 2023
Инклюзивті білім беру деген ұғымға жалпы түсінік беретін болсақ ол барлық балаларды, сонын ішіндегі мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне дініне, жағдайына қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдап деп айтсақ болады.
Қазақстан Республикасында арнайы білім беру үшін басты және тарихи маңызды болып 2002 жылы “Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзету көмегін көрсету туралы” Заңын қабылдауы болып табылады. Бұл Заң актісінің қабылдануы мемлекет пен қоғамның дамуында бұзылулары бар балаларға оң көзімен қарай бастағанын көрсетеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы жынысына, тегіне, әлеуметтік жағдайына қарамастан міндетті тегін орта білім алуды жариялады. Осыған байланысты Республикада әр баланың сапалы және лайықты білім алуына қажетті жағдай жасау жұмыстары жүргізілуде.
Инклюзивтің негізгі оқу принциптеріне тоқтала кететін болсам, мыналарды айтуға болады:

  • Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жетістіктерімен анықталады;

  • Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;

  • Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы;

  • Барлық адам бір-біріне қажет;

  • Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады;

  • Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді;

  • Әрбір бала үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетімен жүзеге асады;

  • Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Мүмкіндігі шектеулі балалар – қалыптасқан тәртіпке сай дәлелденген, туа, тұқымқуалаушылық, жүре немесе зақымдардың нәтижесінде пайда болған аурулардың себебінен өмірлік іс-әрекеттерінде шектеулері бар, физикалық және (немесе) психикалық кемістіктері бар он сегіз жасқа толмаған балалар. Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі 150 мыңнан астам бала анықталды. Аталған санаттағы балалардың білім алуға тиімді қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін Республикада 100-ден астам арнайы түзету білім беру ұйымы жұмыс істейді. Бұл олардың жалпы санының 23,3%-ын ғана құрайды.


Мұмкіндігі шектеулі балалардың топтарына байланысты олармен жұмыс жасау технологиялары да әртүрлі, топтарына тоқталып өтетін болсақ олар мыналар:

  • Есту бұзылыстары бар балалар (кереңдер, нашар еститіндер, саңырау болып қалғандар)

  • Көру бұзылыстары бар балалар (көзі көрмейтін, нашар көретіндер, көру мүмкіндігінен кеш айырылғандар)

  • Қимыл-қозғалыс аппаратының функциясында бұзылыстары бар балалар

  • Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар

  • Ақыл-ойы кеш дамыған балалар

  • Психикалық дамуы тежелген балалар

  • Эмоциялық еркі жағынан және мінез-құлқы бұзылған балалар

  • Күрделі бұзылыстары бар балалар (оның ішінде соқыр, естімейтіндер)

Инклюзивтік инновациялық білім беру технологияларына келетін болсақ: “М.Монтессори” технологиясы, “Денсаулық” технологиясы, “Динамикалық дыбыстар” технологиясы, “Арт терапияның әдіс-тәсілдері (құм,мандала, ертегі, глина, музыка, изотерапиялар және т.б), дамыту технологиясы, сурет салу, мандала терапиясы, ойын технологиялары және т.б жатады.


Ал оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген инновациялық педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту əдістемесі; оза отырып оқыту; тірек жəне тірек конспектілер арқылы оқыту; деңгейлеп оқыту технологиясы; тесттік жүйемен оқыту; имитациялық əдіс; мультимедиа мүмкіндіктерін қолданып оқыту; ойын технологияларын қолдану; дискуссия сабақтары; интеграциялық сабақ; топпен жұмыс; панорама сабағы; проект əдісі (жоба); рольдік ойындар; критикалық ойлау технологиясы; «Алты қалпақ» технологиясы; лекция-семинар сабақтары; «мозаика» сабақтары; проблемалық оқыту əдісі; «миға шабуыл» əдісі; эвристикалық əңгіме əдістемесі; бинарлы сабақ; экскурсия сабағы; қашықтықтан оқыту технологиясы; ынтымақтастық технологиясы; дамыта отырып оқыту əдістемесі; оза отырып оқыту; тірек жəне тірек конспектілер арқылы оқыту; деңгейлеп оқыту технологиясы; тесттік жүйемен оқыту; имитациялық əдіс; мультимедиа мүмкіндіктерін қолданып оқыту; ойын технологияларын қолдану; дискуссия сабақтары; интеграциялық сабақ; топпен жұмыс; панорама сабағы; проект əдісі (жоба); рольдік ойындар; критикалық ойлау технологиясы; «Алты қалпақ» технологиясы; лекция-семинар сабақтары; «мозаика» сабақтары; проблемалық оқыту əдісі; «миға шабуыл» əдісі; эвристикалық əңгіме əдістемесі; бинарлы сабақ; экскурсия сабағы; қашықтықтан оқыту технологиясы; ынтымақтастық технологиясы.
Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жоғарыда көрсетілген инновациялық педагогикалық технологияларды жан-жақты қызықтыра қолдану өте тиімді. Заман талабына сай мүмкіндігі шектеулі балалардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерін компьютерлік технологияларды пайдалану, арқылы түзете-дамыту мəселелері жайлы болмақ. Оқыту, білім беру тəжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті технологияландыру мəселесі маңызды болып саналады.
Ғылыми техниканың жылдан – жылға жедел дамуына байланысты білім беруде компьютер, ғаламтор, бейне, мультимедиялық презентация немесе анимациялық суреттер түрінде ойлау қабілетін қалыптастыруға болады. Жаңа технологияларды пайдалану оқушының білімін көтеруге үлкен ықпалын тигізеді және оқытушының уақытын үнемдейді.
Инклюзивті білім берудің педагогикалық технологиялары деп біз барлық балалар үшін жоғары сапалы қолжетімді білім алу үшін жағдай жасауға әкелетін технологияларды түсінеміз. Педагогикалық технологияларды сабақта мұғалімнің инклюзивті тәжірибесінде табысты қолдануға болады: саралап оқыту технологиялары, оқу-тәрбие процесін дараландыру технологиялары, оқу, мінез-құлық, тәрбиелік және мінез-құлық әрекеттерін түзету технологиялары. 
Осылайша, инклюзивті білім беру әрбір оқушының өз қызығушылықтарымен, қабілеттерімен, қажеттіліктері мен хоббилерімен ерекше екендігін, оқу процесінде жеке көзқарасты және осы ерекшеліктерді ескере отырып, оқу бағдарламаларын әзірлеуде икемділікті талап етеді, сондықтан жеке көзқарас жоғары кәсібилікті талап етеді. мұғалім, оның ішінде өз бойында этика, икемділік, нәзіктік, басқаны есту және түсіну қабілеті сияқты қасиеттер. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі мұғалімнің сыныптағы балалардың жан-жақтылығын, олардың ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын ескереді. Сондықтан мұғалімдердің тиімді жұмыс технологияларын қолдануы маңызды.
Білім беру жүйесінде мемлекеттік құқықтық пен азаматтық қоғамда адамдарды тек қана өмір сүру үшін дайындау емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі балалары үшін сапалы базалық білім беруді ұйымдастыра отырып, қазіргі кезеңде арнайы білім беру ретінде педагогикалық үрдісті қайта құруды талап етеді. Инклюзивті білім берудегі түрлі мамандардың ынтымақтастығы қажет: мұғалімдер, бала- бақшадағы тәрбиешілер, мұғалім- логопедтер, мұғалім- дефектологтар, педагог-психолог, әлеуметтік- педагог, дәрігер. Инклюзивті білім беру - мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудағы ақпараттық–коммуникациялық технологияларды қолдану: біріншіден - оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден - балалардың танымдық қабілетін ашады, үшіншіден - сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтереді.
Инклюзивті білім беру саласында қазіргі таңда еліміз бірнеше жетістіктерге жетіп отыр, тоқталып кететін болсам, “Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзету көмегін көрсету жайында” Заңын қабылдау арнайы білім беру мекемелерінің жаңа түрлерінің (сауықтыру орталығы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және т.б) пайда болуына себепші болды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытатын білім беру мекемелері олардың сапалы білім алуы үшін ГОСО іске асыру жағдайы жасалды. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында бекітілетін мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру мекемелерінде оқыту бағдарламасының жобасы дайындалды.
Сөзімді қорытындылай келсем, мүмкіндігі шектеулі бір оқушының болса да білім сапасының жоғарылауы, ұлтымыздың саналы келешегіне қазіргі уақыттан бастап жинақталынып жатқан қор деп түсінуіміз қажет. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем! Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Г.Д. Хакимжанова, А.А.Айдарбекова, «Обучение и воспитание детей с особыми образовательными потребностями в условиях массовой школы», Алматы, 2001ж.

  2. Р.А. Сүлейменова, Г.В. Хакимжанова. «Отечественной и зарубежный опыт включения детей с ограниченными возможностями в общеобразовательный процесс. Проблемы и пути решения», Алматы, 2001ж.

  3. «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» ҚР-ның 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңы

  4. «Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар»

  5. И.Г. Елисеева. «Новый подход к созданию образовательных программ в систем специального образования» // Проблемы обучения и воспитания лиц с особыми образовательными потребностями в свете реализации Закона Республики Казакстан «О Социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями».-Алматы, 2005


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет