Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет133/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   230
етті. Күн жаз болды. Ет аз болды. Беретіні бес екен.
Не тарс етті?  мылтық. Не жылт етті?  от. Не жаз болды?  
күн. Не аз болды?  ет. Несі бес екен?  беретіні.
Мылтық, от, күн, ет, беретіні деген сөздер – бас тауыштар. 
Баяндауыш  болатын  сөзде  ішкі-тысқы  баяндауыш  белгісі 
боларға керек. Мылтық не етті? – тарс етті. От не етті?  жылт 
етті. Күн қайтті?  жаз болды. Ет қайтті?  аз болды. Беретіні 
не  екен?    бес  екен.  Тарс  етті,  жылт  етті,  жаз  болды,  аз 
болды, бес екен деген сөздер мылтықтың, оттың, күннің, еттің, 
беретіннің  амалдарын,  жайларын,  болмыстарын  айтып  отыр. 
Онымен тұрмай жана да баяндауыш сұрауларына жауап беріп 
түр.  Сондықтан  ол  сөздер  баяндауыш  етістік  «Тapc  етт»  де-
генде, «тарс»  одағай, «етті»  етістік. «Жылт етті» дегенде, 
«жылт»  одағай, «етті»  етістік. «Жаз болды» дегенде «жаз» 
– зат есім, «болды» – етістік. «Аз болды» дегенде, «аз»  сын 
есім, «болды» – етістік. «Бес екен» дегенде, «бес» – сан есім, 
«екен»  –  етістік.  Мұнан  көрініп  тұр:  бәріңде  де  түрлі  сөздер 
етістікке  косылып  баяндауыш  болып  шыққаны.  Осындай  екі 
сөзден, үш сөзден, әйтеуір, бір емес, бірнеше сөзден қосылып 
болған  баяндауыш  қосарлы  немесе  күрделі  деп  аталатыны 
жоғарыда айтылған.
Жетінші  –  баяндауыш  болады  –  бүтін  сөйлем.  Мысал: 
«Білемін»  деген  –  «бүлемін»  деген  болады.  «Білемін»  деген 


216
(бастауыш). «Білемін» деген немене  «бүлемін» деген (баян-
дауыш). Бұл – тысқы белгісімен табу. Ішкі белгісімен қарайық: 
мұнда не жайынан ай тылып тұр? – «білемін» дегеннің жайы-
нан. Оның жайынан не айтылып тұр? – оның «бүлемін» деген 
болатындығы  айтылып  тұр.  Бұл  мысалда  бастауыш  та  баян-
дауыш  та  бүтін  сөйлемнен  болған.  Баяндауыш  бастауышқа 
жақтарымен ғана жанасып, қиындасады. Мы сал: Мен оқыдым. 
Сен  жазу  жаздың.  Ол  шай  қайнатты.  Мұнда  әр  жақ  өз 
жағымен жанасып, қиындасып тұр.
Мен  кітап  оқыды,  сен  жазу  жазды,  ол  шай  қайнаттым, 
шай  қайнаттың  деп  айтылмайды.  Сөйлем  ішіндегі  сөздер 
қиындаспай кетеді. Мұндай әр жақ өз жағымен жанасу жалғыз 
етіс  болған  баяндауышта  емес,  басқа  сөз  таптарынан  болған 
баяндауыштарда да бар.
Мысал: мен жаспын, сен жассың, ол жас, біз жаспыз, сіз 
жассыз,  басқалары  жана  солай.  Бірақ  «да»,  «де»  демеулер 
қосылғанда, бұл ымыра бұзылып, «да» айтылады. 
Мысал: мен де жас, сен де жас, ол да жас, біз жас, сіз де 
жас, олар да жас деп айтуға да болады.
Ескерту.  Етістіктен  болған  баяндауыштардағы  ымыра  
«да», «де» демеулер қосылса да бұзылмайды.
Баяндауыш жекелік, көптік жүзінен де ымыр ды. Бірақ ол 
ымырасы толық емес, тұрақты емес. Мысал: мен барамын, сен 
барасың, ол барады, біз барамыз, сіз барасыз немесе сендер 
барасыңдар.  Олар  барады  («барадылар»  орнына  «барады» 
болып  тұр).  Мен  саумын,  сен  саусын,  ол  сау,  біз  саумыз,  сіз 
cayсыз  немесе сендер саусыңдар, олар сау («саулар» орнына 
«сау» ғана болып тұр). Мұнан не көрініп тұр. Жекелік, көптік, 
бірінші,  екінші  жақтарында  баяндауыш  бастауышпен  ымы-
раласып, үшінші жаққа келгенде көпше айтылмай, ымырадан 
шығып кететіні көрініп тұр. Сүйтіп баяндауыш бастауышпен 
жеке айтылғанда үш жағымен ымыраласып, көпше айтылғанда, 
үшінші жағымен ымыраласпайтын болып шығады.


217
БАСЫМ ЖАҚ
Бастауыш  бір  жақты  болса,  баяндауыш  онымен  айтылған 
түрде ымыраласады. Бастауыш әр жақты бол са мәселен, баста-
уыш біреу емес, бірнеше болса жана әрқайсы әр жақты болса, 
онда баяндауыш басым жағымен ымыраласады.
Бізге  мәлім  бірінші  жақ  айтушы,  екінші  жақ  тыңдаушы, 
үшінші  жақ  бөгделік  болатыны.  Бірінші,  екінші,  үшінші  жақ 
қатар  келгенде  айтушы  сөзді  өзіне  орайлай  сөйлегендіктен, 
бірінші жақ екінші, үшінші жақтан басым болады. Сондықтан 
айтушы  мен  тындаушы  екеуінің  бірдей  амалын,  жайын,  бол-
мысын көрсететін баяндауыш о да бірінші жақпен айтылады.
Мысал:  1.  мен,  сен  –  екеуміз  барамыз.  2.  мен,  сен,  Омар 
– ушеуміз кетеміз. Бірінші мысалда – мен, сен – екеуі де ба-
стауыш.  Екеуі  екі  жақ:  мен    бірінші  жақ,  сен  –  екінші  жақ. 
Бұл  екеуінің  бірдей  амалын  көрсетіп  тұрған  ортақ  баяндау-
ыш «барамыз» бірінші жақпен ғана айтылып тұр. Екінші мы-
салда  –  мен,  сен,  Омар  –  үшеуі  бастауыш.  Үшеуі  –  үш  жақ. 
Мен – бірінші жақ. Сен – екінші жақ. Омар – үшінші жақ. Бұл 
үшеуінің  бірдей  амалын  көрсетіп  тұрған  ортақ  баяндауыш 
«кетеміз»  бірінші жақпен ғана айтылып тұр.
Бірінші,  екінші,  үшінші  жақ  –  үшеуі  қатар  келген  жерде 
бірінші жақ басым болады деген осы.
Айтушы  жақ  өзіне  қоспай,  тыңдаушымен  бөгделік  жақты 
сөз  қылғанда  сөзді  тыңдаушы  жағына  орайлай  сөйлейді. 
Сондықтан  екінші  жақ  үшінші  жақтан  басым  болады. 
Тыңдаушы  мен  бөгделік  екеуінің  амалын,  жайын,  болмысын 
көрсететін баяндауыш екінші жақпен айтылады. Мысалы: Сен, 
Омар  екеуің  келерсіңдер.  Бұл  мысалда  «Сен»,  «Омар»  екеуі 
де бастауыш. Екеуі екі жақ. Сен – екінші жақ, Омар – үшінші 
жақ. Екеуінің бірдей көрсетіп тұрған баяндауыш «келерсіңдер» 
екінші жақпен айтылып тұр.
Екінші, үшінші жақ екеуі қатар келген жерде екінші жақ ба-
сым болады дегеннің мағынасы осы.


218
ҚОСАРЛЫ БАЯНДАУЫШ
Жоғарыда  баяндауыш  екі  немесе  үш,  әйтеуір  бір  емес, 
бірнеше сөзбен айтылған болса, «қосарлы» баяндауыш болады 
деп айтылды. 
Жай  баяндауыш  жай  етістікпен  айтылады,  қосарлы  баян-
дауыш көмекші етістіктер қосылып айтылғанда болады, бірақ 
етістік жүрмеген жерде баяндауыш болмайды. Етістіктен басқа 
сөз таптары баяндауыш болса, олар етістік көмегімен ғана бола 
алады.  Оларға  көмек  болатын  көбінесе,  көмекші  етістіктер. 
Көмегі  үртіс  көріне  болмай,  көрінбей  болатын  да  орында-
ры  бар.  Бірақ  түбін  қазып,  қарастырып  келгенде,  баян дауыш 
болған жерде етістік бар екені даусыз болып шығады. Етістік 
көмегі көріне болатын орындары мен көрінбей болатын орын-
дарына мысал келтіріп көрейік.
1. Күн жаз болды; 2. Eт аз болды.
Мұнда бірінші мысалда күн – бастауыш, жаз бол ды – ба-
яндауыш. Екінші мысалда ет  бастауыш, аз болды  баяндау-
ыш. Жаз болды, аз болды деген баяндауыштың екеуі де екі-екі 
сөзбен айтылған. Екі сөзбен айтылған соң, бұлар қосарлы баян-
дауыш болады. Қосарлы баяндауыш көмекші етістік қосылған 
жерде болады. Бұл екі баяндауыш та, «жаз болды», «аз болды» 
дегенде, «болды» көмекші етістік екендігі көзге көрініп тұр. 
1.  Ағаш  көркі  жапырақ.  2)  Адам  көркі  шүберек.  Мұнда 
бірінші мысалда бастауыш – көркі, екінші мысалда да баста-
уыш – көркі. Баяндауыш бірінші мысалда – жапырақ, екінші 
мысалда – шүберек.
Жапырақ,  шүберек  деген  сөздер  етістік  көмегінсіз-ақ  ба-
яндауыш  болып  тұрған  сияқты  көрініп  тұр.  Шынында  олай 
емес, мұнда да етістіктің жасырын көмегі бар. Ол көмегі, егер, 
жоғарыдағы мысалға алынған сөйлемдерді қысқартпай, толық 
түрінде айтсақ көрінеді. Мәселен: Ағаш көркі жапырақ бола-
ды.  Адам  көркі  шүберек  болады  десек,  қысқартып  айтқанда, 
көрінбей  тұрған  көмекші  етістік  –  «болады»  толықтырып 
айқанда шыға келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет