«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Балл арқылы баға белгілеу



бет45/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   130
Балл арқылы баға белгілеу әдісінде эксперттік бағалау арқылы бұйымның жеке параметрлерінің тұтынушылар үшін маңыздылығы анықталады. Соның негізінде жеке параметрлерге анықталынған балл саны беріледі. Олардың қосындысы бұйымның технико-экономикалық деңгейінің интегралдық бағасын береді. Өнімнің жаңа түрі бойынша балл жиынтығын бір балдың құндық бағасына көбейту арқылы жаңа бұйымның шамамен жалпы бағасы анықталынады.
Балл арқылы баға белгілеу әдісі нарық жағдаяты туралы ақпарат аз немесе болмаған жағдайда, өнімді салыстырмалы түрде бағалауда қолданылады.
Баллдық әдісте параметрлік қатардың әр бұйымы, тұтынушы үшін көңіл аударарлық маңызы бар және қазіргі күші бар стандарттар және техникалық жағдайларда айқындалған көрсеткіштер бойынша эталон бұйыммен салыстырылады. Егер бағалау үшін таңдап алынған параметрлер тұтынушы үшін маңызы бірдей болмаса, жекелеген параметрлердің маңыздылық коэффициенті белгіленуі қажет. Әр сапалық көрсеткішке баға қойылады, сонан соң әр көрсеткіш бойынша орташа арифметикалық мән есептеп шығарылады да, ол тиісті салмақ коэффициентіне көбейтіледі. Алынған баллдар қосылады. Баллдың орташа бағасы (құндық көрсеткіш) базалық бұйым-эталонның бағасын оның балл жиынтығына бөліндісіне тең болады.
Бір баллдың бағасы анықталынады:
Р´ = Рб / Σ (Ббі × Vі).
Жаңа бұйымның бағасы анықталады:
Рж = Σ (Бжі × Vі) × Р´
мұнда, Рб - салыстыру базасы ретінде алынған бұйым - эталон бағасы,теңге;
Ббі және Бжі - базалық және жаңа бұйымдар бойынша сапалық і параметрінің баллдық бағасы; Р´- бір баллдың бағасы; Vі - үлесті өлшеммен алынған сапалық параметрінің салмақталған коэффициенті.
Балл әдісінің мәні, бұл эксперттік бағалау жүргізу арқылы, тұтынушылар үшін қандайда бір параметрлердің маңыздылығы анықталынады, соның нәтижесінде әр параметрге балл беріледі. Бұйымның параметрлеріне берілген баллдарды қосу арқылы, оның техникалық – экономикалық деңгейінің интегралдық бағасы алынады.
Жаңа бұйымның балл сомасын, эталон – бұйымның бір баллының құндық бағамына көбейту, жаңа бұйымның мүмкін болатын бағасын береді.
Мысал. Жаңа, ұқсас А,В,С тауарларының жобалық бағасын анықтайық, осы тауарларға ұқсас тауарлардың орташа нарықтық бағасы 1710 мың теңге болды делік.
Балл әдісі негізінде бағаны анықтау схемасы келесі кезеңдерден тұрады:

  • эксперттердің 100 баллды жаңа үш тауардың арасында бөлуі;

  • әр тауардың параметрлерінің салмақталған коэффициентін ескере отырып, балл жиынтығын анықтау;

  • аталған тауарлар бойынша орташа балл жиынтығын анықтау;

  • бір баллдың орташа нарықтық бағасын анықтау;

  • А,В,С тауарларының бағасын анықтау.

Баллдық бағалауды есептеудің нәтижелері келесі кестеде көрсетілген:
Кесте 7
А, В, С жаңа тауарлардың баллдық бағамын есептеу



Салмақталған
Коэффициенттер

Тауар
параметрлері

Тауарларды бағалау

А

В

С

Балл

Салмақталған
коэффициент

Балл

Салмақталған
коэффициент

Балл

Салмақталған
коэффициент

0,25

Беріктілік

35

8,75

35

8,75

30

7,50

0,30

Сенімділік

33

9,90

36

10,80

31

9,30

0,30

Пайдаланудағы жеңілдігі

50

15,00

20

6,00

30

9,00

0,35

Қызмет істеу сапасы

45

6,75

30

10,50

25

8,75

1,0







40,40




36,05




34,55

Аталған тауарлар бойынша орташа балл жиынтығын бағалау:


40,4 + 36,05 + 34,55 / 3 = 37балл
Бір баллдың орташа нарықтық бағасы төмендегідей анықталады:
1710мың теңге / 37 = 46,22 мың теңге.
Осыдан тауарлар бағасы:
-А тауары 1867мың теңге (46,22 х 40,40);
- В тауары 1666 мың теңге (46,22 х 36,05);
- С тауары 1596 мың теңге (46,22 х 34,55).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет