Тақырып 2. Педагогикалық жүйелерді басқарудың мәні және негізгі
қағидалары
1. Педагогикалық жүйелерді басқарудың қоғамдық-мемлекеттік сипаты.
2. Қазіргі мектепті басқарудың ерекшеліктері және негізгі қағидалары.
3. Педагогикалық
менеджмент туралы түсінік, оның мақсаты және
функциялары.
1. Педагогикалық жүйелерді басқарудың қоғамдық-мемлекеттік сипаты.
Жалпы басқару дегендi - шешiм қабылдауға бағытталған, белгiленген
мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған
шынайы ақпарат негiзiнде талдау жасап, нәтижесiнiң қорытындысын шығару
әрекетi деп түсiндiруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық,
әлеуметтiк жүйелер болуы мүмкiн. Әлеуметтiк жүйенiң бiрi ауыл, аудан, облыс,
мемлекет кӛлемiн қамтитын бiлiм беру жүйесi деп бiлемiз.
Білім беру саласын басқару мәселелерін Ю.А.Конаржевский, Т.И.Шамова,
В.П.Симонов, В.А. Сластенин және т.б. ресейлік, сонымен қатар, Н.Д.Хмель,
А.А. Кирхмаер, Муканова С.Д., Мастобаев Ю.А., К.Д.Қарақұлов сияқты
қазақстандық ғалымдар зерттеген.
Кез келген ғылымның міндеті – зерттеліп отырған құбылыстар мен процестерді
толық та терең түсіну үшін олардың заңдылықтарын анықтау. Педагогикалық
жүйелерді басқару ілімі басқару мәселелерін анықтау және шешу процестерін
зерттейді және қандай жағдайларда бұл мәселелерді ұтымды шешуге болатындығы
туралы білім береді.
Білім беру жүйесін басқару мәселелерін зерттеуде оның мынадай деңгейлері
ажыратылады:
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жүзеге
асыратынан мемлекеттік басқару;
- Білім және ғылым Департаменттері жүзеге асыратын аймақтық басқару;
13
- Аудандық (қалалық) білім басқармалары жүзеге асыратын аудандық
(қалалық) басқару;
- Оқу орны деңгейіндегі (ішкі немесе ӛзін-ӛзі) басқару деп ажыратып кӛрсетуге
болады.
Бiлiм беру жүйесiнiң мемлекеттiк сипаты елде «Бiлiм туралы» заң негiзiнде
бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзiлуiмен ерекшеленедi. Заң аясында
Қазақстан Республикасының бiлiм саласына басымдық берiлген, яғни елiмiздiң
әлеуметтiк-экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы жетiстiктерi
бiлiм саласындағы жетiстiктерiмен байланыстырылады. Бiлiм саласының
басымдылығы бiлiм жүйесiнiң материалдық, қаржылық мәселелерiн бiрiншi
кезекте шешудi талап етедi.
Бiлiм беру саласында мемлекеттiк саясатты дәйектi iске асыру үшiн бiлiм
берудi басқарудың мемлекеттiк органдары құрылады. Олар республикалық,
облыстық, қалалық және аудандық басқару мекемелерi. Мемлекеттiк басқару
органдары - бiлiм және ғылым министрлiгi, облыстық бiлiм департаменттерi
ӛздерiнiң компетенциясы шеңберiнде бiлiм берудiң мақсат бағдарламаларын
жасайды және iске асырады; мемлекеттiк бiлiм стандарттарын жасап, бiлiм
туралы құжаттардың баламаларын (постификация) айқындайды; бiлiм мекеме-
лерiн қаржыландырады және т.б. кӛптеген мәселелердi шешедi.
Сонымен, Қазақстан Республикасында білім жүйесі мен білім беру
мекемелерін басқару құрылымы кӛпдеңгейлі иерархиялық принцип негізінде
құрылған. Әрбір деңгейдегі басқару органына оның атқаратын негізгі
функциялары тұрғысынан сипаттама берейік:
Достарыңызбен бөлісу: |