212
1-інші сөйлем: Қой үрікті. Не үрікті?
– қой. Бастауыш қой
деген соз болып шықты. Үрікті деген қойдың не істегенін ама-
лын көрсетіп тұр.
2-інші сөйлем: Ит үрді. Не үрді? – ит. Бастауыш ит деген
соз болып шықты. Үрді деген соз итгің не істегенін — амалын
көрсетіп тұр.
3-інші сөйлем: Адам айқайлады. Кім айқайлады? – адам.
Бастауыш адам деген сөз болып шықты. Айқайлады деген сөз
адамның не істегенін — амалын көрсетіп тұр.
Сүйтіп, бұл сөйлемдердің ішінде бастауыш атаған нәр-
селердің амалын көрсетуші үрікті, үрді, айқайлады деген сөздер
болып шықты немесе, екінші сөзбен айтқанда, баяндауыштың
ішкі белгісі осы сөздерге келеді. Сондықтан бұл сөздер баянда-
уыш болуға тиіс.
Енді тысқы белгісімен тауып көрейік. Баяндауыштың
тысқы белгісі
– «не етпек?», «не қылмақ?», «қайтпек?»,
«не болмақ?», «нешік?», «немене?», «қалай?», «кімдікі?» я
«ненікі?», «қайсы?» негізді сұрауларға жауап беру. Сондықтан
бұл негізді сұраулар баяндауыш сұраулары деп аталады.
Алынған сөйлемдер ішінде қай сөз баяндауыш сұраула-
рына
жауап берер екен, қарайық.
1-інші сөйлем: Қой үрікті.Қой не етті? – үрікті.
2-інші сөйлем: Ит үрді. Ит қайтті?
– үрді.
3-інші сөйлем: Адам айқайлады. Адам не қылды?
–
айқайлады. Мұнда «не етті?», «қайтті?», «не қылды?» деген
баяндауыш сұрауларына жауап беріп тұрған сол үрікті, үрді,
айқайлады деген сөздер. Олай баяндауыштың тысқы белгілері
де осы сөздерге кел ішкі, тысқы белгісі бірдей келген соң
баяндауыш болып тұрған осы сөздер
– үрікті, үрді, айқайлады
деген сөздер
– етістіктер. Етістіктің есімше мен көсемше
түрлері де баяндауыш болады. Етістік есімше күйінде ғана
баяндауыш болады. Екеуіне де мысал келтірейік. Есімше дара
күйінде баяндауыш болатын мысалдар.
1.
Мен сөйлеушімін, сен тыңдаушысың. Мұнда «сөй-
леушімін», «тыңдаушысың» деген сөздер «мен», «сен» жайын
баяндап тұр (бұл – баяндауыштың ішкі белгісі). Мен неме-
немін?
– сөйлеушімін. Сен неменесің?
– тыңдаушысын (бұл –
баяндауыштың тысқы белгісі).
213
2.
Заман өзгерген, білім күшейген. Мұнда «өзгерген»,
«күшейген» деген сөздер «заман» мен «білім» жайын айтып,
бірінің өзгергендігін, екіншісінің күшейгендігін баяндап тұр
(бұл
– ішкі белгісімен қарағандағысы). За ман не еткен?
–
өзгерген. Білім не еткен?
– күшейген. (Бұл
– тысқы белгілері).
3. Біреу беретін, біреу алатын. Мұнда біреу жайы-
нан беретіндігі мен алатындығы сөйленіп тұр. (Бұл
– ішкі
белгілері). Біреу не ететін?
– беретін. Біреу не ететін? – алатын.
(Бұл
– тысқы белгілері).
Есімше мен көсемше қосар күйінде баяндауыш болатынына
мысалдар:
1. Бала жылай берген. Кім жылай берген?
– бала (бас тауыш).
Бала не қылған?
– жылай берген (баяндауыш).
2. Оспан оқып жүрген.
Кім оқып жүрген? – Оспан (бастауыш). Оспан не қылған? –
оқып жүрген (баяндауыш).
3. Асан айтқан екен.
Кім айтқан екен? – Асан (бастауыш). Асан не қылған екен?
– айтқан екен (баяндауыш).
Достарыңызбен бөлісу: