Баярыстанова э. Т


 Қазіргі мектепті басқарудың ерекшеліктері және негізгі қағидалары



Pdf көрінісі
бет10/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68
2. Қазіргі мектепті басқарудың ерекшеліктері және негізгі қағидалары. 

  Мектепті  басқару  проблемалары  кӛптеген  кӛрнекті  педагог-ғалымдардың 

еңбектерінен  кӛрініс тапқан.  

  Білім беру мекемесін басқару іс-әрекетінің басқа мекемелер немесе ӛнеркәсіп 

орындарындағы  басшылықтың  жұмысынан  едәуір  айырмашылығын  кӛрсете 

отырып,  К.Д.Ушинский  былай  деп  жазған:  «Егер  қаржы  немесе  әкімшілік 

әлемде  олардың    идеяларының  орындаушыларға  ұнайтын-ұнамайтынын 

ескермей,  ұйғарыммен,  жарлықпен  қызмет  етуге  болса,  қоғамдық  тәрбие  беру 

әлемінде  ашық  айтылып,  ашық  қабылданған  пікірден  басқа  идеяны  жүзеге 

асырудан  басқа  амал  жоқ».  Ғалым    мектептегі  қызметтің  әкімшілік, 

оқытушылық,  тәрбиелік  компоненттерін  бӛліп  кӛрсетіп,  мектеп  басшысы  бір 

жағынан  әкім,  бір  жағынан,  педагог  болу  керек  деп  есептейді.    отырып,  оның 

жетекші  (әкім,  бастық)  ретіндегі  тұлғалық  сапаларына  қойылатын  талаптарды 

жан-жақты сипаттаған.   

М.И.Кондаков  «Мектеп  жұмысын  басқару  ӛндірістік  және  қоғамдық  ӛмірдің 

басқа  салаларын  басқарудан  айтарлықтай  ерекше,  себебі  мұнда  күштерді 

орналастыру  мен  үйлестіру,  байланыс  пен  ӛзара  тәуелділік  жүйесін  жүзеге 

асырудан  басқа,  оқу-тәрбие  процесінің  барлық  жақтарына  бағытталаған 

ұйымдастырушылық-педагогикалық  ықпал  жасау  мәселелері  басты  мәнге  ие 

болады,»-дейді. 

 Білім  беру  жүйесін  басқару  теориясының  ӛкілі  В.Я.  Батышев  оқу  орнын 

басқаруды  педагогтар  мен  оқушылар  ұжымының,  сондай-ақ  оның  жекелеген 

мүшелерінің    қызметін  ұйымдастыруға  және  реттеуге,  күш  пен  уақытты, 

құралдарды  дұрыс  пайдалануға  бағытталған  іс-шаралар  жиынтығын  жүзеге 

асыру арқылы оларға мақсатты әсер ету деп анықтайды.  

М.М.Поташник, В.С.Лазарев мектепті басқару – оның қалыптасуы мен дамуын, 

табысты қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған  педагогикалық процестің 

барлық  субъектілерінің  мақсатты  іс-әрекеті  деп  есептейді.  Мектепті  басқару  –  




16 

 

оқу-тәрбие  ісінің  мақсатына  жетуде  және  мектепті  одан  әрі  дамытуда 



оқушылардың, 

мұғалімдердің, 

ата-аналардың 

бірлескен 

іс-әрекетін 

ұйымдастыруға  арналған  басқарушылық  шешімдер  қабылдау  арқылы  жүзеге 

асырылатын ерекше қызмет.   

М.М.Поташник былай дейді: «Басқару – мектептің қалыптасуын, тұрақтануын, 

тиімді  қызмет  етуін  және  дамуын  қамтамасыз  ететін  барлық  субъектілердің 

мақсатты  іс-әрекеті».  Бұл  анықтама  маңызды  екі  нәрсеге  назар  аудартады: 

біріншіден,  кез  келген  басқарудың  мақсаты  іс-әрекет  болып  табылатынына; 

екіншіден, ол басқалардан ӛзінің міндеттерімен ерекшеленетініне. 

  Педагогикалық басқару әлеуметтік мақсатта жүзеге асады, ол адамдардың іс-

әрекетін басқару мен олардың бірігуіне қатысты.  Алайда ол  жалпы әлеуметтік 

басқарудан  ӛзінің  объектілерінмен  (оқушылар,  мектептер,  мектептен  тыс 

мекемелер,  халыққа  білім  беру  мемекелері,  т.б.),  олардың  заңдылықтарымен 

ерекшеленеді.  

  Қазіргі  заман  мектебі  –  күрделі  және  кіріктірілген  жүйе,  ол  оқушылардың, 

оларды оқытып, тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің (директоры, 

оның оқу  және  тәрбие  жұмысы  бойынша  орынбасарлары),  оқу-тәрбиелік  және 

қызмет  кӛрсететін  адамдардың  іс-әрекетінен,  мектеп  алдында  тұрған  жалпы 

міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. 

Сонымен қатар, мектеп дегеніміз – мұғалімдер мен онда қызмет ететін адамдар 

ұжымы, олар білім беру жүйесін мемлекеттік тұрғыдан басқарудың объектілері 

болып  табылады.  Қазіргі  мектепті  ӛзара  байланысы  бар  ішкі  құрылымы  және 

социуммен  белгіленетін  тұтас  әлеуметтік-педагогикалық  жүйе  ретінде 

қарастыру  керек. Ол  ӛзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады: басқарушы 

және  басқарылушы.  Бұл  қазіргі  кез  келген  оқу-білім  беру  мекемесінің  алдына 

ӛмірдің  ӛзі  қойып  отырған  міндеттерді  жүзеге  асыру  бойынша  барлық 

жұмыстың  басты  ұйымдастырушысы  ретіндегі  мектеп  директорының  тікелей 

басқару іс-әрекетінде кӛріну керек.  

  Білім  мекемесін  басқару  жалпы  және  жеке  мәселелерді  қамтиды.  Басқарудың 

жалпы мәселелеріне мекеменің құрылымдық бӛлімшелерін басқару ерекшеліктері, 

басқару  процесінің  сипаты  мен  оқу  орнының  алуан  түрлі  (ішкі  және  сыртқы) 

жағдайларда  қызмет  ету  және  даму  нәтижелерінің  арасындағы  заңды  ӛзара 

қатынастар жатады.     

Білім мекемесін басқарудың жеке мәселелеріне мыналар жатады: 

-  оқу-тәрбие процесі; 

-  мекемені  басқарудың  кадрлық  саясаты  (педагогикалық  және  басқарушы 

кадрларды,  техникалық  персоналды  іріктеу  және  тағайындау,  қызметкерлерді 

аттестациялау,  ӛнімді  еңбекке  ынталандыру,  жағымды  психологиялық  климат 

орнату); 

-  түрлі  инновацияларды  меңгеру  және  оның  білім  мекемесі  дамуына  әсерін 

анықтау (жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау); 

-  оқу  орнының  ӛзге  әлеуметтік-экономикалық  мекемелермен  ӛзара  байланысын 

ұйымдастыру, басқарудың озат тәжірибелерін зерттеу және педагогикалық жүйені 

басқарудың тиімді варианттарын іздестіру. 



17 

 

  Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында, бір жағынан, оның 



тұтастығын сақтауға, екінші жағынан - ондағы жүйе бірліктерінің әрекеттеріне 

ықпал  жасаумен  оларды  ӛзгертіп,  реттеуге  мүмкіндік  беруі  қажет. 

Педагогикалық  жүйенің  ӛзіндік  қызметтері  қоғам  қажетінен  туындаған 

мақсаттардың мезгілінде орындалуына бағытталуы қажет. Мақсаттар мектептің 

педагогикалық  жүйесінің  мазмұнын  айқындайды,  ал  сол  мазмұнның  іске 

асырылуы, ӛз кезегінде кӛптеген, әрқилы әдістер мен формаларды ойластыруды 

керек етеді.  

  Мектептегі  педагогикалық  жүйенің  негізгі  құрылымдық  бірліктерін 

анықтайтын  жағдаяттар  –  педагогикалық  ұжым  және  оның  басшыларының 

қызметтік  іс-әрекеттері  (В.А.Сластенин).  Мектептердің  кӛбі  тӛрт  деңгейлі 

басқару құрылымын қолдануда:  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет