Баярыстанова э. Т


 Қазіргі менеджменттің даму тенденциялары



Pdf көрінісі
бет6/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
3. Қазіргі менеджменттің даму тенденциялары 

  Менеджмент  қажеттілігі    бизнестің  барлық  түрлерімен  қатар,  адам 

қызметінің  кез  келген  түрін  де  қамтиды.    Ұйым  ерекшеліктеріне  байланысты 

ықпал  жасау  объектілері  әр  түрлі  болғанымен,  барлық  менеджерлер  бірдей 

ресурстармен  әрекет  етеді.  Мұндай  ресурстарға  кадрлар,  қаржы,  шикізат 

ресурстарын және еңбек құралдарын жатқызуға болады.  

  Менеджмент  ұйымның  ішкі  «ӛміріне»  және  оның    қоршаған  ортамен 

әрекеттестігіне  қатысты  орын  алатын  түрлі  процестерді  қамтитын  күрделі 

құбылыс. Сондықтан  аталған процестерге қатысты қолданылуына байланысты  

менеджмент әр қырынан қарастырылуы мүмкін: 

-  басқаруды  ұйымның  қоршаған  ортамен  ӛзара  әрекеттестігі  тұрғысынан 

қарастыру;  

-  басқаруды ұйым ішіндегі процестерге қатысты қарастыру. 

  Сыртқы  ортамен  байланыспайтын,  әрекеттеспейтін  ұйым  болмайды.  Кез 

келген  ұйым,  бір  жағынан,  сыртқы  ортадан  ӛзінің  тіршілігіне  қажетті 

ресурстарды  алады,  екінші  жағынан,  ӛз  ӛнімдерін  сыртқа  шығарады.  Бұл 

байланыс үзілген жағдайда, ұйым да жойылады.  

Ұйыммен  үнемі  ӛзара  әрекеттесіп,  оның  жұмысына  әсер  ететін  сыртқы 

факторлар  екі  топқа  бӛлінеді:  тікелей  әсер  ететін  және  жанама  әсер  ететін 

факторлар.  

 Тікелей әсер ететін орта факторларына мыналарды жатқызуға болады: 




10 

 

1.  Ӛнім  берушілер.  Жүйелілік  қатынас  тұрғысынан,  ұйым  –  кірістердің 



шығыстарға  айналу  механизмі.  Кірістердің  негізгі  түрлері  –  материалдар, 

жабдықтар, жұмыс күші.   

2.  Кәсіподақтар.  Кәсіподақтар  ұйымның  ішкі  мәселелерін  шешуде  сыртқы 

факторларды  есепке  алу  қажеттігін  кӛрсететін  фактор.  Кәсіподақтармен  шарт 

жасаса отырып, ұйым, басқаша айтқанда, жұмыс күшін берушімен келіседі. 

3.  Заңдар  және  мемлекеттік  органдар.  Әрбір  ұйым  мемлекет  тарапынан 

қабылданған  заңдарға,  сондай-ақ  мемлекеттік  реттеу  органдарының 

талаптарына бағынуға тиісті.  

4.  Тұтынушылар.  Питер  Ф.Друкердің  ойынша,  бизнестің  (сондай-ақ  ӛзге  де 

қызметтің) жалғыз да шынайы мақсаты – тұтынушыны «қалыптастыру». Мұны 

былай  түсінуге  болады:  ұйымның  болу/болмауы  оның  ӛз  қызметінің 

тұтынушысын тауып, соның қажеттіліктері мен сұранысын ӛтеуге байланысты. 

Тұтынушылар  ӛздеріне  қажетті  тауарлар  мен  қызметтерді,  олардың  бағасын 

білдіре  отырып,  ұйымдардың  қызмет  нәтижелеріне  байланысты  барлық 

мәселелерді анықтайды.   

5.  Бәсекелестер.  Кез  келген  ұйым  басшылығы  тұтынушының  сұраныстарын 

мезгілінде  және  жоғары  деңгейде    қанағаттандыру  қажеттігін  есте  сақтауы 

қажет, басқаша болған жағдайда, ұйым ӛз жұмысын ұзақ жалғастыра алмайды.  

Жанама  әсер  ететін  факторлар  ұйым  жұмысына  тікелей  әсер  етпегенімен, 

басшылардың оларды ескеруі қажет. Оларға жататындар: 

1.  Технология.  Технологиялық  инновациялар  ұйым  жұмысының  нәтижелігіне 

кӛп әсер етеді. 

2. Әлемдік экономикалық жағдай. Экономикалық жағдайдағы ӛзгерістер кейбір 

ұйымдар жұмысына жағымды ықпал жасаса, енді біріне, керісінше, теріс әсерін 

тигізеді. 

3.  Әлеуметтік-мәдени  факторлар.  Әрбір  ұйым  белгілі  бір  әлеуметтік-мәдени 

ортада  ӛмір  сүреді.  Сондықтан  оның  қызметіне  сол  ортада,  яғни  қоғамда 

қалыптасқан құндылықтар мен дәстүрлер әсер етеді.   

4.  Саяси  факторлар.  Саяси  жағдайдың  кейбір  аспектілері  мекеме  басшылары 

үшін  аса  маңызды.  Олардың  бірі  -  әкімшілік  және  заң  органдарының  тиісті 

қызмет түрлеріне қатысты «кӛңіл-күйі». Мұндай қатынастар әлеуметтік-мәдени 

тенденциялармен бірлесе отырып,  салық салу, тұтынушыларды қорғау туралы 

заң  шығару,  стандарттар  жасау,  жалақы  мӛлшерлеу,  жеңілдіктер  белгілеу 

сияқты  үкімет  әрекеттеріне  ықпал  етеді.  Сонымен  қатар,  кез  келген  ұйым 

жұмысы үшін елдегі саяси тұрақтылық аса маңызды.    

5. Халықаралық жағдайлар. Менеджмент үшін әр елдің ӛзіндік ерекшеліктерін 

ескерумен  қатар,  ұйым  жұмысын  ӛзге  де  мемлекеттер  станданттарына 

сәйкестендіру, бейімдеу маңызды проблемалардың бірі.   

  Басқару процесінде жүзеге асырылатын ішкі әрекеттер мен функциялар ұйым 

типіне  (іскерлік,  әкімшілік,  қоғамдық,  білім  беру,  әскери  және  т.б.),  оның 

қызмет  саласына  (тауар  шығау,  қызмет  кӛрсету)  және  басқа  да  кӛптеген 

факторларға  байланысты.  Бірақ  қандай  да  бір  ерекшеліктерге  қарамастан,  кез 

келген басқарушылық қызмет мынадай белгілермен сипатталады:  



11 

 

-  басқару  үш  түрлі  қызмет  түрінен  -  ұйымдық-әкімшілік  және  тәрбиелік, 



аналитикалық және құрастырушылық, ақпараттық-техникалық, - тұратын ақыл-

ой еңбегі; 

-  қызметтер 

кӛрсетуге  және    материалдық  игіліктер  жасауға  ӛзге 

қызметкерлердің еңбегін қолдану арқылы қатысады; 

-  еңбек пәні – ақпарат; 

-  еңбек құралы – ұйымдастырушылық және есептеуіш техника; 

-  еңбек нәтижесі – басқарушылық шешім; 

-  негізгі функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау. 

Сонымен,  басқарудың  ұйымдағы  ролі  былайша  анықталады:  нәтижені  алдын 

ала  болжау,  ұйым  жұмысын    дұрыс  ұйымдастыру,  реттеу  және  жан-жақты 

бақылау.  Бүгінгі  күні  бұл  тізім  толықтырылып,  мынадай  логикалық  әрекеттер 

жүйесі  түрінде  ресімделуі  мүмкін:  мақсат  болжау,  яғни  ұйымдың  келешектегі 

жағдайын  анықтау;  стратегия  құру,  яғни  мақсатқа  жетудің  тиімді    тәсілдерін 

айқындау; жұмысты  жоспарлау  –  нақты  орындаушының  міндеттерін белгілеу; 

жұмысты  жобалау  –  орындаушылардың  функцияларын  анықтау;  қызметті 

ынталандыру  –  қызметкерлерге  мақсатты  ықпал  жасау;  жұмысты  реттеу  – 

орындаушылардың әрекеттерін үйлестіру; жұмысты есепке алу және бағалау  – 

нәтижені мақсатпен салыстыру; кері байланыс – мақсаттарға түзетулер енгізу. 

  Басқару  ісінің жаңа парадигмасы үшін мынадай жағдайлар аса маңызды: 

1. Ұйым  –  бұл  ішкі  және  сыртқы  орта  факторларының  бірлігінде 

қарастырылатын ашық жүйе. 

2. Ӛнім 

мен  қызметтің  кӛлеміне  емес,  сапасына,  тұтынушыларды 

қанағаттандыруға бағдарлану. 

3.  Басқаруға  ситуациялық  (жағдаяттық)  кӛзқарас,  сыртқы  орта  жағдайларына 

жылдам  бейімделуді  қамтамасыз  ететін  жедел  және  сәйкес  әрекеттер 

басымдылығы. 

4.  Ұйым табыстылығының негізі кӛзі – қызметкерлердің білімі мен іскерліктері 

және оларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін еңбек жағдайлары. 

5. Ұйымдық  мәдениет  пен  жаңашылдықтың  ролін  арттыруға,  қызметкерлерді 

ынталандыруға  бағыттылған басқару жүйесі.    

Осындай 

жағдайларға 

байланысты 

қазіргі 


менеджменттің 

даму 


тенденцияларын былайша анықтауға болады: 

-  басқаруды  кәсібилендіру  –  менеджерлерді  кәсіби  даярлауды,  оларға  тиісті 

білім беруді қамтамасыз ету; 

-  инновациялық  (жаңашыл)  потенциал  –  басқарудың  жаңа  формалары  мен 

әдістерін  іздестіру;  әлеуметтік-экономикалық  жағдайды  зерттеу  (монитонинг); 

басқару  жүйесін  ӛзгерген  жағдайларға  бейімдеу  және  креативтік  менеджмент 

жүйесін құру; 

-  сапаға  бағдарлану  –  сапаны  басқару  жүйесін  құру,  сондай-ақ  басқарудың 

сапасын арттыру; 

-  диверсификация  –  басқару  жүйесінің  түрлі  формалары  мен  типтерін,  оның 

тетіктері мен технологияларын үйлестіру. 

 



12 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет