«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Үстеме. Бағаға жабдықтау- өткізетін ұйымдар үстемесі



бет128/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130
Үстеме. Бағаға жабдықтау- өткізетін ұйымдар үстемесі – сауданы делдалдар (жабдықтау - өткізетін ұйымдар) арқылы жасағанда айналым шығындарын және ҚҚС есепке ала отырып, бағаға жасалынатын үстеме.


Үстеме. Сауда үстемесі – 1. тауарды өткізу бағасына (сатып алу бағасына) үстеме баға; 2. Сауда, дайындау-өткізу ұйымдары мен кәсіпорындарында айналым шығындарын өтеу үшін және олардың пайдасын түзу үшін қалдырылатын тауардың бөлшек сауда бағасының құрамдас бөлігі. С.ү. айналым шығындарының деңгейіндегі айырмашылыққа және осы кәсіпорындардың нормалы рентабельділік (пайдалылық) деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты - тауарлар, тауар топтары, географиялық аудандар, сауда жүйелері бойынша сараланады. С.ү. тауарды сатып алу бағасына пайыздық мөлшерде белгіленеді. С.ү. сатушының өзі нарық жағдаятына сай анықтайды.


Үстеме баға – 1. бағаның үстіне арттырылған сома; 2.тұтынушылар үшін ұсынылатын қызметтер мен жұмыстарға өндірушілердің аралық бағаны белгілеу формасы; алдыңғы өндірушінің бағасына қосымша баға болып саналады, мысалы, қоғамдық тамақтандыру өнімдері бағасының құрамдас бөлігі. Өнімді даярлау процесінде, оны өткізу және тұтынушыларға қызмет көрсетуде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қосымша шығындар жасайды. Сондықтан, үстеме бағаны белгілеу арқылы, аталған шығындарды өтеу және қажетті пайда алуды мүмкін ететін, табыстың бір бөлігі қалыптасады. Ү.б. қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының категориясына және өнімді өңдеудің еңбек сыйымдылығына байланысты сараланады. Ү.б.азық түлік тауарларының бөлшек сауда бағасына пайызбен белгіленеді.


Фактура бағасы – жеткізілген тауарға есеп фактурасында көрсетілетін баға. Оған жеткізу базисіне байланысты тауарды тасымалдау, жүкті тиеу – түсіру, сақтандыру, экспорттық салықтар, басқалай төлемдер шығындары енуі мүмкін.


Фирманың салыстырмалы ұтысы - фирманың таза пайда өсімін әлде залалды қысқартуды қамтамасыз ететін, баға үлесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет