Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті


Көсемше баяндауыш болатынына мысалдар



Pdf көрінісі
бет132/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   230
Көсемше баяндауыш болатынына мысалдар.
1. Ат тулай берді.
Не тулай берді?  ат (бастауыш). Ат не қылды?  тулай берді 
(баяндауыш).
2. Әлжан алып берді.
Кім алып берді?  Әлжан (бастауыш). Әлжан не алып берді 
(баяндауыш).
3. Тауық ұша алмайды.
Не ұша алмайды?  тауық (бастауыш). Тауық не қылмайды? 
– ұша алмайды (баяндауыш).
4. Ақын айта беріпті.
Кім айта беріпті?  Ақын (бастауыш). Ақын не етіпті? – айта 
беріпті (баяндауыш).
Екінші    баяндауыш  болатын  сын  есім.  Қыс  жақсы.  Мал 
семіз. Ел тоқ. Не жақсы?  қыс. Не семіз? – Мал, Кім тоқ? – 
ел. Қыс, мал, ел – бастауыштар. Баяндауыш болатын сөз, әуелі, 
ішкі белгісімен келу бастауыш атаған нәрсенің яғни қыстың, 
малдың  я  амалын,  я  жайын,  я  болмысын  көрсету  екінші, 


214
баяндауыштың тысқы белгісі болған сұрауларға жауап беру ке-
рек. Қалай болар екен, қарайық.
1-інші сөйлем: Қыс жақсы. Қыс қалай? – жақсы
2-інші сөйлем. Мал семіз. Мал қалай? – семіз
3-інші сөйлем: Ел тоқ. Ел қалай? – тоқ.
Мұнда  жақсы,  семіз,  тоқ  деген  сөздер  қыстың  малдың, 
елдің жай-күйін көрсетіп тұр. Жана «қалай?» деген баяндауыш 
сұрауына жауап беріп тұр.
Ол баяндауыштың ішкі-тысқы белгісі бірдей осы сөздерге 
келгенін көрсетеді. Сондықтан бұл сөздер баяндауыш болады. 
Жақсы, семіз, тоқ деген сөздер сын есімдер.
Үшінші  баяндауыш болады  зат есім. Мысалы: Aт  көлік. 
Атшы – кісі. Қамшы  қару. He көлік? – ат. Кім кісі? – атшы. 
Не қару?  қамшы. Ат, атшы, қамшы бастауыштар. Баяндауыш 
болатын сөзде оның ішкі-тысқы белгілері болу керек.
Ат  немене?  –  көлік.  Атшы  немене?  –  кісі.  Қамшы  неме-
не?    қару.  Көлік,  кісі,  қару  деген  сөздер  аттың,  атшының, 
қамшының немене болатын болмысын айтып тұр. Сондықтан 
бұлар баяндауыштың ішкі белгісіне тура келеді.
Көлік, кісі, қару деген сөздер «немене?» деген баяндауыш-
тың  сұрауына  да  жауап  беріп  тұр.  Бұл  тысқы  белгісіне  тура 
келгені,  баяндауыштың  ішкі,  тыскы  белгісіне  бірдей  келген 
соң, бұл сөздер, әрине, баяндауыш болмақ.
Көлік, кісі, қару – зат есімдер.
Төртінші  –  баяндауыш  болатын  –  сан  есім.  Мысалы:  Ер 
кезегі үш. Не үш?  ер кезегі. Ер кезегі деген сөз бастауыш.
Баяндауыш болатын сөзде оның ішкі-тысқы белгілері болу 
керек.
Ер кезегі немене? – үш. Үш деген сөз ер кезегінің немене 
болатынын айтып тұр. Болмысын айтып соң, бұл сөз баянда-
уыш болмақ (ішкі белгісі бойынша). Үш деген сөз «немене?» 
деген  баяндауыштың  сұрауына  жауап  беріп  тұр.  Бұл  тысқы 
белгісінің  де  осы  сөзден  табылғанын  көрсетеді.  Ішкі-тысқы 
белгісі келгені «үш» деген сөз баяндауыш болғанын көрсетеді. 
Үш деген сөз деген сөз – сан есім.
Бесінші  –  баяндауыш  болатын  есімдік.  Мысал:  Медеуі  – 
мен. Омары – ол. Өтегені – өзі. Мен кім? – Медеуі. Ол кім? 


215
–  Омары.  Өзі  кім?  –  Өтегені.  Медеуі,  Омары,  Өтегені  деген 
сөздер  бастауыштар.  Баяндауыш  балатын  сөзде  ішкі-тыскы  
баяндауыш белгісі бүларға тиіс.
Медеуі қайсы? – мен. Омары қайсы? – ол. Өтегені қайсы? – 
өзі. Мен, ол, өзі деген сөздер Медеуінің, Омарының, Өтегенінің 
кім  болатындығын  айтып  тұр.  Болмысын  айтып  тұрған  соң, 
бұл сөздер баяндауыш болады.
Оның үстіне мен, ол, өзі деген сөздер «қайсы?» деген баян-
дауыш сұрауына жауап беріп тұр.
Ішкі-тысқы  белгісі  бірдей  келген  соң,  бұл  сөздер,  әрине,  
баяндауыш болады.
Мен, ол, өзі деген сөздер есімдіктер.
Алтыншы  –  етістікпен  қосыла  одағай  және  басқа  сөздер 
баяндауыш  болады.  Мысал:  Мылтық  тарс  етті.  От  жылт 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет