Баярыстанова э. Т


    Тақырып 1. Менеджменттің теориялық негіздері



Pdf көрінісі
бет3/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері

 


 

Тақырып 1. Менеджменттің теориялық негіздері  

1. Менеджмент ұғымы, оның қалыптасу және даму  тарихы 

2. Менеджменттің әдіснамалық негіздері 

3. Қазіргі менеджменттің даму тенденциялары   

 

1. Менеджмент ұғымы, оның қалыптасу және даму  тарихы 

  Экономиканың  нарықтық  қатынастарға  ӛтуге  байланысты  біздің  сӛздік 

қорымызға  «менеджмент»,  «менеджер»  ұғымдары  тез  енді.  Менеджмент  сӛзін 

қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы ӛз мақсатына жету» 

болып табылады. Алайда сӛзбе-сӛз аудару сӛздің түпкі тӛркінін әрқашан да дәл 

бере  бермейді.  Күнделікті  тұрмыста  менеджмент  сӛзі  белгілі  бір  ұйымдағы 

барлық  адамдардың  қызметіне  басшылық  етумен  шұғылданып,  ӛз  мақсатына 

жетуді білдіреді. 

  Ағылшын  сӛзі  «менеджменттің»  түп-тӛркіні  гректің  «ману»,  яғни  «қол, 

күш»  деген  сӛзінен  шығып,  алғашқы  кезде  мал  бағу  саласында,  дәлірек 

айтқанда,  ат  тізгінін  ұстау,  меңгеру  шеберлігін  білдірген.  Кейіннен  бұл  атақ 

адам  қызметінің  саласына  ауысып,  адамдарды  басқарудың  және  олардың 

жұмысын ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болады.  

  Ағылшын  тіліндегі  Оксфордт  сӛздігінде  бұл  ұғымға  мынадай  түсінік 

беріледі: 

-  адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі; 

-  билік және басқару ӛнері; 

-  шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды; 

-  басқару органы, әкімшілік бӛлігі. 

  «Менеджмент 

негіздері» 

курсы 

бойынша 


студенттерге 

арналған 

американдық  оқулықта  тӛмендегідей  анықтама  берілген:  «Менеджмент  –  бұл 

ұйым  мақсаттарына  жету  үшін  адамның  материалдық  және  қаржылық 

ресурстарды ұтымды пайдалану процесі». 

  Біздің  сӛздік  қорымызға  енген  «менеджмент»  термині  «басқару»  сӛзін 

алмастырып отырғандай. Алайда бұл терминдер синоним болғанымен,  олардың 

арасында  толық  сәйкестік  жоқ:  «басқару»  ұғымы    адамның  алуан  түрлі  іс-

әрекеттеріне (мысалы, автомобильді басқару), түрлі қызмет салаларына (мемлекетті 

басқару),  басқару  органдарына  (ұйымдық  бӛлімшелерді  басқару)  қатысты 

қолданылатындықтан,  оның  мағынасы  «менеджментке»  қарағанда  анағұрлым 

кеңірек.    

  Жалпы, басқару дегенді – шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа 

сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат 

негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті  деп түсіндіруге 

болады  


  Басқару  адамдардың  саналы  іс-әрекетімен  бірге  пайда  болды.  Оны  жетілдіруге 

мыңдаған жылдар бойы қажырлы еңбек, озық ақыл-ой жетістіктері жұмсалды. 

Осыдан  4  мың  жылдай  бұрын  жазылған  кӛне  египеттіктер  (мысырлықтар) 

кітабында  қазіргі  басқарушылар  үшін  де  маңызын  жоғалтпаған    мынадай  ойлар 

айтылады: «Егер сен басшы болсаң, байсалды бол.. Ӛтініш айта келген адам саған 



 

ойындағысын  айтып  біткенше  сӛзін  бӛлме.  Бақытсыздыққа  тап  болған  адам,  ӛз 



мәселесін дұрыс шешкеннен гӛрі, ақтарыла сӛйлеп, іштегі шерін тарқатқанды жӛн 

санайды». 

  Еңбекті  басқару  проблемасына  кӛне  гректер  де  кӛңіл  бӛлді.  Платон  еңбек 

бӛлінісінің, жұмыс түріне қарай мамандандырудың қажеттілігі туралы пікір айтты. 

Сократ  басқаруды  (мемлекетті,  еңбекті,  сауданы,  әскерді)  іс-әрекеттің  ерекше 

саласы  ретінде  қарастырып,  ол  да  осындай  пікірді  –  қажетті  адамды  ӛз  орнына 

қоюды, сӛйтіп одан берілген тапсырманың орындалуын талап етуді, - қоштайды. 

Сонымен , басқару ісінің  тарихы даму жолын былайша сипаттауға болады: 

1. Басқарудағы тӛңкеріс (революция) 

Басқару  ісіндегі  тӛңкеріс    ақпарат  алмасу  құралы  ретіндегі  тілдің  пайда  болуына 

байланысты: тіл нені және қалай істеу қажеттігін түсіндіруге мүмкіндік беру арқылы 

ортақ іс-әрекеттегі ӛзара ынтымақтастық пен басқарудың тиімділігін бекітті. 

2. Бірінші кезең – бастапқы (б.д.д. 9-7 жылдардан бастап орта ғасырларға дейін) 

Басқарушылық  ой-пікірлердің  қалыптасуы  (Сократ,  Платон,  Макиовели,  т.б.). 

Бірлескен еңбекті  реттеу  мен  ұйымдастырудың  қарапайым формалары.  Басқаруды 

қауым мүшелері бірлесіп жүзеге асырды. Кӛсемдер мен ақсақалдар барлық іс-әрекет  

түрлерін басқарудың  бастамасы болды.  

  Бұл кезеңдегі негізгі қағидалар – мемлекеттік басқару формаларын жіктеу; оның 

органдарының қызмет бағыттырын ажырату; мемлекеттік шаруашылықты басқару 

тәжірибесін жинақтау; басқару ісіне ерекше қызмет саласы ретінде сипаттама беру. 

Бастапқы кезеңнің қазіргі менеджментте қолданылып отырған негізгі идеясы -  бір 

қолдан басқарушылық принципі және ӛкілеттіліктерді орталықтандыру. 

3. Екінші кезең – индустриалдық (1776-1885 жж.) 

Негізгі қағидалар – еңбек бӛлінісі және соның нәтижесінде ұйым мен қоғамның ие 

болатын  экономикалық  басымдылықтарының  сипаттамасы;  ӛндірісті  басқаруды 

гуманизациялау  идеясы;  қызметкерлердің  тұрмысы  мен  жұмыс  жағдайларын 

жақсарту  және  оларды  оқыту  қажеттігін  қолдау;  қазіргі  сандық  есептеу 

техникасының бастапқы образы – «аналитикалық машина» жобасының жасалуы. 

Индустриалдық  кезеңнің  қазіргі  менеджментте  қолданылып  отырған  негізгі 

идеялары:  түрлі  салалардағы  еңбек  бӛлінісі,  жедел  басқарушылық  шешім 

қабылдауда техниканы пайдалану.  

4. Үшінші кезең – менеджменттің жүйеленуі (1885-1950жж.) 

Менеджмент мектептерінің құрылуы: 

- ғылыми басқару мектебі (басқаруда ғылыми талдауды пайдалану); 

-  классикалық  немесе  әкімшілік  мектебі  (басқарудың  функциялары  мен 

принциптерін сипаттау негізінде оны жүйелеу); 

-  адамгершілік  қарым-қатынастар  мектебі  (басқаруда  тұлғааралық  қатынастарды 

ескеру); 

-  бихевиористік  немесе  мінез-құлық  мектебі  (ӛзара  әрекеттесу,  бедел  мен  билік 

сипаты мәселелерін қарастыру. 

5. Менеджменттің сапалық  дамуы 



 

  Еңбек  ӛнімділігінің  жоғары деңгейіне  қол  жеткізудің  тиімді  жолдарын  іздестіру 



нәтижесіндегі  менеджменттің  ғылыми  пән  ретінде  пайда  болуы.  1885-1920жж. 

ғылыми басқару немесе сандық ықпал мектебінің құрылуы және қарқынды дамуы. 

  Негізгі  қағидалар  –  мәселелерді  шешудің  ең  ұтымды  тәсілдерін  анықтау  үшін 

ғылыми  талдауды  қолдану;  міндеттердің  нәтижелі  орындалуын  қамтамасыз ететін 

ресурстармен қамтамасыз ету, қызметкерлерді оқыту; қызметкерлерді ынталандыру 

қажеттігін қолдау. 

  Ғылыми  басқару  мектебінің  қазіргі  менеджментте  қолданылып  отырған  негізгі 

идеялары: менеджментке және оның принциптеріне ғылыми кӛзқарас; орындалған 

жұмыс  тәсілдерін  талдау;  қызметкерлерді  материалдық  ынталандыру;  еңбекке 

келісімді ақы тӛлеу. 

6. Тӛртінші кезең – ақпараттық (1950 ж.бастап қазіргі кезге дейін) 

Басқару ісіндегі жаңа бағыттардың пайда болуы: шешім қабылдау теориясы, сандық 

бағыт, жүйелік, жағдаяттық, құзыреттілік қатынастар. 

        7. Менеджмент  (ХХ ғасырдың бірінші жартысы) 

Басқару генезисі негізінде менеджменттің пайда болуы. 

Негізгі  қағидалар  –  нарықтық  экономика  ерекшеліктеріне  бейімделу;  ғылыми-

техникалық ӛрлеудегі адамның ролін кӛрсету. 

«Менеджмент» терминімен аталатын жаңаша басқару типінің ӛзгешеліктері: 

- экономикалық басқару басымдылығы; 

- ынталандыру әдістерін жиі және нәтижелі қолдану; 

- тұтынушыға зор кӛңіл бӛлу; 

- әлеуметтік-психологиялық әсер ету тетіктерін пайдалану; 

- басқару қызметін кәсібилендіру. 

Сонымен,  қазіргі  кезде  әлеуметтік  саладағы  басқару  ісін,  әсіресе,  ұйымдарды, 

олардың  құрылымдық  бӛлімдерін  басқаруды  менеджмент  деп  атайды.    Бұл 

жағдайды «басқару генезисі» деп түсіндіруге болады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет