меңғазақпын деп үндестірмей, мен қазақпын деп оқыған дұрыс.
245
3. Қазақ тілінде фраза мен идиом деп аталатын
қалыптасқан тұрақты тіркестер бар, олардың көпшілігі екі-үш
сөзден тұрады. Бұлар да бір деммен дыбысталатын тұтастық
кұрап, жымдасып, кірігіп айтылады. Мысалы:
Жазылуы:
Айтылуы:
ашық ауыз
ашығауұз
көз көрім (жер)
көзгөрүм
қарға адым
қарғадым
қас пен көздің арасында
қаспеңгөздүң арасында
қырғи қабақ
қырғиғабақ
Әрине, тұрақты тіркестердің барлығы айтылуда бұлайша
дыбыстық өзгеріске ұшырай бермейді. Мысалы, ат ізін салмады,
таң сыз берді, ауа жайылды деген сияқтылар жазылған күйінше
айтылады, өйткені бұларда да компонентгер арасындағы
дыбыстық ықпал өзгеріс туғызбайды.
4. Екі-үш сөзден құралып, бір ғана іс-әрекет атауын
білдіретін күрделі етістік дегендер болады, олар да бір
ырғақпен айтыла-ды.
Жазылуы:
Айтылуы:
ала келді
алагелді
келе алмады
келалмады
бармап па еді
бармаппеді
айтып берді
айтыпперді
оқып отыр
оқыботұр
Күрделі етістіктердің басым көпшілігі бір деммен айтыл-
ғандарымен, дыбыстық өзгеріске ұшырамайды, өйткені бұ-
лардың сөз аралығында үндестік заңдарына қарай дыбыс
икемделуі жоқ. Мысалы, келе жатыр, бара бер, айтып қой де-
ген сияқты күрделі сөздер жазылған түрінше айтылады.
Күрделі етістіктердің екінші бір тобы пайда көрді, қол
қойды, жүрек жалғады, көз көрген, доп ойнады, асық атты,
еске алды, қайқаң қақты сияқты есім мен етістіктен тұратын-дар
болып келеді. Олар да топ құрап, бір ырғақпен айтылады.
Жоғарғы мысалдардың айтылуы былайша болады: пайдагөрдү,
қолғойдұ, жүрөгжалғады, көзгөргөн, добойнады, асығатты,
ескалды, қайқаңғақты.
246
5.
Ол, бұл, сол, не деген есімдіктерменкелген тіркестер де
ырғағы жағынан біртұтас болып айтылады. Мысалы: солгез-
де, бұлгүндері, бүлғалада, олғыз, негерек, негеремет,
неғылсаң оғыл. Бұлардың жазылуы: сол кезде, бұл күндері, бұл
қалада, ол қыз, не керек, не керемет, не қылсаң о қыл.
6. О, а, я, е сияқты одағайларменкелген қаратпа сөздер бір
дауыс ырғағымен айтылады да, қаратпа сөз қ, к дыбыстарынан
басталып тұрса, бұл дыбыстар ғ, г болып айтылады. Мысалы:
Жазылуы:
Айтылуы:
а Құдай
ағұдай
о керемет
огеремет
я қызым
йағызым
7. Біріккен создер де бір ырғақтық топ құрайды. Олар қалай
жазылған күнде де (түбірлерін сақтап немесе сақтамай) бір-
біріне үйлесіп, үндестік заңдарына бағына айтылады. Мысалы:
Жазылуы:
Айтылуы:
шекара
шегара
күздігүні
күздүгүнү
Жезқазған
Жезғазған
Сарыарқа
Сарарқа
өнеркәсіп
өнергәсіп
кәсіподақ
кәсібодақ
жанкүйерлер
жангүйөрлер
орынбасар
орұмбасар
дүйсенбі
дүйсөмбі
өгізшағала
өгүшшағала
ақиық (қыран)
ағыйық
8. Қос сөздердің сыңарлары да бір деммен үйлесе, үндесе
айтылады. Олар көбінесе түбірі сақталып, дефиспен жазыла-
ды.
Жазылуы:
Айтылуы:
астан-кестен
астаңгестен
көзбе-көз
көзбөгөз
қолма-қол
қолмағол
келе-келе
келегеле
қилы-қилы
қыйлығыйлы
қоян-қолтық
қойаңғолтұқ
құда-анда
құданда
азды-көпті
аздыгөптү
247
9. Күн күркіреу, қой қоздау, аяқ аттау, жүрек жалғау, көзі
күлімдеу сияқты бір сыңары – зат есім, екіншісі – етістік бо-
лып келетін тіркестер де бір-бірімен үндесіп, бір тыныспен
айтылады : күңгүркүрөу, қойғоздау, айағаттау, жүрөгжалғау,
көзгүлүмдеу. Ауа райын хабарлайтын дикторлар «бүгүн пәлен
жерде жаңбыр жауұп күңгүркүрөйт» деп айтулары керек (күн
күркірейді емес).
10. Бала кезі, жаз күндері, жан құштары, Алматы
қаласы, Байқал көлі, аяк алысы, көңіл қошы, күннің көзі
сияқты бір сыңары тәуелдік жалғаулы сөз болып келген
тіркестер де бір ырғақпен үндесіп айтылады: балагезі,
жазгүндөрі,
жаңғұштары, Алматығаласы, Байқалгөлү, айағалысы, көңүл-
ғошұ, күннүңғөзү.
11 Негізгі сөз бен соған қатысты шылау сездер, көмекші
есімдер ( қасында, ішінде, үстінде т.б.) бір ырғақпен айтыла-ды.
Шылаулардың басым көпшілігі ( соң, шейін, дейін, туралы,
шақты, сайын, басқа, бөтен, тым, таман, ма/ме, ша/ше т.б.)
алдыңғы сөзбен бір топ құрағанымен, араларында дыбыстық
өзгерістер болмайды: аздан соң, үйге дейін, саясат туралы, он
шақты, барған сайын, бала ма, қыз ба. Дыбыстық өзгеріс қ,
Достарыңызбен бөлісу: |