Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕГІ СӨЗҚОЛДАНЫС



Pdf көрінісі
бет71/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕГІ СӨЗҚОЛДАНЫС
ЖӘНЕ ӘДЕБИ ТІЛДІК НОРМА
Көркем әдебиет тілінің өзге функционалдық стильдерден
айырмашылығы бар екендігі  жалпы тіл білімінде бұрыннан
айтылып   келеді.   Сондықтан   да   кейбір   ғалымдар   көркем
әдебиет   үлгілерін   функционалдық   стильдер   қатарына   қос-
пауды   ұсынады.   Функционалдық   стильдердің   әрқайсысы:
пуб-лицистикалық, ғылыми және кеңсе-іс қағаздары үлгілері
бір-бірінен өзіне тән белгілерімен азды-көпті бөлініп тұратын
бол-са,   көркем   әдебиетте   мұндай   стильдік   тұйықтық
болмайды,   көркем   шығармаларда   барлық   стильдердің   де,
ауызекі сөйлеу тілінің де элементтері орын ала алады. Және
бұл – бейнормалық, нормадан ауытқушылық емес, көркемсөз
нормасының өзіне тән белгілері болып саналады.
Қай тілдің болмасын көркем әдебиет стилі өзге халықтар-дың
көркем   дүниесінен   өзінің   ұлттық   көркемсөз   нормалары-мен
(белгілерімен)   ажыратылады.   Көркем   әдебиет,   бір   жа-ғынан,
жалпы әдеби тілдің құрылымдық нормаларына, екінші жағынан,
көркем   сөздің   ұлттық   нормаларына   иек   артады.   Ұлттық
нормалар деп отырғанымыз – қазақтың көркем әдебиет негізін
жалпыхалықтық   тілден,   ұзақ   дәстүрлі   ауыз   әдебиеті   тілі   мен
ауызша дамыған ақын- жыраулар тілінен алады, бұлар – бүгінгі
қазақ   жазба   көркем   әдебиетінің   лексикалық   қазынасы   мен
көріктеуіш   құралдарының   қайнар   көзі.   Жалпы   қазақ   әдеби
тілінің   екінші   ұлттық   белгісі   –  оның   аса   бейнелі   тіл   екендігі,
әсіресе   синонимдер   мен   жалпы   әдеби   сипаттағы   жарыспа
қатарлардың   молдығы.   Осы   белгіні   көркем   әдебиет   барынша
пайдаланады.  Үшінші белгісі – қазақ тілінде  диалектілік  ерек-
шеліктердің   аз   байқалатындығы,   бұл   –   көркем   әдебиет   тілін
Қазақстанның барлық аймағына түсінікті тіл болып таны-луына
мүмкіндік   береді.   Қысқасы,   қазақтың   жазба   көркем   әдебиеті
санғасырлық жазба дәстүрге емес, өте ертеден келе жатқан аса
бай   ауызша   тараған   көркемсөз   дәстүріне   иек   артып,   дамыды.
Қазақ көркем сөзінің дамуында поэзия ерекше орын алды. Ал
кейінгі   ғасырларда   (XIX-XX)   қазақ   әдеби   тілі,   өзге   тілдер
сияқты, ұлттық жазба статусқа ие болып, оның өзге де
161


функционалдық стильдері пайда болды, ол стильдер көркем
әдебиеттің белгілерін айқындай, ажырата түсті.
Поэтикалық   тіл   теориясындағы   тұжырымдарға   қарағанда,
көркем әдебиетте сөз, бір жағынан, жалпы ұлттық нормаға сай
қолданылуы   тиіс  болса,   екінші   жағынан,   көркем   дүние  жа-сау
міндетін   көздеуі   керек.   Осыған   орай   көркем   шығарманың
лексикасын тілдік норма тұрғысынан екі бөліп қарау керек: бірі –
сөзді   жалпы   дұрыс   қолдану,   екіншісі   –   әсем   қолдану.
Алдыңғысында сөздің  жалпы нейтралдық,  атауыштық қызметі,
соңғыда көркемдік қызметі нысанаға алынады.
Тіл мәдениетінің негізгі қарастыратыны – әдеби норма, нор-
малану   процесі,   ол   нормалардың   қалыптастырылуы   (кодифи-
кациясы).   Қазақ   көркем   әдебиетіндегі   бүгінгі   лексикалық   нор-
маларды   әңгімелегенде,   жоғарыдағы   тарауларда   көрсетілген
мына   мәселелерге   назар   аударылды:   а)   әр   алуан   жарыспа
қатарлардың   сыңарларын  таңдап,   өз  орнында  жүмсау;  ә) көне,
жаңа,   сирек,   қарапайым,   жергілікті   сөздердің   мағыналарын
жақсы біліп, керек жерінде ғана дұрыс қолдану; б) өзге стиль-
дердей емес, көркем әдебиетте жаңа сөз жасауға әуестенбеу; в)
ғылыми-өндірістік   терминдерді   кемде-кем   жұмсау;   г)   әдеби
нормадан   тысқары   тұратын   сөздер   тобын,   әсіресе   көне   сөздер
мен   диалектизмдерді,   сирек   қолданылатын   сөздерді   көбінесе
белгілі   бір   стильдік   мақсатпен,   образ   жасауда   пайдалану;   д)
публицистика мен ресми құжаттар тілінде орын алатын штамп
сөздер мен стереотип тіркестерге бой алдырмау. Бұлар
–   норманы   ұстануға   қажет   шарттар.   Қазіргі   қазақ   көркем
әдебиеті осы көрсетілген талаптарды біршама орындап отыр.
Соңғы онжылдықтардың барысында қазақ көркем әдебие-
тінде   тілдің   сөздік   байлығын   мейлінше   кең   қамту   бағыты
сезіледі.   Ол   үшін   алдыңғы   тарауларда   көрсеткеніміздей,
жұмсалу аймағы шектеулі диалектизмдерді де, мағынасы күң-
гірттеу  көне   сөздерді   де,   мағынасы   бейтаныстау  сирек   кез-
десетін сөздерді де, тіпті кейбір қарапайым сөздерді де әдеби
тіл   нормасына   икемдеу  фактілері   бар.   Бұл   құбылыстың   са-
налы түрде, белгілі бір стильдік мақсатпен де, ешбір уәжсіз,
білместікпен де жүріп жатқаны байқалады.
Бүгінгі   қазақ   жазба   әдеби   тілінің   даму   кезеңінде   сөздік
құрамды толықтыра түсу, жауыр болған «терминмен» айтсақ,
162


«сарқа пайдалану» – әлі де жүріп жатқан процесс. Бұл – тек
көркем   әдебиеттің   ғана   емес,   публицистика   мен   ғылыми
әдебиеттің,   әсіресе   соңғы   стильдің   басты   мүддесі.   Сөздің
семантикалық   реңктерін   ажыратып   атауда,   бұрынғы
сөздердің,   терминдердің   мағынасын   айқындап,   дұрысын
ұсынуда жаңа зат, құбылыс, ұғымдарды білдіруде әдеби тілге
көптеген   лексикалық   жаңалықтар   еніп   жатыр.   80-90-
жылдарда   жаңа   қолданыстардың   бумы   (қауырт   көбеюі,
тасқындауы)   басталды   деуге   болады.   Бұл   процесте   әдеби
тілдің сусындайтын көзі, бір жағынан, көне, сирек, жергілікті
сөздер қоймасы болса, екін-ші көзі – жаңа тұлғаларды қолдан
жасау (аффиксация арқылы және мағына ауыстыру арқылы),
үшінші каналы – шет тіл-дерден сөздерді, көбінесе ғылыми-
техникалық терминдерді қабылдау.
Көркем әдебиет тілінде осылардың біріншісі, ішінара екін-ші
көздері іске қосылды. Көне, сирек сөздерді не өз мағына-сында,
нежаңа   мағына   үстеп   жаңғыртып   қолдануға   тарихи
тақырыптарға жазылған шығармалар, мысалы, Ә.Кекілбаевтың,
М.Мағауиннің,   С.Сыматаевтың,   І.Есенберлиннің,   Д.Досжа-
новтың,   Қ.Жұмаділовтің   романдары   мен   Т.Ахтановтың,   Қ.Бек-
хожиннің,   С.Сыматаевтың,   Ә.Кекілбаевтың   драмалық   шығар-
малары себепкер болды. Демек, лексикалық қазынаның толыға
түсуіне   экстралингвистикалық   факторлардың   үлкен   мәні   бар
екені   байқалды   (мысалдарды,   яғни   фактілерді   алдыңғы   тарау-
лардан оқып көруге болады).
Көркем әдебиет сөздік құрамға әдеби нормадан шет тұра-тын
қарапайым   сөз,   жергілікті   сөз   сияқты   элементтерді   тек   қана
белгілі бір стильдік мақсатпен енгізетіндігін және мұны қазіргі
белгілі   жазушылар   саналы   түрде,   шеберлікпен   жүргізіп
отырғандығын   баса   айтуға   болады.   Мұны   тарихи   шығар-
малардағы көне қару-жарақ, киім-кешек, әскери зат, ұғым, қимыл
атаулары,   яғни   алдыңғы   тарауларда   Ә.Кекілбаевтың,
М.Мағауиннің, Т.Ахтановтың романдары мен драмалық шығар-
маларынан келтірген фактілер дәлелдейді. Сол сияқты бір-қатар
қарапайым   сөздердің   автордың   тілінде   (баяндауында)
қолданылуы да белгілі бір стильдік жүк арқалап тұрса, олар
– әдеби нормадан ауытқу болып табылмайды. Мысалы, жазу-
163


шы Марат Қабанбаев «Бақбақ басы толған күн» деген шағын
әңгімесін баланың көзімен ұсынады, сондықтан мұнда кейбір
жеке сөздердің, теңеулердің, суреттеулердің баланың ауызекі
сөйлеуінде болатын қарапайым, кейде тіпті тұрпайылау вари-
анттары қолданылған. Мысалы, бұл баяндауда автор – бала
–   кейіпкер   қосылып   кетеді,   сол   себептен   автордың   баяндау
тілінде   «адамдар  ыстық  күн астында  тоңқаңдап  шөмеле  сала-
ды»,   «дәрігер   бостан-босқа  сарнайды»   («денсаулық   жайында
әңгіме   өткізеді»   дегені),   «еттің   тұрамшалары  жүдеу»   («тым
кішкентай,  аузың  толмайды» дегені баланың), «шешесі басына
еріксіз  байлап жіберген  орамал  оңбаған...»,  «Оқас  шалқасынан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет