Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет130/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

Қосарлы  бастауыш.  Бастауыш  бір  сөзбен  айтылмай, 
бірнеше сөзбен айтылса, қосарлы немесе күрделі деп атаймыз. 
Мысалдар:  1)  Тамағы  жоқтық  таптырар.  Мұнда  тамақ 
жоқтық жайынан айтылып тұр. Не таптырар? – тамағы жоқтық 
(бастауыш екі сөзбен айтылып тұр). 
2. Асық ойнаған азар. Мұнда асық ойнаған туралы айтылып 
тұр. Кім азар? – асық ойнаған. 
3.  Жөнге  тартқан  жөндер.  Мұнда  жөнге  тартқан  туралы 
айтылып тұр. Кім жөндер? – жөнге тартқан.
4. Сыпыра жалмаң жалмар. Мұнда сыпыра жалмаң жайы-
нан айтылып тұр. Кім жалмар? – сыпыра жалмаң. 
5. Тоны жаман тоңар. Мұнда тоны жаман туралы айтылып 
тұр. Кім тоңар? – Тоны жаман.


210
6.  Жеті  атасын  білмеген  –  жетім.  Мұнда  жеті  атасын 
білмегеннің жайынан айтылып тұр. Кім жетім? – жеті атасын 
білмеген.
Асылында, бастауыш болатын  зат есім. Бастауыш болған 
жерде зат есім болмай қалмайды, бірақ бірде айтылады, бірде 
айтылмай  ойда  тұрады.  Зат  есімнен  басқа  бастауыш  болған 
сөздер  зат  есімнің  орнында  немесе  арқасында  бастауыш 
бола алады. Жоғарыда мысалға алынған сөйлемдерде сөйлеу 
бөлімдерінің  бәрі  бастауыш  болуға  жарайтын  болып  шықты. 
Түбін қазып қарастыра келгенде, солардың бәрі де (зат есімнен 
басқасы)  бастауыш  болып  тұрғандары    не  зат  есімнің  ор-
нында тұрғандықтан не зат есімнің көмегі болғандықтан. Сол 
бастауыштардың түбін қазыңқырап қарастырып көрейік, қалай 
бастауыш болып тұр екен.
Зат  есімнен  басқа  бастауыш  болып  тұрған  әуелі    сын 
есім.  Мысалға  алынған:  Көп  қорқытады,  терең  батырады
«Көп қорқытады» деген де қорқытатын шөп емес, әрине адам. 
«Терең батырады» дегенде де батыратын терең су екені анық. 
Олай болса мұндағы «көп» пен «терең»  «көп адам», «терең 
су» деген сөздердің орнында тұр. Жеңілдік үшін «адам» мен 
«су» деген сөздер айтылмаған, бірақ ойда тұр.
Екінші    сан  есім.  Мысалға  алынған:  Берерменге  бес  те 
көп, аларманға алты да аз. Біреу тойып секіреді». «Бес те», 
«алты да» дегенде, мұнда нәрсе көңілде тұр. Құр ғана сан бол-
са, азсынуға да, көпсінуге де орын болмас еді: «Бесеу», «алтау» 
нәрсесіз құр сан болса, берермен бесеу түгіл, мыңын көпсінбес 
еді,  аларман  алтау  түгіл,  бірін  де  азсынбас  еді.  Берермен 
көпсінетіні,  аларман  азсынатыны    берілетін,  алынатын  құр 
сан  емес,  нәрсе  болғандығы.  Мұндағы  «бесеу»  мен  «алтау» 
сан ғана емес, нәрсені де көрсетіп тұр. Сондай-ақ, біреу тойып 
секіреді дегенде, әрине, секірмейді. Олай болса, «біреу» деген 
сөз мұнда есім орнында тұр.
Үшінші  есімдік. Мысалға алынған: Мен келдім, сен кедің; 
Ол терең, бұл тайыз.
Есімдік өзі есім орнына жүретін сөз болған соң, бастауыш 
болған   есімдіктер зат есім орнында тұрғаны анық. Мен, сен, 
ол, бұл – бәрі де зат есім орнына жүретін есімдіктер.


211
Төртініші    етістік.  Мысалға  алынған:  Алыспақ  жоқ, 
атыспақ  бар.  Оқу  оңайланды.  Жығылған  күреске  тоймас. 
Алыспақ,  атыспақ  деген  сөздер  бұл  жерде  алысу,  атысу, 
күресу  есімдерін  көрсететін  етістіктен  шыққан  зат  есімдері. 
«Жығылған  күреске  тоймас»  дегенде,  күреске  тоймайтын 
жығылған мал я ағаш емес, адам екендігі анық. Солай болған 
соң  «жығылған»  деген  сөздің  бас тауыш  болып  тұрғаны   
«жығылған  адам»  дегеннің  ор нында  тұрғандықтан.  Жеңілдік 
үшін «адам» айтылмаған, бірақ көңілде тұр.
Бесінші  үстеу. Мысалға алынған: Әрі алыстатады, бері 
жақындатады,  шапшаң  асықтырады,  соңыра  кешіктіреді
Жеңілдік үшін қысқартпай айтқанда, бұл сөздер бұлай айтылар 
еді: Әрі деу  алыстатады, бері деу  жақындатады. Шапшаң 
деу  асықтырады, соңыра деу  кешіктіреді. «Деу» деген сөз 
бәрінде  де  айтылмаған.  «Деу»    етістіктен  шыққан  зат  есім. 
«Әрі»,  «бері»,  шапшаң»,  «соңыра»  деген  сөздердің  бастау-
ыш  болып  тұрғандары  «әрі  деу»,  «бері  деу»,  «шапшаң  деу», 
«соңыра деу» орнында болғандықтан.
Бастауыш  болған  демеу,  жалғаулық,  одағай    бәрі  де  осы 
ретпен болып тұр. Сүйтіп, түбін қазып қарастырып келгенде, 
бастауыш болатын  зат есім. Басқа сөз таптары зат есімнің ор-
нында немесе арқасында ғана бастауыш бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет