Баярыстанова э. Т



Pdf көрінісі
бет4/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері

Генезис  -    белгілі  бір  құбылыстың  ерекше  сапалық  белгілері  және  даму 

потенциялы бар неғұрлым жетілдірілген басқа құбылысқа айналуы. 

  Менеджмент сӛзінің жалпы  түсінігі  – басшының алдына  қойған мақсаттарға 

қол  жеткізуде    басқа  адамдардың  еңбектерін,  қабілеттерін  жұмылдыра  білуі. 

Бұл жӛнінде басқару ісіндегі классикалық мектептің негізін қалаушы Анри Файоль 

былай  деген:  басқару  дегеніміз  –  қолда  бар  барлық  ресурстардың  мүмкіндіктерін 

пайдалана отырып, кәсіпорынды оның мақсатына жетелеу.  

  Менеджмент  –  кәсіпорынның  (ұйымның)  алдында  тұрған  мақсаттарға 

максималды тиімділікпен қол жеткізу үшін капитал, ғимарат, материалдар мен 

еңбек  сияқты  ресурстарды  нәтижелі  пайдалану  және  реттеу.  («Менеджмент 

жӛніндегі халықаралық анықтамалық» Англия)  

  Сонымен,  менеджмент  –  қолда  бар  ресурстарды  ұтымды  қолдану  арқылы 

ұйымның  мақсаттарын  қалыптастырып,  оған  қол  жеткізуді  қамтамасыз 

етуге бағытталған білімдер мен кәсіби қызметтің саласы. 

Менеджмент тӛмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады: 




 

-  кәсіпорын жұмысын жоспарлау және болжау, яғни басқару стратегиясын, іс-



әрекет  бағдарламасын  жасау,  қаржыландыру  кӛздерін  іздестіру,  шешімдердің 

орындалу мерзімдерін анықтау, т.б. 

-  барлық 

қызметкерлердің  ӛздеріне  тиісті  жұмыстарын  орындауын 



ұйымдастыру, яғни кәсіпорын жұмысын мақсатты бағыттау; 

-  ынталандыру  (себептендіру)  қызметкерлердің    неғұрлым  нәтижелі  еңбек  етуін 

қамтамасыз ететін жағдайлар жасау;  

-  реттеу немесе үйлестіру – жоспарды нақтылау, нақты жағдайларға байланысты 

іс-әрекет түрлерін ӛзгерту, т.б.; 

-  бақылау барлық қызметкерлер жұмысының нәтижелерін анықтау.   



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет