«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Баға белгілеу, психологиялық факторларды ескеру негізінде



бет112/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   130
Баға белгілеу, психологиялық факторларды ескеру негізінде - тұтынушының өнімді қабылдауына өнім бағасының әсер ету мәселелерін есепке алу арқылы баға белгілеу тәсілі. Бұл тәсілдің бірнеше шегі бар: а) өнімнің ерекшелігін, айрықша екендігін сендіру мақсатында халық тұтынатын тауарларға ең жоғарғы баға белгілеу.
б) қалың бұқара тұтынатын технологиялық жағынан күрделі тауарлардың сапасы жоғары екендігіне және өнімнің мінсіз жұмыс істейтіндігіне сендіру мақсатында жоғарғы деңгейдегі баға белгілеу. Бұл, тұтынушылар, сауда маркаларымен нарық өнімдерінің сапасын жетік білмеген жағдайда, сатып алу шешіміне әсер етеді. Аталған жағдайда, баға тұтынушылар үшін – сапа индикаторы болып саналады.
в) жиі сатып алынатын және таныс өнімдерге салыстырмалы төмен баға деңгейін белгілеу, бұл аздаған ақшаға жарамды тауар сатып алу әсерін туғызады.


Баға белгілеу моделі –бағаны қалыптастыру механизімін көрсететін модель.


Баға бойы – тауарлардың сапасына және олардың тұтыну қасиеттеріне, бәсекелестердің баға деңгейіне, нарық жағдаятына, кеден төлемдеріне, акциз, төлемдер, сұраныс пен ұсынысқа байланысты тауарларды белгілі бір диапазонда бойға түзу.


Баға масштабы – 1. жалпыға бірдей эквиваленттің кейбір өлшемдері арқылы тауар бағасын белгілеуге мүмкіндік беретін ақшаның техникалық функциясы, соның ішінде мемлекетте ақша өлшемі ретінде алынған алтын мен күмістің мөлшері және оның еселі бөліктері; 2. белгілі бір елде ақша өлшемі ретінде қабылданған алтын мен күмістің мөлшері және оның еселі бөліктері.


Баға белгілеу мақсаттары – баға белгілеу арқылы шешілетін мәселелер; өзіне меншікті өнімдеріне баға белгілеуде кәсіпорынның жалпы және жеке мақсаттарын ескеру.


Баға белгілеу әдісін таңдау - өткізуді ынталандыру, саудадан түсетін ақшалай түсімді арттыру әлде бұрынғы қалпында сақтап қалу, қосымша шығындарды және факторларды есепке алу мақсатында өткізілетін өнімге әлде қызметке баға қалыптастыру әдісін таңдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет