Бұл айтылғанға мысал ретінде Абайдың мына бір шумақ
өлеңінің дұрыс оқылуын (айтылуын) көрсетейік:
Аласаз / қарагөзү / айнадайын //
Жүрөкке / ыстықтійіп / салған сайын //
Үлбүрөген / ағетті / ашығжүзді //
Тісәдемі // көрүппең / кыздыңжайын //.
Анықтауыш пен анықталғыштан тұратын топтардың
барлығының бірдей айтылуы мен жазылуы бұлайша алшақтана
бермейді. Мысалы,
алтын сағат, ағаш қасық, бұран бел, жо-
март адам, арық кой деген топтар қалай жазылса,
солай
айты-лады, өйткені бұлардағы сөздердің бір-біріне тигізетін
әсерінде дыбыстық өзгерістер болатын сәттер жоқ.
2. Толықтауыш пен баяндауыш, бастауыш пен баяндауыш,
пысықтауыш пен баяндауыш араларына сөз түсірмей қатар
келсе, жай хабарлау ретіндегі сөйлемдерде олар бір деммен ай-
тылады. Мысалы,
Біз үйге кеттік деген сөйлем
Біз/үйгөгеттік
болып айтылады. Сол сияқты
Жолаушы тез келді дегенді
Жо-
лаушы / тезгелді деп айту керек.
Мұндағы
үйге, тез деген
сөздер – толықтауыш, пысықтауыштар да
кетті, келді деген-
дер – баяндауыштар. Сондықтан
тезгелді, үйгөгеттік болып
үндесіп айтылады.
Кейде баяндауышқа логикалық екпін түсіру керек болады.
Ондайда баяндауыш дауыс ырғағы жағынан дара айтылады да
алдыңғы сөзбен үндеспейді. Мысалы, «Еңлік-Кебек» пъесасын-
да Кебек елден пана таба алмай, тау кезіп, тас кешіп кететінін
білдіріп:
«Ал / біз / кеттік!» дейді. Мұнда
кеттік сөзіне ой
екпіні түсу керек, сондықтан бастауыш, баяндауыштар қатар
тұрғанмен,
кеттік сөзі ырғақтық топқа кірмейді, демек, басқы
дыбысы ұяңдамайды. Тағы бір мысалға мына екі сөйлемді
салыстырайық: Меңгөрдім / ұзұнғайың / құлағанын // (Абай).
Мен қазақпын / мың өліп / мың тірілген // (Ж.Молдағалиев).
Алғашқы өлең жолында бастауыш пен баяндауыш үндесіп
айтылады
(меңгөрдім), өйткені мұнда
көрдім сөзіне ой екпіні
түсіп тұрған жоқ, ал соңғы өлең жолында
мен / қазақпын деген
бастауыш пен баяндауыш екі бөлікте айтылуға тиіс, өйткені ой
екпіні өзге ұлт емес,
қазақпын дегенге түсіп тұр, сондықтан
Достарыңызбен бөлісу: