орыс+ша, жаз+са, жұмыс+шы, көн+бе+ді, көр+ін+ген деген
сөздер айтылуда түңгү, қашаңғы, түңгө, қашаңға, орұшша,
жасса, жұмұшшы, көмбөді, көрүнген болып дыбысталады.
Дыбыстардың бір-біріне тигізетін ықпалы әсіресе біріккен
сөздер (бірігіп жазылатын) мен қос сөздердің (дефис арқылы
жазылатын) аясында өте-мөте сезіледі, өйткені біріккен сөздер
әрдайым бір ырғақпен айтылады. Мысалы, мына сөздер: шек
ара, алма-кезек, қара күйе деп бөлек-бөлек айтылмайды, шега-
ра, алмагезек, қарагүйө болып бір ғана тыныспен (ырғақпен),
бір деммен айтылады. Осы себептен де біріккен сөздер мен
қос сөздерді айтуда кететін қателіктер бірден көзге түсіп
тұрады (дәлірек айтсақ, құлаққа жайсыз естіліп тұрады).
Қазақ тілінде кісі аттары, жер-су аттары, аң-құс, құрт-
құмырсқа, бақа-шаян, өсімдік атаулары және термин сөздер
көбінесе біріккен сөз болып келеді. Мысалы:
Кісі аттар. Жазылуы: Досжан, Сәтбай, Құланбай, Болат-
бек, Маржанқыз. Айтылуы: Дошшаи, Сәтпай, Құламбай, Бо-
латпек, Маржаңғыз. Қазақ тілінің ең соңғы редакцияланған
(түзетілген) емле ережелері бойынша кісі аттарының көп-
шілігі кіріккен күйінде естілуінше жазылады. Мысалы,
Саты-
балды (Сатыпалды емес), Дәметкен (Дәмееткен емес), Ұлбосын
(Ұлболсын емес), Айғыз (Айқыз емес) Нұрғожа (Нұрқожа емес),
Амангелді (Аманкелді емес), Қарагөз (Қаракөз
емес).
Жер-су аттары. Жазылуы: Жезқазған, Талдықорған, Еңбек-
шіқазақ, Жаманқала, Ешкіөлмес, Қараөткел, Қараой,
Жылыой. Айтылуы: Жезғазған, Талдығорған, Еңбекшіғазақ,
Жамаңғала, Ешкөлмес, Қарой, Жылой.
Аң-құс, жәндік, өсімдік атаулары. Жазылуы: қарақұрт,
кәріқыз (өсімдік), алақоржын (тышқан), ақиық (қыран), бірқазан
(құс), өгізшағала (құс), қозықұйрық (өсімдік), қарақұс
(құс), жыланқияқ (өсімдік) т.т. Бұлардың айтылуы: қарағұрт,
кәріғыз, алағоржұн, ағыйық, бірғазан, өгүшшағала,
қозғұйрұқ, қарағұс, жылаңғыйақ.
Терминдер.Жазылуы: өнеркәсіп, кәсіподақ, қолөнер, үш-
бұрыш, төртбұрыш т.б. Олардың айтылуы: өнергәсіп, кәсіб-
250
одақ, қолөнөр, ұшпұрұш, төртпұрұш (бұл мысалдар – тек
қана айтылуда дыбыстық өзгерістерге ұшырайтын сөздер, ал
біріккен сөзден тұратын адам, жер-су аттары, өсімдік, аң-құс
атаулары мен терминдердің ішінде жазылуынша айтылатын,
яғни үндестік заңдарына сай өзгеріс болмайтындары өте көп.
Мәселен: Ақтай, Ұлдай, Қызылорда, аққу, бұзаубас (құрт),
қолжазба т.т.
Қос сөздер де әрдайым бір ырғақпен, бір деммен айтылады да
ондағы сыңарлар бір-біріне үндесіп, қиюласып жатады. Мы-
салы, айтылуда: алмагезек, қолмағол, көзбөгөз, қойаңғолтұқ,
келдігетті, істүссүз, құбағұп, қыйлығыйлы, күмбөгүн т.т.
Бұлардың жазылуы: алма- кезек, қолма-қол, көзбе-көз, қоян-
қолтық., келді-кетті, іс-түссіз, құба- құп, қилы-қилы, күнбе-
күн. Әсіресе қ, к дыбыстарынан басталатын сөздің арала-
рына ба/бе, ма/ме, па/пе дәнекерін салып қайталап жасала-
тын түрлерінің (қолма-қол, көзбе-көз, қарама-қарсы), екінші
компоненті (сыңары) ұяңдап айтылатынын (қолмағол,
көзбөгөз, қарама- ғарсы) қатты ескеру керек.
Сөздерді дұрыс айтуда көңіл аударатын келесі үлкен мәселе –
орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге тілдерден енген
сөздердің қазақша дыбысталу жайы. Мектептен бастап үйретіліп
келген қағида бойынша, орыс тілінен енген кірме сөздер қазақша
сөйлеуде екі топқа бөлініп айтылуға тиіс: бірін-ші топқа
ертеректе еніп, қазақ тілінің дыбыстық заңдарына сәйкес өзгеріп
қалыптасқан сөздер, сол «қазақыланған» қалпынша айтылатын
сөздер кіреді. Мысалы, шай, самау-
Достарыңызбен бөлісу: |