Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет107/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

Жайнаған туың жығылмай, 
Жасқанып жаудан тығылмай, 
Жасаулы жаудан бұрылмай, 
Жаужүрек жомарт құбылмай, 
Жақсы өмірің бұзылмай, Жас 
қуатың тозылмай, Жалын 
жүрек суынбай, Жан 
біткеннен түңілмей, Жағалай 
жайлау дәулетің, Жасыл шөбі 
қуармай, Жарқырап жатқан 
өзенің Жайдақ тартып 
суалмай, Жайдары жүзің 
жабылмай, Жайдақтап қашып 
сабылмай, Жан біткенге 
жалынбай, Жақсы өліпсің, 
япырмай!
Мұнда ж дыбысы тек жол басындағы сөздерде ғана емес, 
тармақ ішіндегі сөздерде де келіп отырады: жайнаған туың
жығылмай, жасқанып жаудан тығылмай, жасаулы жаудан 
бұрылмай т.т.
Аллитерацияның құлаққа жағымды саздық қызметін мақал-
мәтелдер де жақсы пайдаланады. Мысалы, «Құлан құдыққа құла-
231


са,  құлағында  құрбақа ойнар» деген мақал  қ  дыбысынан ба-
сталатын сөздерді шоғырлап, белгілі әсер беріп тұр. «Көппен
көрген   ұлы   той»  деген   мәтелді  елмен   көрген,  жұртпен
көрген,   халықпен   көрген  деп   ауыстырып   айтуға   болмайды,
өйткені   мұнда  көппен   көрген  деген   сөздер   аллитерацияны
пайдаланғандықтан,   құлаққа   жағымды,   айтуға   жеңіл,   еске
сақтауға қолайлы мәтел болып тұр.
Қазақтың атақты билерінің сөздері көбінесе аллитерация-
лы   болып   келеді.   Мысалы,   «Төле   би   айтыпты»   деген
сөздерден: «Батыр деген –  барақ ит, екі долы қатынның  бірі
табады,  би  деген  –  бір  бұлақ,  қатынның  ілуде  бірі  табады»
деген   шешендікте  батыр,  би  деген  сөздеріне  б  дыбысынан
бастала-тын барақ, бұлақ деген теңеулер алынған.
Осы құбылыс дауысты дыбыстарға қатысты болып келсе,
ассонанс деп аталады. Бұл да қазақ тілінде орын алады. Бұған
классикалық мысал ретінде Махамбеттің атақты «Ереуіл атқа
ер салмай» деп басталатын өлеңін келтіруге  болады. Мұнда
өлеңнің әрбір тармағы е дыбысынан басталатын сөзбен келеді.
Сондай-ақ ақындар өлеңнің бір жолында біркелкі дауыстыдан
басталатын   сөздерді   алу   арқылы   да   ассонанс   тәсілін
қолданады. Мысалы, Фариза Оңғарсынованың:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет