Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


СӨЗ САЗЫ НОРМАЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ



Pdf көрінісі
бет109/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   151
СӨЗ САЗЫ НОРМАЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ
ЖАЙЫ
Сөзді   дыбыстау,   яғни   дұрыс   айту   нормалары   –   барлық
сәттерде   бірдей,   ешбір   бұлжымайтын   нәрсе   емес.   Жалпы   ау-
ызша сөйлеудің, яғни сөзді ауызша жеткізудің екі типі бар: бірі –
сөздерді толық әуенмен (ғылымда ол «толық стиль» деп аталады)
айту, екіншісі – әдеттегі сөйлесу әуенінде айту. Сөздерді толық
әуенмен   айтқанда,   оларды   нақпа-нақтап,   бір-бірімен   аса
жымдастырмай,   кейде   сөз   аяғын   созып,   әр   сөзді   тыңдаушыға
мейлінше анық етіп жеткіземіз. Бұл әуен ми-тинг сияқты аса көп
жұрт   жиналған   жерлерде   қолданылады,   өйткені   митингілерде
мыңдаған   адамға   қарата   айтылатын   сөз   өте   маңызды
болғандықтан, ол сөздің барша тыңдаушыға ба-рынша түсінікті
болып,   мейлінше   анық   естілуі   көзделеді.   Сондай-ақ   айтылмақ
сөзді   (ойды)   тілі   жаңа   шығып   келе   жатқан   сәбиге   немесе   сол
тілді әлі әбден меңгермеген өзге ұлт өкіліне түсінікті етіп білдіру
үшін де толық айту мәнерін қолданамыз. Бірақ өмірде сөздерді
толық   айту   мәнерінен   гөрі   сөйлесу   әуені   әлдеқайда   жиі
қолданылады. Бұл мәнерде сөздер аса шапшаң емес, бірқыдыру
баяулата,   бірақ   дауыс   ырғағы   жағынан   топ-тастырыла,   бір-
бірімен   қиюластырыла   айтылады.   Театрларда,   радио   мен
теледидарда,   топ   алдына   айтылатын   (оқылатын)   лекция-
баяндамаларда сөз айтудың осы әуені пайдаланылады.
Сөйлесу   мәнерінің   өзі   де   біркелкі   емес.   Оның   көтеріңкі,
салтанатты   үнмен   және   жай   үнмен   айтылуы   бар.   Салтанатты
үнде кейбір сөздерді әдейі бөліп айту немесе созып айту, кейде
тіпті толық әуенмен айтқандай, әрбір сөзді нақпа-нақтап дыбы-
стау  орын   алады.   Мысалы,   радио   мен   теледидардан   берілетін
мемлекеттік,   халықаралық   манызы   аса   зор   ресми   хабарлар
көбінесе салтанатты әуенмен беріледі. Пьесаларда да белгілі бір
жағдайға (ситуацияға) орай кейбір монологтер немесе тіпті бір-
екі   ауыз   сөз   де   көтеріңкі   үнмен   айтылуы   мүмкін.   Бірақ   қай-
қайсысында   да   тыңдаушыға   түсінікті   болып   шығатын
айқындықпен   қатар,   сөздердің   сөйлеу   актісіндегі   бір-біріне
ететін әсері, дыбыстардың бір-бірінің ыңғайына қарай үндесіп,
үйлесіп айтылуы  қатаң сақталуға  тиіс. Бұл талап әншілер мен
актерлерге, дикторлар мен комментаторларға, мұғалімдер
234


мен   лекторларға   және   жиын-жиналыстарда   сөйлеушілерге,
баяндамашыларға қойылады.
Сөздердің бір-бірімен үндесетін дыбыстық заңдарының күші
барлық   жерде:   күнделікті   сөйлеу   тәжірибесінде,   мектеп
оқушылары мен студенттердің сабақ үстіндегі сөйлегендерінде,
беретін   жауаптарында,   драма,   комедия,   трагедия   сияқты   пье-
саларда   ойнағанда,   тақпақ   айтқанда,   кинода,   радио   мен   теле-
хабарларда,   жиналыстар   мен   митингілерде   сөйлегенде   бірдей
болғанмен, әр жанрдың, тіпті бір жанрдағы әр шығарма түрінің,
әр   жағдайдағы   сөйленген   сөздің   айтылу   мәнерінде
айырмашылықтар болады. Мысалы, сөз дыбыстарын «ойна-тып»
әрі   белгілі   бір   өлшеммен   жазылған,   мақал,   мәтел,   фразе-
ологизмдерге   бай   «Еңлік-Кебек»,   «Қарақыпшақ   Қобыланды»,
«Айман-Шолпан»,   «Қарагөз»   пьесалары   (бәрі   де   –   Мұхтар
Әуезовтікі),   Ғабит   Мүсіреповтің   «Ақан   сері-Ақтоқты»,   «Қозы
Көрпеш-Баян   сұлу»   пьесалары,   Қалижан   Бекхожиннің   «Ұлан
асуы», Тахауи Ахтановтың «Ант» драмасы, С. Сыматаевтың «Зар
заман»   пьесаларының   сөздерін   айту   мен   біздің   күндеріміздің
тақырыптарына   арналған   пьесалардың   сөздерін   айтудың
арасында   айтарлықтай   айырмашылықтар   бар.   Алдыңғылардың
тілі дыбыстар гармониясын (сазын) көбірек талап етеді, сөздің
музыкалығын,   әуезді   болуын   қалайды.   Олардағы   ырғақтық-
мелодикалық топтардың өзі тілімізде әбден қалыптасқан, сөздері
бір-бірімен   ұйқас,   өлшем   дегендер-мен   «цементтелген»,   яғни
жымдасқан, үндескен болып келеді. Мысалы, «Еңлік-Кебектегі»
Көбей   мен   Еспембеттің   айтысын   алайық.   Мұндағы   курсивпен
теріліп   көрсетілген   сөздердің   ай-тылуына   назар   аударыңыз
(жазуда бүкіл тексті мүмкіндігінше транскрипциялап көрсетуге
тырыстық, дегенмен сөздердің сөйлеу актісіндегі дыбысталуын
таңбалармен   білдіру   өте   қиын,   яғни   транскрипцияда   сөздің
жазылуы мен айтылуы айна-қатесіз дәлме-дәл түсе бермейді):
Еспембет.   Тобұқтұ   /  шайалығығыңды   ғылдыңба  /  білегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет