«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет129/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130
Халықаралық сауда бағасы – халықаралық нарықта және жекелеген мемлекеттердің сыртқы сауда айналымындағы әрекеттегі бағалар жиынтығы. Халықаралық сауда бағасы орнына, уақытына, тауарды өткізу жағдайларына және контракттың ерекшеліктеріне байланысты ажыратылады.


Шегерім – келісімде көрсетілген тауардың базистік бағасын төмендету мөлшерін анықтайтын келісім шарты. Ш. түрлері: қарапайым – бастама баға бір рет өзгереді; күрделі – бағаның екі және бірнеше рет төмендеуі; экспорттық – арнайы экспорттық каталог болмаған жағдайда; дилерлік – тұрақты көтерме сатып алушы-дилерге; бонустық –фирманың әр түрлі өнімдерін сатып алу көлеміне; ерекше – қолма–қол ақшамен төлегені үшін шегерім және т.б..


Шегерім, жасырылған – қосымша тегін қызметтер формасы, мысалы, тауарлардың көтерме партиясын сатып алуды ынталандыру үшін, жеңілдетілген несиелер беру.


Шегерім, күрделі – базалық бағадан жиынтық шегерім, ол бірнеше шегерімнен тұрады.


Шегерім, қарапайым – 1. өткізімді ынталандыру мақсатында тұтынушыға тауардың базалық бағасынан ұсынылатын шегерім; 2. тауардың прейскуранттық әлде анықтамалық бағасынан шегерім. Прейскуранттық бағадан қарапайым шегерім 20-30% құрайды, ал кейбір жағдайларда 40%-ға дейін жетеді. Тауарды қолма-қол ақшаға сатып алуда берілетін шегерім (сконто) қарапайым шегерімге жатады. Бұл шегерім анықтамалық бағадан 2-3пайыз құрайды әлде ақша нарығындағы несие пайызы мөлшеріне сәйкес келеді.


Шегерім, функционалдық - өндірушінің тауар қозғалысы қызметтеріне, тауарды өткізу, сақтау және есепке алу қызметтеріне ұсынатын шегерімдері.


Шектi баға - тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi) өндiру және (немесе) өткiзу үшiн қажеттi шығындар мен пайданың негiзiнде реттелетiн нарық субъектiсi баға белгiлеу тәртiбiне сәйкес белгiлеген және бағаларға жүргiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша мемлекеттік орган негiздi деп таныған тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) бағасы;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет