«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Баға зонасы – баға қатарына енетін орташа топтық баға аумағында бағаның ауытқуының тар диапазоны. Баға индексі



бет114/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   130
Баға зонасы – баға қатарына енетін орташа топтық баға аумағында бағаның ауытқуының тар диапазоны.


Баға индексі – уақыт бойынша әлде территориялық тұрғыда тауарлардың орташа деңгейінің салыстырмалы өзгерісін сипаттайтын көрсеткіш.


Баға категориясы – баға топтары, разрядтары (мысалы, бөлшек сауда,сатып алу, көтерме сауда, өткізу).


Баға кемсітуі – ұқсас тауарларды тұтынушыларға әр түрлі бағалармен сату тәжірибесі.


«Бағаның көтерілуі» - бағаның қысқа мерзімдік көтерілуі.


Баға қатары – белгілі – бір нарықта әрекет ететін бір немесе барлық фирмалардың бірдей модификациялы тауарларына әлде әр түрлі модельдерге бір мезгілдегі бағалардың ара қатынасы.
Бағаның өлшем бірлігі – бағаны өлшейтін шама; ол тауардың өзгешелігіне байланысты және аталған тауарды әлемдік нарықта сатуда қалыптасқан тәжірибеге байланысты болады. Келісімшарттағы баға: тауардың белгілі сандық өлшеміне, аталған тауар саудасында қолданылатын өлшем бірлігінде (салмақ, ұзындық, аудан, көлем, дана, комплект және т.б. әлде есептік өлшемдер – жүздік, дюжина); тауардағы негізгі заттың базистік мөлшеріне сүйену негізіндегі салмақ өлшемі (руда, концентрат, және т.б.); заттай салмағынан ауытқуға байланысты, бөтен қоспалардың болуына және ылғалдылығына байланысты салмақ өлшемі. Сапасы және ассортименті әр түрлі тауарлар жеткізілімінде баға әрбір түрге, сортқа, маркаға жеке - жеке белгіленеді. Егер бір келісімшарт бойынша сапалық сипаттамасы әр түрлі саны көп тауарлар жеткізілетін болса, олардың бағасы, тәртіп бойынша келісімшарттың ажыратылмайтын бөлігі, (жасап шығарылған затты сипаттайтын құжат) спецификацияда көрсетіледі. Жабдықтар жинақталымы жеткізілімінде, баға негізінен жабдық жайғасымының (позиция) әрбір ішінара жеткізіліміне әлде жекелеген жинақталым бөліктеріне белгіленеді және келісімшарттың қосымша бөлігінде көрсетіледі. Егер, бағаның негізі ретінде салмақ өлшемі алынатын болса , салмақтың (брутто, нетто) сипатын анықтап алу қажет әлде бағаға ыдыс және орама құны енетіндігі туралы ескертпеде көрсетіледі. Бұл, сілтеме баға тауардың бір данасына, жинақталымға белгіленгенде де қажет болып табылады.


Баға құрылымы – 1. ақшалай формадағы бөлек, жекелеген дербес элементтердің бар болуымен сипатталатын, баға құрамы. Көптеген баға түрлері құрамына келесі элементтер енеді: өзіндік құн және пайда. Өнеркәсіптің көтерме сауда бағасына, өзіндік құн мен пайдадан басқа, өткізім шегерімі(үстеме бағасы) енеді. Ол жабдықтау-өткізу ұйымдарының шығындары мен пайдасынан қалыптасады. Бөлшек сауда бағасында Б.қ. аталған элементтерден басқа қосылған құн салығы, сауда үстемесі(шегерімі) секілді элементтермен толықтырылады. 2. заңнама актілері негізінде әлде өз бетімен қалыптасатын және баға құрамына енетін әр түрлі элементтердің үлес салмағы. Б.қ. шешімді дәрежеде баға түріне тәуелді болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет