«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Калькуляция, жоспарлы-нормативтік



бет119/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   130
Калькуляция, жоспарлы-нормативтік – нормативтік әлде жоспарлы өзіндік құн калькуляциясы; жобаланған әлде қайта игерілетін өнімнің сметалық калькуляциясы; көтерме сауда және бөлшек сауда бағаларының калькуляциясы (прейскурант үшін), баға белгілеу кәсіпорындары мен ұйымдары қалыптастырады.


Калькуляция, нормативтік өндірістік шығындар бойынша – шығындардың нормативтік көрсеткіштеріне негізделген өнімнің өзіндік құнын анықтауға байланысты алдын ала есептеулер.


Калькуляция, толық өзіндік құн бойынша - өндірілген өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын өндірістік шығындардың барлық түрлерін анықтау тәсілі; Өндірістік шығындарды есепке алудың бұл тәсілі, егер тауарлар есептеу нәтижесінде алынған баға бойынша өткізілетін болса, барлық өндірістік шығындар өтелінеді деген кепілдік бере алады. Егер аталған жағдайда қосымша шығын (шаруашылық ұйымдастыру жұмысына арналған) толығымен өтелмейтін болса, кейбір қосымша шығындарды жасау мүмкіндігі жойылады. Бұл кеңінен таралған тәсіл, Великобритания және АҚШ – да көпшілік мақұлдаған калькуляция әдісі болып табылады да сыртқы есеп және салық салу үшін қолданылады (директ-кост).


Калькуляция, өзгермелі шығындар бойынша - өзгермелі шығындарға жатқызылатын шығындар калькуляциясы; Оған: шикізат, материалдар, жанар-жағар май, электр энергиясы, еңбек ақы шығындары және т.б.шығындар жатқызылады.


Калькуляция, өткізетін баға бойынша - өткізетін жүйе арқылы тауарларды өткізу бағасының калькуляциясы, ол өндірушінің көтерме сауда бағасынан, өткізетін ұйымның транспорттық шығындары мен шығындар калькуляциясынан тұрады.


Калькуляция, өнімнің өзіндік құнының бір өлшемі бойынша - өнімнің бір өлшеміне тікелей және жанама шығындарды есептеу, яғни шығындарды толық бөлу. Өнімнің бір өлшеміне жанама шығындарды жатқызу осы өнімнің өндірістік бағдарламадағы үлесі бойынша жүзеге асырылады.


Келісім бағасы - өнімді өндіруші мен тұтынушы арасындағыкелісім бойынша белгіленетін баға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет