Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет108/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   151
Айналайын, ауылдың адамдары-ай, 
Сендер барда бұзылар заман қалай? –
деген өлең жолдарында а дауысты дыбысымен ассонанс жаса-
лып тұр.
Аллитерация   мен   ассонанс   құбылыстары   тек   үн   сазын
келті-ру үшін ғана емес, айтылмақ ойға екпін түсіру, ақынның
көңіл   күйін   білдіру   сияқты   стильдік   қызмет   те   атқарады.
Мысалы,   Жамбылдың   Алғадай   деген   баласы   Ұлы   Отан
соғысында қаза тапқанын естігенде:
Алатауды айналсам 
Алғадайым табам ба?! 
Сарыарқаны сандалсам 
Саңлағымды табам ба?! –
деп күңірену үстінде Алатауды айналсам, Алғадайым... Сары-
арқаны сандалсам, саңлағымды...деп ассонанс пен аллите-
рация жасап, Алғадай, саңлақ сөздеріне екпін түсіріп, әке
232


зарын мейлінше әсерлі етіп беріп тұр. Біркелкі дыбыстар-ды
не   буындарды   таңдап,   қатар   тұрған   сөздердің   басында   не
ортасында   келтіру   айтылмақ   ойға   әсерлі   оң   беріп,   образ
жасауға да қатысады. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Еңлік-Кебек»
пьесасындағы Абызды сөйлеткенде: «Сыбдыр  сөзбен шыға-
рып сап, сынайын деп  к  епсің ғой,  көлгір  сөзбен  көлденең
болғың кепті ғой», – деп, с, к дыбыстарын ойнатады. Демек,
бұл   рөлді   ойнаушы   актер   аллитерация   жасап   тұрған
дыбыстар-ды   ерекше   мәнерлеп   айтса,   құба-құп   болар   еді.
Екінші   мысал:   «Қарагөз»   пьесасындағы   Сырымның   сүйген
жары   жынданып   кеткен   сәттегі   ышқына   күйінген   образын
беру   үшін,   оның   монологіне  с,  з  дыбыстары   бар   сөздерді
шоғырлап келтіреді: «Өсер.., өсер.., не өсер?. Тек зұлымдық
өсер нөсер болып се-нен. Сор өсер, ар өшер! Өскенде тек зар
өсер  сенің   лағынет   табаның   астында!».   Мұнда   да
дыбыстардың   айтылуы   ерекше   калыптасып,   жай   сөйлеу
нормасынан өзгеше болуы керек, яғни  с,  з  дыбыстарын өзге
дыбыстардан бөліңкіреп айтқан аб-зал, сонда ыза, қайғы, зар
буған кейіпкердің образы айқындала түседі.
Сөйтіп,   көркем   әдебиет   пен   сахна   өнері   сөз   сазы-на,
сөздердің   дыбысталу   сипатына   бейтарап   емес   екендігі
байқалады. Сондықтан бұл жайтқа көркем әдебиетті оқытып
үйрететін мектеп мұғалімдері мен сахна шеберлерін: актер-
лер мен әншілерді, көркем сөз айтушыларды тәрбиелейтін оқу
орындарының ұстаздары мен режиссерлер назар аударулары
шарт.
233




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет