«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Индекс. Көтерме сауда бағасы индексі



бет118/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   130
Индекс. Көтерме сауда бағасы индексі– 2 – 3 айдағы тұтыну бағалары қозғалысын болжау үшін қолданылатын көрсеткіш.


Индекс. Өмір құны индексі – халықтың белгілі бір категориясы тұтынатын топқа кіретін белгіленген тауарлар мен қызметтер жиынтығы үшін есептелінетін баға және тариф көрсеткіші.


Калькуляция – 1. бұйымның бір өлшемін әлде бұйым тобы өлшеміне, әлде өндірістің жекелеген түрлеріне өндіріс шығындарын құндық (ақшалай) формада анықтау. К. объектінің әлде бұйымның нақты әлде жоспарлы өзіндік құнын анықтауға мүмкіндік береді, және оларды бағалаудың негізі болып саналады. 2. тауардың мүмкін болатын ең төменгі баға деңгейін, сонымен қатар тауарлы өнімнің бір өлшеміне есептелінген өндірістің пайдалылық (залалдылық) деңгейін анықтайды; 3. кесте формасында берілген шығындар есебі, бұйымды әлде бұйым партиясын өндіру және өткізу шығындары, сонымен бірге жұмыстар мен қызметті ақшалай сипатта жүзеге асыру. Нормативтік , есепті, жоспарлы К бөлінеді. Нормативтік К. өндірістік құрал-жабдықтарды және жұмыс уақытын пайдаланудың іс жүзіндегі технологиялық нормаларына сай қалыптасады. Есепті К. өндірістік шығындарды бухгалтерлік есепке алу деректері негізінде жасалынады. Жоспарлы К. кезекті жоспарлы кезеңдегі (жыл, квартал) орташа өзіндік құнды анықтайды және ол жұмыс уақыты шығындарының, материалдардың, электр энергиясының және басқалай шығындардың прогрессивті нормасына негізделген көтерме сауда бағаларын белгілеуде пайдаланылады.


Калькуляция, есепті - өнімнің, жұмыс және қызметтерді сатып алу, өндіру әлде өткізудің нақты өзіндік құнының құрамы және құрылымы және шамасы туралы ақпарат көрсетілген калькуляция.(жоспарлы нормативтік деректермен салыстыру негізінде). Сонымен бірге үнем әлде артық шығындар анықталады.


Калькуляция, жоспарлы – жоспарлы кезеңнің басында, осы кезеңге жоспарланған көрсеткіштер негізінде, өзіндік құн бойынша жоспарлы тапсырмаларды анықтау мақсатында құрастырылатын калькуляция.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет