Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет37/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

Лексикалық варианттар
Лексикалық, яғни жеке сөздердің варианттарын құрайтын
топтар мынадай:
1) қазақтың төл сөздерінің ішінде бірі – жұрнақсыз түбір сөз,
екіншісі – жұрнақты туынды сөз болып қолданылып жүрген ва-
рианттар қатары бар: нақты – нақтылы, ерек – ерекше, шабар
– шабарман, ұры – ұрлықшы, диқан – диқаншы, аспаз – аспаз-
шы, кіл – кілең, тоз – тозаң, мүкі – мүкіс, лайық – лайқат.
Бұндай қатарлардың дублетті сипаты, яғни біреуі артық екен-дігі
жақсы сезілгенімен, көпшілігінің екі варианты да қолданы-лып
жүр.  Тек бірен-  саранының,  мысалы,  диқан  сөзінің  диқан-шы,
аспаз сөзінің аспазшы варианттарын қате деп тауып (яғни диқан,
аспаз  деген   тұлғалардың   өздері   кәсіп   немесе   мамандық  иесі
екендігін білдіреді), жұрнақты сыңарларына сөздіктер-ден орын
бермей   жүрміз.   Ал  диқаншы  тұлғасын   қазақ   сөзінің   қас
сақшылары   –   Ахмет   Байтұрсынов,   Міржақып   Дулатовтар
қолданғанын білеміз. Соған қарағанда, халықтық қолданыста сөз
түбірінің, әсіресе кірме сөздер мен жұрнақтардың мағы-насына
жеке-жеке   үңілуден   гөрі,   мамандықты,   кәсіпті   таны-татын
сөздердің   біркелкі   тұлғалануына,   яғни   көбінің   -шы/-ші
жұрнағымен   жасалатындығына   назар   аударылған   сәттері
болатындығын байқаймыз.
2) Қазіргі тіл жұмсау тәжірибемізде бірқатар сөздерге ІІІ
жақтық   тәуелдік   көрсеткішін   екі   рет   қабаттастыра   жалғап
қолдану   орын   алып   келеді:  көбі  –  көбісі  (көп+і+сі),  бірі  –
бірісі  (бір+і+сі),   ақыры-ақырысы   (ақыр+ы+сы)  (бұлар
жөнінде  толығырақ   «Морфологиялық   варианттар»   деген
тараушада ай-тылады).
3)   Қазақтың   төл   сөздерінің   ішінде   бір   түбірден   екі   түрлі
жұрнақ   арқылы   жасалып,   бірдей   мағынаны   беретін   сөздер   де
варианттар   қатарын   құрайды:  намысшыл  –  намысқор  –
намысқой,   кемдік   –   кемшілік,   жаугерлік   –   жауынгершілік,
бейәдеп – әдепсіз, бейхабар – хабарсыз, аласы – алажақ, бересі
– бережек – берешек, себепкер – себепші, арызқой – арызқор
– арызшыл, аспаз – аспазшы – асшы, шоқынды – шоқыншық,
малсақ   –   малжанды,   ұтымды   –   ұтықты,   оқтын-оқтын   –
оқсын-оқсын  т.т.  Мұндай қатарлар сан жағынан едәуір.  Нор-
ма тұрғысынан қарағанда, бұлардың да көпшілігі – жарыса
85


қолданыла беретін сөздер, тек бірен-саранының екінші вари-
анттары жергілікті қолданыс  (оқсын-оқсын,  бережек)  немесе
ауызекі сөйлеу тіліне тән  (шоқыншық)  деп саналады. Әрине,
бұлардың алма-кезек қолданыла беретін себептерін дәлелдеу
қиын,   дегенмен   әр   жұрнақтың   сөз   мағынасына   қосатын   өз
реңктері (семалық ерекшеліктері) бар екенін байқап, олардың
әрқайсысының   қолданылатын   орындарын   біліп   жұмсау   ке-
рек.   Айталық,   шоқынған   адамды  шоқынды  десе,   ол   –   ней-
тралды жалпы атау, ал оны  шоқыншық  дегенде, жақтырмай,
мұқатып атау реңкі сезіледі; сол сияқты білімді – бояусыз но-
минатив,  білімдар  – көтеріңкі тон қосылған, эмоциялы атау;
арызшыл  арыз жазғыш адамның нейтралды нақты атауы, ал
оны  арызқой  десек,   «арыз   жазуға   әбден   бейімделіп   алған»
деген сияқты қосымша мағыналық сема (реңк) үстелген деу-
ге болады. Бейберекет пен берекетсіз, бейхабар мен хабарсыз
тәрізді   жарыспалы   қатарлардың   екі   сыңары   да   өзге   сөздермен
тіркесу  қабілеттеріне  қарай   немесе  белгілі   бір   функционалдық
стильге жататын үлгілерде қолданылу мүмкіндіктеріне қарай өз
орындарында жұмсала алады:  хабарсыз кету  дегенді  бейха-бар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет