|
Озық көрсеткіштер элементтері
|
бет | 52/130 | Дата | 08.12.2022 | өлшемі | 2,04 Mb. | | #56043 | түрі | Оқулық |
| Озық көрсеткіштер элементтері:
Өңдейтін өнеркәсіптегі жұмысшылардың аптасына орташа өтелген адам-сағат мөлшері;
Апта ішінде жұмыссыздық бойынша алғаш рет жәрдемақы алу туралы өтініштер саны;
Тұтыну және өнеркәсіптік тауарларларын өндірушілерге келіп түскен жаңа тапсырыстарының жалпы сомасы (салыстырылатын бағамен);
Барлық компаниялар ішіндегі жеткізу көлемін азайтуды жария еткен компаниялардың үлес салмағы;
«Таза бизнесті» (index of net business formation) қалыптастыру индексі;
Өндірістік және сауда запастарының өзгерісі (салыстырылатын бағамен);
Өндірістік құрал жабдықтар және зауыт құрылысы (қайта жаңғырту) туралы контракт пен тапсырыстардың жалпы сомасы, (салыстырылатын бағамен);
Жаңа тұрғын үй құрылысына берілген рұқсат шешімдердің санының индексі;
Тұтыну және өнеркәсіптік несиелердің көлемінің өзгерісі, және т.б..
Бір мезгілдік (сәйкес) көрсеткіштер элементтері:
Ауыл шаруашылығынан тыс салаларда жұмыс жасайтын жұмысшылар саны;
Трансферттік табыстарды қоспағандағы жеке табыс;
Өнеркәсіп өндірісі өнімінің физикалық көлемінің индексі;
Көтерме және бөлшек саудадағы сауда айналымы.
Кешеуілдеу көрсеткіштер элементтері:
Жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы (апта);
Өнеркәсіптегі жұмыс күшінің құны индексі (жұмыс күші құнының өндіріс көлеміне қатынасы) нақты деректердің трендтен ауытқуы негізінде есептеледі;
Банктердің пайыздық мөлшерлемелерінің орташа өзгерісі;
Өнеркәсіптегі және саудадағы тауар қорларының көтерме және бөлшек саудадағы сауда айналымына қатынасы;
Мерзімі өткен тұтыну ссудалары бойынша жарналардың жеке табысқа қатынасы.
8.3.Нарықтың экономикалық жағдаятты және баға серпінін зерттеу әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|