Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


Диалектизмдер және әдеби норма



Pdf көрінісі
бет69/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

Диалектизмдер және әдеби норма
Лексиканың   нормалану   процесін   әңгімелеуде   диалектілік
бірліктердің   қолданысына   айрықша   назар   аударылады.   Қазақ
әдеби   тілінің   бүгінгі   даму   кезеңінде   мұның   бірнеше   себептері
бар.  Алдымен,   «Қазақстанның   әр  өлкесінде   тек   өз  шенберінде
қолданылатын, яғни таралу шегі бар жергілікті сөздердің бүгінгі
лексикалық,
 
стилистикалық
 
статустары
 
қандай?
Диалектизмдердің   әдеби   лексиканы   байытудың   негізгі   көзі
болып   келді   ме   немесе   әрі   қарай   бола   ала   ма?»   деген
проблемалардың бар екендігінде. Екіншіден, «диалек-тизмдердің
көркем   әдебиеттегі   қолданысы   мен   өзге   функцио-налдық
стильдердегі   орын   алуындағы   ерекшеліктерді   дұрыс   танып
жүрміз бе? Қазіргі қазақ әдеби тілінің тірек диалектісі болды ма,
жоқ   па?   Болса   –   қай   диалект   негіз   болып   танылады?»   деген
теориялық-танымдық проблемаларды былай қойғанда, жоғарыда
көрсетілген сауалдар «диалектизмдер және әдеби норма» деген
тақырыпты алға тартады. Әрине, бұл тақырып
–   бір   емес,   бірнеше   ғылыми   монографиялардың   нысаны
(объектісі) екені даусыз. Сондықтан біз бұл жерде қазақ тіл
154


білімінде біршама орныққан пікірлер мен диалектизмдердің
қолданысындағы  уәжді-  уәжсіз   ауытқуларды  қысқаша   баян-
даймыз.
Жергілікті сөздер – ауызекі сөйлеу тілінің элементтері. Ал
сөйлеу тілі – әдеби тілдің қайнар көзі. Сондықтан ұлттық жаз-
ба әдеби тілдіңқалыптасып, сөздік қазынасыныңтолығуында
диалектизмдердің орны, рөлі бар екендігі даусыз.
Тілдің лексикалық қорының толығу заңдылықтарына сәйкес,
диалектизмдер   де   аз-аздап   әдеби   айналымға   түседі.   Оған   әр
алуан   тілдік   те,   экстралингвистикалық   та   сұраныстар   себеп
болады.   Айталық,   шаруашылықтың,   кәсіптің   бұрын   қазақ   да-
ласына тегіс жайылмаған түрлері енді қоғам өмірінен орын алып
жатса, бұларға қатысты зат, құбылыс, ұғым атауларын жергілікті
қолданыстардан ауыстырып алу фактісі бар, бұл қазақ тілінде де
орын   алып   келгендігін   зерттеуші-диалек-тологтер   көрсетіп
келеді.   Мысалы,   бау-бақшаның   және   егін-шіліктің   басқа   да
кейбір   түрлерінің   балық   өсірудің,   балық   аулаудың,   бұғы,   түйе
өсірудің кейбір атаулары жергілікті қордан алынып отырғанын
көптеген   мысалдармен   дәлелдеуге   болады.   Айталық,
диалектологтер бұл қатарға бағбан, мұрап, зембіл, гүлзар, атыз,
жеңсе, жозы, дәліз, мәре, арықтың жан арық, бас арық, бау арық,
желке  арық,   қол  арық,   оман   арық,   оң   арық   сияқты   он   шақты
түрінің атауын көрсетеді.
Диалектизм дегеніміз – әдетте әдеби баламасы бар бірліктер,
сондықтан   жалпыхалықтық   баламалары   жоқ   жоғарыда   көрсе-
тілген   сөздердің   әдеби   тіл   нормасынан   орын   алуы   –   орынды.
Диалектілік   ерекшеліктер   тек   зат   атаулары   емес,   қимыл,   сын
атауларынан да кездеседі. Қазіргі қалың көпшілікке едәуір таныс
болып қалған бағамдау, тәжікелесу, сейдін, албаты
сияқты сын есім, үстеу, етістіктердің де түптөркіні жергілікті
қолданыстар екенін екінің бірі біле бермейді. Бұлар – әдеби
баламасы бар сөздердің синонимдік қатарлары ретінде әдеби
тіл айналымына түскендер. Соңғылардың әдеби нормаға ену
мүмкіндігін өзге  сұраныстар   туғызып   отыр,  олар:  әр сөздің
мағыналық   реңктерін   пайдалану,   экспрессиялық   боя-уы
қалыңдау   қатарларды   іздеу,   көркем   шығармада   стильдік
мақсаттарды көздеу т.т.
155


Сірә, көркем әдебиетте кейбір жазушылардың диалектизм-
дерге көбірек баруының бірнеше себебі бар, олардың бірі –
«әркім өзі туып-өскен өлкеде қолданылатын тіл элементтерін,
бала кезінен құлаққа сіңіп, үйреншікті болып кеткен сөздерді
қимай,   соны   дұрыс   деп   есептейтіндіктері»   (Ш.Сарыбаев),
екіншісі – әсерлі, экспрессивті сөздерді іздеуі. Алғашқысы –
көбінесе санадан тыс, оның үстіне әдеби нормадағы сөз-дер
мен   нормадан   тысқары   тұратын   сөздерді   ажыратып   таны-
майтындықтан болып жатса, соңғысы – саналы түрде, бірақ
кейде сәтсіз (уәжсіз) шығатын әрекеттер болып кетеді.
Жалпы тіл білімінде диалектизация деген термин бар, ол
–   көркем   әдебиетте   (кейде   тіпті   тұтас   әдеби   тілде)   жергілікті
ерекшеліктерді   еркін   әрі   молынан   жұмсау   әрекеті.   Тілдер
дамуының белгілі бір кезеңінде бұл процесс орын алуы мүмкін.
Қазақ тілінде диалектілендіру (диалектизация) құбылысы айқын
және   қарқынды   түрде   болмағанмен,   XX   ғасырдың   70-80-жыл-
дарында   қылаң   беріп   қалғанын   айтуға   болады.   Көркемсөз
шеберлерінің   бірқатарының   (Д.Досжанов,   Т.Әлімқұлов   т.б.)
шығармаларында   жергілікті   тіл   ерекшеліктерінің   айтарлықтай
орын алғанын Ғ.Мүсірепов сияқты аға жазушылар мен кейбір тіл
мамандары (Б.Қалиев) баяндамалары мен мақалаларында арнайы
атағаны   мәлім.   Диалектизмдерді   стилизация   мақса-тында
пайдалану  айтарлықтай  күш  алып,   әрі   қарай   дамыма-ғанымен,
көркем   дүниені   диалектизмдермен   өрнектеудің   шама-шегін,
амал-тәсілін,   орын-кезеңін   тап   баса   алмай,   әдеби   норма-дан
шығып кетіп жатқан фактілерді 80-жылдардағы туындылар-дан
тауып, жинап біз де көрсетіп едік. 1984 жылы жарияланған бір
мақаламызда   айтылған   пікірлер   мен   келтірілген   мы-салдарды
қайталасақ.   Жазушы   Бекділда   Алдамжаровтың   «Қара   нөсер»
атты кітабында ( «Жазушы», 1981) ояқ, анаяқ,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет