«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет127/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130
Тиімді сатып алу - өнімнің өткізімін ынталандыру мақсатында тауарды төмен бағаға сату


Тікелей аралас қатынас - бірыңғай көлік құжаты бойынша әртүрлі көлік түрімен жүктерді, жолаушылар мен теңдеме жүктерді тасымалдау.


Тіркелген баға саясаты – тауарларды фирма басшылығы бекіткен баға жинағы (прейскуранты) негізінде өткізу.


Трансферттік баға (трансферттік баға белгілеу) – өзара байланысты тараптар арасында қалыптасатын немесе тәуелсіз тараптар арасында мәмілелер жасау кезінде бағалар ауқымы ескеріле отырып, объективті түрде қалыптасатын нарықтық бағадан айырмашылығы болатын баға.


Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім – белгілі бір кезеңге нарықтық бағаны айқындау әдісі және нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі белгіленетін, мемлекеттік органдар мен мәмілеге қатысушының арасындағы жазбаша шарт;

Тренд – хронологиялық өмір сүру мерзімі үшін бағаланатын объектінің құнын өзгерту индексі
Ұзақ мерзімдік баға – ресми танылған ақпарат көздерінде және мәмілеге қатысушылар арасындағы келісімшартта белгілі бір кезеңге белгіленген мәміле бағасы.


Ұсыныс – тауар бағасы мен сатушылар ұсынатын тауар көлемінің арасындағы тура пропорционалды байланыс.


Ұсыныс заңы - экономикалық ереже, оған сәйкес тауарлардың бағасы өскен сайын, осы тауардың ұсыныс көлемі көбейеді: баға жоғары болған жағдайда сатушылар неғұрлым көп тауарларды және төмен баға жағдайында аз тауар көлемін үсынады.


Үстеме – тапсырыс бойынша жасалынатын бұйымға (тауарларға) қосымша төлем, үстеме баға. (экспорттық орындалған, қысқа мерзім ішінде құрал жабдықты жасау және т.б.)


Үстеме. Баға деңгейіне үстеме – 1.қосымша төлеу, тұтынушының ерекше талаптарына сай белгіленеді, соның ішінде арнайы, жеке тапсырысты орындаған кезде, тауардың сапасын арттыру, қосымша қызметтер көрсету және т.б. 2.көтерме сауда және бөлшек сауда бағаларына қосымша төлем, прейскурант бойынша қарастырылған негізгі бағаның үстінен өнімді тұтынушылардың жасайтын қосымша төлемдері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет