«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет125/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130
Салыстыру деректері – бағаланатын объектіге ұқсастардың деректерін талдау негізінде алынатын құнның есептік шамасын алу үшін бағалау талдауында пайдаланылатын деректер: нарықтық деректерден алынған сату бағасы, жалдау ақысы, табыстар мен шығыстар, капиталдандыру және дисконттеу ставкалары және басқалары;


Салыстыру элементтері – жылжымайтын мүлік үшін төленетін бағалардағы ауытқуларға әкелетін мүлік объектілері мен мәмілелердің нақты сипаттамалары. Салыстыру элементтері берілетін мүліктік құқықтар түрлері, сату жағдайларын, нарық шарттарын, табиғи және экономикалық сипаттамаларды, жылжымайтын мүлікке қатысы жоқ пайдалануды, сату компоненттерін және басқаларды қамтиды;


Сараланған тариф - табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне арналған, мемлекеттік орган тұтынушылардың топтары және (немесе) тұтыну көлемдерi бойынша саралап бекiткен тариф;


Сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақы – сауда-делдалдық қызмет көрсетулерді жүзеге асырғаны үшін мәміле тараптары бірінің ақшалай сыйақы немесе тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу бағасына жеңілдіктер беру (бағаны кеміту) нысанындағы өтеуі;


Сұраныс_заңы'>Сұраныс заңы – тауарларға бағаның көтерілуі сұраныс шамасының төмендеуіне әкеледі; басқалай бірдей жағдайларда жоғарғы деңгейдегі бағаға қарағанда төмен бағамен мол тауарды сатуға болады; тауар бағасы мен осы тауарға тұтынушы сұранысы шамасы аралығындағы кері тәуелділік.


Сұраныс – тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілеті; тауар бағасы мен көлемі арасындағы тікелей байланыс.


Сұраныс шамасы – белгіленген кезең аралығында нақты баға бойынша сатып алғысы келетін тауар әлде қызметтің мөлшері.


Таза операциялық табыс – жалпы табыс пен операциялық шығындар арасындағы айырым ретінде айқындалатын табыс;


Тариф – 1. ұйымдар, кәсіпорындар, бірлестіктер және халыққа көрсетілетін әр түрлі өндірістік және өндірістік емес қызметтерүшінтөлем ставкаларының жүйесі; еңбек ақы ставкаларының жүйесі; кеден тарифтері сырқы сауданы реттеу құралы; 2. тауарлар мен қызметтерге қалыптасқан бағалардың кез келген тізімі; 3. экспорт пен импорттан төленетін салықтар мен кеден төлемдерінің тізімі; және т.б..


Тасымалдаушы - ақыға немесе жалданып жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктерді және почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін әрі осыған белгіленген тәртіппен берілген лицензиясы немесе рұқсаты бар, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде көлік құралдарын иеленуші жеке немесе заңды тұлға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет