«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Баға белгілеу үдерісі мен бағаны бақылаудың бірлігі қағидаты



бет6/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130
Баға белгілеу үдерісі мен бағаны бақылаудың бірлігі қағидаты. Бақылаудың мақсаты, Заңнама бойынша белгіленген, баға белгілеу ережелерін қолданудың дұрыстығын тексеру болып табылады.
Баға белгілеудің екі негізгі жүйесі бөлінеді: мемлекеттік баға белгілеу және нарықтық баға белгілеу. Нарықтық баға белгілеу сұраныс пен ұсыныстың әрекеттестігі негізінде жүзеге асады. Мемлекеттік баға белгілеу – бұл баға деңгейін мемлекеттік органдардың қалыптастыруы.
Баға белгілеу тәсілдерін салыстыру нәтижесінде экономисттер пассивті баға белгілеу және активті баға белгілеуді бөледі,
Пассивті баға белгілеу – бұл бағаны қатаң түрде шығынға негізделген әдістер негізінде анықтау немесе бағаны бәсекелестердің баға шешімі әсері негізінде анықтау.
Активті баға белгілеу - тиімді өткізу көлемін, өндірістің орташа шығындарын және операциялардың мақсатты деңгейдегі пайдалылығына жету үшін, бағаны өнімді өткізуді басқару саясаты ауқымында анықтау.
Баға механизмі, бағаның құрылуы, баға саясаты- өте күрделі және егжей-тегжейлі мәселе.
Жалпы баға құрылуы процесінің күрделілігіне көңіл аударған жөн, өйткені тауардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолында, көптеген сауда, сауда-делдал ұйымдар баға белгілеу процесіне тікелей немесе жанама түрде қатынасады.
Баға белгілеу – ең қиын және күрделі процесс. Баға белгілеу қиындығы, өнімдер мен нарықтар арасындағы тәуелділік, ақпарат жинақтау себептеріне тікелей байланысты.
Баға белгілеудің күрделілігіне нарықтардың өзара тәуелділігі әсер етеді. Егер нарықтарды айырып – бөлу мүмкін болған болса, баға белгілеу де біршама оңай болған болар еді. Мұндай жағдайда, әр нарық үшін өзіндік баға қалыптасқан болар еді. Қазіргі, халықаралық нарықтың даму жағдайында бұл мүмкін емес.
Баға белгілеудің күрделілігіне ақпарат әсер етеді. Баға белгілеу көлемді ақпаратты қажет етеді. Ақпаратты жинақтау оңай мәселе емес. Бірақ, бір жағынан ақпараттық технологиялардың дамуы, баға туралы ақпаратты дүние жүзіне таратуға мүмкіндік туғызады. Бүгінгі таңда, бірдей тауарды тұтынушыларға, олардың географиялық орналасуы себебіне байланысты, әр түрлі бағамен ұсыну қиын. Сондықтан, көптеген кәсіпорындар, тауарды жеткізу және өткізудің ерекше жағдайларын, тауардың тұтыну қасиеттерін ескеретін баға дифференциациясын пайдаланады.
Баға белгілеудің күрделілігі бәсекенің күштілігімен сипатталады. Жоғары технологияны меңгерген кәсіпорындар бәсеке құралы ретінде инновацияны қолданады. Бірақ, оларға, тауар саясатында «еліктеу» стратегиясын қолданатын фирмалар қарсы тұрады. Соның арқасында бұл фирмалар тауарлар ұсынысын кеңейтіп, баға деңгейіне әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет