Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет110/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   151
жұуандығыңды ғылдыңба / алалы жылқы / ақтылы ғойұн /
жосұлтұб алдың // ата ғонұсұнан / іргесін аудардың / ай дер
ажа / қой дер қожа / болған жоқ // жетіботұрған жесірімді
бір   тентегің/ат   сауұрұна   салыб   әкетіб   отұр   //   ағайын   //
ұзұнда өштү / қысқада кектімессің // бітім сұрап / кісі салсам
бақайыңнан гелтірмейсің //.
235


Көбей. Еспембет / кеден недем болт / кедергі недем болт /
деб отұрсұң ... қой асығын / қолұңап / қолайыңа жақса / сақа
ғой  //  саптайаққа  /   ас   құйұп  /  сабынан  /қарауұл  ғарайтын
болсаң / мем бійлік айтпайым//.
Бұл үздіктердегі тұрақты тіркестер (фразеологизмдер) мен
мақал-мәтелдер   курсивпен   көрсетілді.   Бұлар   текстің   белгілі
бір өлшеммен, ырғақпен айтылуына жәрдемдесіп, айтысушы
би-лер сөзін құлаққа жағымды сазбен жеткізеді.
Тұтасынан өлеңмен, оның ішінде ақ өлеңмен де (ақ өлең
дегеніміз – ұйқасты, ырғақты сөз орайымен берілген мәтін)
жазылған пьесалар тілінің музыкалылығы тіпті күшті болады.
Ал   жай   диалогтермен   берілген,   яғни   кейіпкерлерін   әдеттегі
ауызекі   тілмен   сөйлеткен   пьесаларда   бұл   кейіпкерлер,   сөз
жоқ,   Еспембетше,   Абызша,   Көбейше   немесе   Ақан   сері   мен
Ақтоқтыша   сөйлемейді.   Әрине,   қалыптағы   тұрмысқа   сай
сөйлегенде де, мақал-мәтелдер мен айшықты сөз тіркестерін
қолданамыз,   бұл   –   пьесаларда   да   орын   алады.   Дегенмен
Еспем-беттің сөзі мен қазіргі бір инженердің немесе «қаладан
келген   қылжақпастың»   сөзі   ішінде   мақал-мәтел,   ырғақты
тіркестер болғанмен, олардың сөздері дыбысталуы мен сазы
жағынан бірдей айтылмайды.
Бұдан «өткен замандардағы кейіпкерлердің сөзін айту қиын,
қазіргі адамдардың сөзін айту оңай» деген тұжырым шықпайды:
әңгіме   –   кейіпкердің   қай   кездің   адамы   екендігін-де   емес,
пьесаның   жанрлық   ерекшелігінде,   қай   стильде   ұсы-
нылғандығында. Романтикалық стиль көбінесе көтеріңкі саз-бен,
белгілі бір ырғақпен айтуды қалайды. Ал бүгінгі күнделікті өмір
тақырыбына   жазылған   пьесалардағы   кейіпкерлердің   дені
әдеттегі сөйлеу үнін ұстанады. Әрине, қазіргі сөйлеу тілімізде де
белгілі нақышқа келтіре ерекше айтатын тұстар аз емес.
Қысқасы, бұл айтылғандардан, актерлер сахна сөзінде өз-
дері ойнайтын әр пьесаның жанрлық-стильдік сипатын, кейіп-
кердің образын қатты ескерулері қажет. Қай заманды суретте-
ген   шығарма   болмасын,   қай   тақырыпқа   жазылған   пьеса
болма-сын, қай жанрдағы өлең мен мәтін (тақпақ, терме т.т.)
болма-сын   –   барлығы   да   қазақ   сахнасы   мен   киносынан,
радиосы мен теледидарынан көркем сөздің құлаққа жағымды
келіп, табиғи түрде айтылуы (дыбысталуы) талап етіледі.
236


Сөзді дұрыс жазу (орфография) сияқты, дұрыс айту да (ор-
фоэпия да) – әдеби тілдің бір қыры. Екеуінің де міндеті – тілді
әркім   өз   қалауынша,   өз   білгенінше   жұмсамай,   оның
көпшілікке   ортақ   барша   заңдылықтарын   сақтап   пайдалану
болып   та-былады.   Ондай   ортақтық   пен   ыңғайлылық   үшін
белгілі   бір   орфоэпиялық   нормалардың   болуы   –   заңды   да,
міндетті   де.   Ол   нормаларды   қатаң   сақтау,   жетілдіру,
орнықтыру   –   қазақ   тілінде   сөйлейтін   барша   жұрттың   (әр
адамның) борышы. Әсіресе бұл абыройлы міндет мұғалімдер
мен   мәдениет   қызметкерлерінің,   сахна   қайраткерлері   мен
әншілердің,   жиналыс,   жиындар-да   шығып   сөйлеушілердің,
дикторлар   мен   жалпы   радио-дан,   теледидардан
сөйлеушілердің алдында тұрады. Бұлар тіл мәдениетінің бір
ұшы – сөзді дұрыс айту заңдылықтарын (ережелерін) берік
ұстанып,   оларды   қалың   жұртшылыққа   жаю-шылар,
орфоэпиялық нормалардың жоқтаушылары болулары тиіс.
Өкінішке   орай,   бүгінгі   таңда   бұл   талап   толық   орындалып
отырған жоқ. Сөзді (ойды) ауызша айтуда әрқилы себептерден
болып жатқан қателіктер мен жайсыздықтар орын алып келеді.
Солардың   ішінде   ең   жиі   кездесетіні   –   қазақ   тілінің   дыбыс
жүйесінің   табиғи   тәртібі   болып   саналатын   үндестік   заңдарын
сақтамай,   сөздерді   қалай   жазылса,   солай   оқу   (айту)   немесе
сөздің жеке тұрғандағы тұлғасы қандай болса, сол күйінде айту
қателігі.   Мысалы,  қ,  к,  п  сияқты   қатаң   дыбыстарды   қажет
жерінде ұяңдатпай айту жиі ұшырасады. Соның салдарынан
күңгөрүу, негерек, аздаңгейін, құрғол, ағала болып айтылуға тиіс
сөздерді жазылуынша күнкөру, некерек, азданкейін, құрқол,
ақала  түрінде айтушылық етек алып барады  (бұл сөздер бір
ырғақпен айтылатын топтар болғандықтан, біріктіріп жаздық,
әйтпесе олардың жазылуда күн көру, не керек, аздан кейін, құр
қол, ақ ала болып, бөлек-бөлек таңбаланатыны аян). Сондай-
ақ  бәлгер,   сәудегер,   шәй,   Жәмилә  деп   дыбысталуға   тиіс
сөздерді  жазылуынша  балгер,  саудагер,  шай,  Жәмила  деп
айтушылық та жоқ емес.
Бұл күнде сөз сазына қатысты қиындықтың көзге түсетін
және бір тұсы – о, ө, е дауысты дыбыстарының қазақ сөзінің
басында келгендегі айтылуы. Қазақ сөздерінің басындағы осы
дыбыстардың алдында қосамжар у, й дыбыстары айтылуы
237


керек   болса,   бұл   заңдылықты   сақтамай,   сөздерді   «орысша»
айту байқалады: отан сөзінің қазақша айтылуы уотан болуы
керек,  ел  сөзі   орысша   айтсак,  эль,  қазақша   дұрыс   айтар
болсақ,  йел.  Сол сияқты сөз басында немесе бірінші буында
келген о, ө, ұ, ү еріндік дыбыстарының келесі буындардағы ы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет