Баярыстанова э. Т



Pdf көрінісі
бет9/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68
Басқару органы 

Негізгі функциялары 

 

ҚР-сы Үкіметі 

Білім  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  анықтайды; 

білімді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламаларын  және 

стратегиялық  жоспарларын  жасайды;  Мемлекеттік 

тапсырыс  пен  білімді  қаржыландыру  құжаттарын 

бекітеді;  Мемлекеттік  білім  беру  органдарын  құрады, 

жояды;  білім  беру  қызметтерін  лицензиялау  ережелерін 

бекітеді, т.б. 

  

Орталық атқарушы орган  



ҚР білім және ғылым министрлігі 

Білім  саласындағы  бірыңғай  мемлекеттік  саясатты 

жүзеге  асырады;  білім  беру  мониторингін  жүргізу 

негізінде  басқару  жүйесін  ақпаратпен  қамтамасыз  етеді; 

білім сапасын басқаруды жүзеге асырады; ҚР білім беру 

қызметтерін  үйлестіреді;  білім  беру  мекемелерін 

лицензиялау, 

аттестаттау 

және 

аккредитациялау 



жұмыстарын  жүргізеді;  ведомстволық  бағынышты 

ұйымдарды 

мемлекеттік 

бюджет 


есебінен 

қаржыландырады;  барлық  білім  салаларының  қызметін 

жоспарлайды және ұйымдастырады, т.б. 

 

Білімді  басқарудың  жергілікті 



органдары 

(білім 


департаменттері, т.б.) 

Тиісті  әкімшілік-аймақтық  бірлік  аумағындағы  білімді 

дамыту  бағдарламаларын  бекітеді;  жергілікті  деңгейдегі 

білім  саласын  жоспарлауды,  ұйымдастыруды  және 




14 

 

үйлестіруді  жүзеге  асырады;  педагог  кадрлардың 



біліктілігін арттыру мәселелерімен айналысады, т.б. 

 

Білім мекемесі (ұйымы) 



Оқу-тәрбие процесін жүзеге асырады, кадрларды іріктеу 

және  қабылдау,  қаржылық-шаруашылық  қызметтерін 

жүзеге асырады. 

Алқалық басқаруды - Ғылыми (Педагогикалық) кеңес, ал 

тікелей  басқаруды  -  басшы  (ректор,  директор)  жүзеге 

асырады.   

 

 

Кесте 1 . ҚР-сында білім жүйесін басқару 



  Білім  беру  жүйесінің  белгілі  бір  ретпен  жасалған  (иерархиялық) 

құрылымының  әрбір  элементінде,  министрлік  болсын,  облыстық,  аудандық 

басқарушы  ұйым  (департаменттер,  білім  беру  бӛлімдері)  немесе  мектептер 

болсын,  бәрінде,  тек  педагогикалық  қана  емес,  басқарудың  ӛзге  де  түрлері 

кездеседі,  мысалы:    әкімшілік,  шаруашылық,  құқықтық.  Басқарудың  барлық 

түрлері білім беру жүйесінің шеңберінде бір-бірімен байланысты, олардың бәрі 

жалпы тәрбиелік және білім беру міндеттерін шешуге бағытталған.  

Сонымен  бiрге  бiлiм  берудi  басқару  сипаты  мынадай  мемлекеттiк  саясат 

принциптерiнің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді: 

- республикадағы мәдени және бiлiм беру кеңiстiгiнiң бiртұтастығы; 

-  бiлiмнiң  жалпыға  бiрдейлiгi,  бiлiм  беру  жүйесiнiң  дайындығы,  даму  деңгейi 

мен ерекшелiктерiне бейiмделгiштiгi; 

- бiлiм жүйесiнiң еркiндiгi мен кӛптүрлiлiгi; 

- бiлiм берудi басқарудың демократиялық, мемлекеттiк қоғамдық сипаты; 

- бiлiм беру мекемелерiнiң дербестiгi. 

Қазiргi  бiлiм  жүйесiнiң  басты  ерекшелiктерiнiң  бiрi  -  мемлекеттiк  басқарудан 

мемлекеттiк-қоғамдық  басқаруға  ӛту.  Бiлiм  берудi  мемлекеттiк-қоғамдық 

басқарудың  негiзгi  идеясы  -  бiлiм  проблемаларын  шешуде  мемлекет  пен 

жұртшылықтың күш-қуатын бiрiктiру, мұғалiмдер, оқушылар мен ата-аналарға 

оқу  процесiнiң  мазмұны  мен  түрiн  ұйымдастыру  әдiстерiн  және  бiлiм  беру 

мекемелерiн таңдауға барынша кең құқық пен еркiндiк беру. 

 Білім  жүйесін  қоғамдық  басқару  органдарының  құрамына  мұғалiмдер  мен 

оқушылар  ұжымы,  ата-аналар  мен  жұртшылық  ӛкiлдерi  кіреді.  Бiлiм  берудi 

басқарудың  қоғамдық  сипатының  нақты  кӛрiнiсi  –  мектеп  кеңесi  сияқты 

ұжымдық басқару органдарының қызметiнен  танылады.  Алқалық орган болып 

табылатын  мектеп  кеңесi    дамудың  негiзгi  бағыттарын,  оқу-тәрбие  процесiнiң 

сапасын  кӛтеру  шараларын  белгiлейдi,  сондай-ақ  оқу  орнының  жұмыс 

бағыттары  бойынша  тұрақты  комиссия,  штаб  құрып,  олардың  құқықтары  мен 

мiндеттерiн, ӛкiлеттiк шегiн белгiлейдi. 

  Бiлiм  берудi  басқарудың  қоғамдық  сипатының  арта  түсуi  мынадай 

жағдайларға байланысты: 

-  білім беру жүйесіндегі реформалар; 

-  білім  беру  жүйесін  басқарудағы  демократия  және  орталықтандырылған 

режимнен «шығу»; 




15 

 

-  білім  мекемесінің  оқу-тәрбие  жұмыстары  мен  шаруашылық  мәселелерді 



ӛздігінен шешу мүмкіндігі; 

-  білім  беру  саласында  нарықтық  қатынастардың  кеңейюі  және  басқарудың 

экономикалық әдістерінің күшеюі, т.б. 

  Білім  беру  саласындағы  реформа  нәтижесінде  оқу  орындарының  бірсарынды 

жүйесі  бұзылып,  білім  беру  мазмұнын  жекелеу  (дифференциация)  және  оны 

әртүрлі  деңгейде  оқыту  қажеттілігі  пайда  болды.  Оқу  орындарының  әртүрлі 

формалары  мен  түрлері  ажыратылып,  олардың  оқу  жоспары,  бағдарламалары, 

оқытылатын пәндер жиынтығы, жұмыс тәртібі, т.б. ӛзара ерекшеленді.   

 Осыған  орай,  білім  мекемелерін  басқару  туралы  қалыптасқан  дәстүрлі  түсінік 

(басқару  субъектісінің  басқарылатын  жүйені  (объектіні)  жаңа  сапалы  дәрежеге 

кӛшіруге  әсер  етуі)  ӛзгеріп,  «әсер  ету»  философиясы  «ӛзара  әсер  ету», 

«әрекеттестік»,  «рефлексивті  басқару»  философиясымен  ауысып  отыр.  Бұл 

жағдай  білім  мекемесін  басқарудың  қазіргі  менеджмент  теориясымен 

айтайлықтай толықтырылып отырғанын аңғартады.  

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет