Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет136/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   151
ск, фт, пт, мт дыбыстарына аяқталатындарына қазақ тілінің
275


қосымшалары жалғанғанда, сөз бен қосымшаның аралығына
дәнекер ы, і дыбыстары қосылып айтылады және солай жа-
зылады. Мысалы: киоск+ке – киоск+і+ге (киоскке емес),
бұл   жерде   дәнекер  ы,  і  болғандықтан,   қосымшалар   ұяңдап
кетеді (-ке емес, -ге, -тар/-тер емес, -лар/ -лер деген сияқты),
митинг+тер – митинг+і+лер (митингтер  емес),  Омск+тен –
Омск- +і+ден (Омсктен  емес),  сол сияқты  фактілер, фактіге,
фактісі (факттер,  фактке,  факті  емес),  штампылар, штам-
пыны,   штампысы,   штампыға  (штамптар,   штампты,  штам-
пы, штампқа емес), объектілер, объектіге, объектісі (объ-
ектер,   объектке,   объекті  емес).  Үш   дауыссызға   аяқталған
сөздер   қазақ   қосымшаларын   дәнекер  ы,  і  дыбыстарынсыз
қабылдайды,   өйткені   айтуда   алдыңғы   дауыссыз   бір   буынға
кетеді де соңғы екі дауыссыз айтуда  өздері бір буын болып
айтылады:  пунк(і)т,  пункітке,  пункіттер,  пункіті  (пунктіге,
пунктілер,   пунктісі  емес),  сфинкіс,   сфинкістер,   сфинкістің
(сфинксілер, сфинкісінің емес). Ал бұлардың жазылуы: пункт,
пунктке, пункттер, сфинкс, сфинкске, сфинкстің.
Ал тр, зм, рг, рд, лк, кс, дж, фр, рв, кт, дз, фм сияқты дау-
ыссыз дыбыстар тіркесіне аяқталған кірме сөздерде айтылуда
соңғы екі дауыссыздың арасына ы, і дыбыстары қосылып ай-
тылады: метір, оркестір, альпинизім, колледіж.
Соңғы екі-үш дауыссыздың біреуі  к,  г дыбыстары бо-лып
келсе,   ол   сөзге   қазақ   қосымшалары   тек   қана   жіңішке
жалғанып, жіңішке айтылады (түбірдегі дауысты мейлі жуан
болсын, мейлі жіңішке болсын). Мысалы: пунктке (айтылуы:
пунктке),   паркке,  парктер,  паркі  (айтылуы:  парікке,  паріктер,
паркі), митингіге, митингілер, киоскінің, киоскілер. Ал к, г
дыбыстары жоқ жерде қосымша сөз түбірінің немесе түбірдің
соңғы   буынының   жуан-жіңішкелігіне   қарай   жалғанып,   сол
жалғанған   түрінде   айтылады.   Мысалы:  лифтілер,  лифтісі,
лифтіге  (мұнда қосымша жіңішке,  өйткені түбірдің дауысты
дыбысы и – жіңішке), штампыға, штампылар, штампысы
(мұнда түбірдегі дауысты  а  жуан болғандықтан, қосымша да
жуан жалғанып тұр).
Осы ережеге сай етіп мына сөздерге қазақша қосымшалар
(септік,   тәуелдік,   көптік   жалғауларын)   жалғап   көріңдер   де
дұрыс айтып беріңдер:
276


Антракт, металлург, анонс, бланк, контракт, бумеранг, по-
чтамт,   дифирамб,   интеллект,  катафалк,   комплекс,   комплект,
конспект, кзендз, лаборант, ландшафт, логарифм, манускрипт,
медпункт, моллюск, пакт, прейскурант, раунд, рецепт, рислинг,
такт, экспромт, цифр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет