Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет91/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   230
Дағдыландыру. Жай шырайдағы сөздерді тапқызып, оларға 
«-п» қостырып, таңдау шырай еткізу.
§ 5. Кеңде таңдау қосалқы сөздердің орнына басқа сөздер де 
жүреді. Мәселен: өте жақсы, айрықша жүйрік, аса құнтақты, 
тіпті әдемі, артықша шебер. Өте, айрықша, артықша, тіпті, 
аса деген сөздер мұнда ең, нақ тым бек, хас деген сөздердің 
орнында айтылып тұр.
Дағдыландыру. Жай шырайдағы сөздерді тапқызып, оларға 
өте, айрықша, артықша, аса, тіпті деген сөздерді қостырып, 
тандау шырай еткізу.
Ескерту. Есімдер заттың сынын да, істің сынын да көрсетеді. 
Мәселен: жақсы: жақсы кісі деп те, жақсы екен деп те айта-
мыз; Жаман aт деп те, жаман жүреді деп те айтамыз; Оңай 
жұмыс деп те айтамыз, оңай істедім деп те айтамыз; Шапшаң 
адам  деп  те,  шапшаң  сөйлейді  деп  те  айтамыз;  Шабан  aт 
деп те, шабан жүреді деп те айтамыз уа ғайри сондай. Бұлар 
үстеу сөздердің орнына жүргендіктен, сын есім болмай, үстеу  
болады.
Сын  есімнің  кейбіреулері  зат  есімнің  орнына  жүреді. 
Мәселен: «Арзан еттің сорпасы татымас» дегеннің орнына 
«арзанның  сорпасы  татымас»  деп  айтылады.  «Арзан  еттің» 
деген  екі  сөздің  орнына  «арзан»  деген  жалғыз  сөз  жарап 
тұр.  Сондықтан  мұндай  зат  пен  сын  орнына  бірдей  жүретін 
сөздерді зат сын дейміз. Жалғыз сынды көрсететін сөзді жай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет