«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Жақсартылған жерлердің нақты жасы



бет117/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   130
Жақсартылған жерлердің нақты жасы – жақсартылған жерлерді пайдалану басталғаннан бағалау күніне дейінгі кезең;


Жарияланатын баға – арнайы әлде фирманың ақпарат көзінде жарияланатын баға. Жарияланатын бағаларға: анықтамалық және прейскуранттық бағалар, биржа бағамы, аукцион, саудаласу бағалары жатады.


Жәрдем қаржы (субвенция) бағасы, қаражаттандырылған (субсидия) баға – тауар өндірушілерге мемлекеттік жәрдем (қаражат) берілуіне байланысты, өзіндік құннан төмен немесе өзіндік құнға тең баға. Жәрдем қаржы бағасы жекелеген өнім түрлерінің өндірісін қолдап дем беру үшін, ұлттық өндірістің бәсекелестігін арттыру және ұлттық өнімнің экспортын ұлғайтуға көмектесу үшін қолданылады.


Жетекші, баға бойынша – нақты тауар нарығында жетекшілік позицияға ие фирма, сондықтан ол аталған тауарға қатысты баға саясатын анықтайды.


Жер бағасы – ақша капиталына айналдырылған жер рентасы; оның шамасы рента шамасына тікелей байланысты және пайыз нормасына кері байланыста; жер меншігі нарығында, оған деген сұраныс пен ұсынысқа байланысты анықталады


Залалсыздық бағасы - өндірістік шығындарға тең баға, яғни өндірістік фирманың шығындарын өтеу мүмкіндігі бар тауар бағасы.


Икемді баға – сұраныс пен ұсыныс арақатынасының өзгерісін тез сезінетін баға, яғни сұраныс ұсыныстан артып кеткенде көтерілетін, және ұсыныс сұраныстан артып кеткенде төмендейтін баға. Іс жүзінде, сұраныс әлде ұсыныс шамасының баға өзгерісіне сезімталдығының интенсивтілігін сипаттайтын, сұраныстың баға жөнінен икемділігі немесе ұсыныстың баға жөнінен икемділігі анықталады. Сұраныстың (ұсыныстың) баға жөнінен икемділік коэффициенті, сұраныс (ұсыныстың) пайыздық есеппен алынған өзгеру деңгейінің бағаның пайыздық өзгеру шамасына қатынасы арқылы есептелінеді. Егер, аталған коэффициент бірден артық болса сұраныс икемді, егер бірден кем болса сұраныс икемсіз.


Индекс. Бөлшек сауда бағалары индексі - тұтыну нарығындағы бөлшек сауда бағалары өзгерісінің ай сайынғы көрсеткіші.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет