§22. Орыс тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік
белгісі (ь) жазылатын және л дыбысына аяқталатын сөздерге
қазақтілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі
жазылмайды жэне л дыбысы жуан айтылады. Мысалы:
Орысша Қазақша жазылуы жазылуы: әрі айтылуы: материальный материалдық (материальдық емес)
феодальный феодалдық (феодальдық емес)
коммунальный коммуналдық (коммунальдық емес)
Ал жұрнақтар жалғанбай-ақ түбірдің өзінде л дыбысы
жіңішке сөздерде (яғни түбірдің өзінде жіңішкелік белгісі
жазылатын сөздерде) ь таңбасы сақталып жазылады және л дыбысы жіңішке айтылады:моральный–моральдық(сөз
түбірі – мораль), артельный – артельдік (сөз түбірі – артель). Мұндайда көбінесе сөздердің қазақша айтылуы жазылуына
сай келеді: ь тұрса, л дыбысын жіңішке айту керек те, ь жоқ
болса жуан айту керек.
Осы ережені ескеріп, мына сөздерді дұрыс айтып көріңдер.
277