«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет44/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   130
Регрессивті талдау әдісі аталған параметрлік қатарға жататын өнімнің технико- экономикалық параметрлерін анықтау үшін және құндылық ара қатынастарын құру және теңестіру үшін қолданылады. Бұл әдіс өнімнің негізгі тұтынушылық қасиеттерін көрсететін бір немесе бірнеше технико-экономикалық параметрлермен сипатталатын өнімнің бағасының деңгейін және ара қатынасын талдау, негіздеу үшін қолданылады.
Регрессивті талдау әдісі бағаның бұйымның технико-экономикалық параметрлеріне тәуелділігін көрсететін эмпиризмдік формуласын табуға мүмкіндік туғызады. Мұнда баға параметрлер функциясы тәріздес көрінеді.
Р= f ( Х1, Х2, ... Хn),
Р- өнімнің бір өлшемінің баға мәні,теңге;
Х1,2 ... n - бұйымның технико-экономикалық параметрлері.
Барлық пайдаланылатын нормативті-параметрлік әдістер ішіндегі неғұрлым жетілгені – бұл регрессивті талдау әдісі. Ол, әсіресе электронды есептеулер жасағанда тиімді болып саналады. Регрессивті талдау келесі негізгі кезеңдерден тұрады:

  • бұйымның классификациялық параметрлік топтарын анықтау;

  • бұйым бағасына ең үлкен әсер ететін параметрлерді іріктеу;

  • баға және параметрлер байланысының формасын таңдау және негіздеу;

  • дұрыс теңдеулер жүйесін қалыптастыру және регрессия коэффициенттерін есептеу.

Агрегаттық әдістің мәні - өнімнің параметрлік қатарына енетін жекелеген конструктивтік бөліктерінің бағаларының жиынтығына соны детальдардың құнын және агрегатты жинақтап құру шығындары мен нормативті пайда деңгейін қосып есептегенге тең. Ол үйлестірілген жекелеген бұйымдардан тұратын тауарларға (азық-түлік жиынтығы, мебель гарнитуры, ас сервизі) және бірыңғай элементтерден, детальдардан жинақталған өнімдерге (станоктар, белгілі бір үлгідегі жабдықтарға, автомобиль, тракторлар және т.б.) қолданылады.
Мысалы, өндірілген өнім 100 мың теңге тұрды делік, дегенмен оған соңынан тағы бір бөлшек қосылды. Оны жасау және өнімге құрастыру құны 15 мың теңге. Егер, өзіндік құнға рентабельділік деңгейі 15% болса, жаңа өнімнің бағасы төмендегідей болады:
100 000 + 15 000 х 1,15 = 117 250 теңге.
Өнімнің тұтас бағасы жеке конструктивтік элементтерінің жиынтығы әлде қосылатын немесе ауыстырылатын элементтердің қосындысы әлде айырмасы арқылы анықталады.
Тауар бағасы = 1 элемент бағасы + 2 элемент бағасы + n элемент бағасы.
немесе
Тауар бағасы = жалпы блок бағасы (базалық баға) + үстеме( -шегерім) жекелеген элементтердің бар болуы (болмауы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет