мүмкіндігі бар тұлға деп таптық. Бұл – «өлікті қабір басына
алып баратын зембіл» дегенді білдіретін диалектизм, ал
та-
быт –
өлікпен бірге көмілетін орысша
«гроб»
дегеннің бала-
масы,
зембіл – кәдімгі «носилки».
Бірақ ауызекі сөйлеу тілінен ауысып, әдеби тілге еніп,
нормаға айналып жатқан сөздердің болу фактісін пайдаланып,
еге (ие),
бостекі (бос),
нәжүйе (жүйесіз),
ақырамаш (ақырғы),
ұқшасатын (ұқсайтын),
құсап (ұқсап),
кермеқар (кереғар),
ауыш (ауыс),
еме-жемге келгенде (жеме-жемге келгенде)
деген
сөздерді автордың өз тілінде бір емес, бірнеше рет және ешбір
стильдік мақсат көзделмей, жақша ішіндегі әдеби вариант-
тарының орнына тектен-тек ( «аузына түскендіктен», «ауылы
солай айтатындықтан») қолдана беру – лексикалық та, стилис-
тикалық та нормадан уәжсіз, жөнсіз, себепсіз ауытқу болады.
Көркем мәтіндегі әдеби нормадан уәжсіз ауытқу жөніндегі
пікірлерімізді толық жалғастыра түсу үшін бұрын жазылған
кейбір талдауларымызды қайталап келтірелік.
Уәжсіз (жөнсіз) ауытқуларды да екі тұстан қарастыру керек:
бірі – жалпы әдеби тіл нормасына қайшы келетін қолданыстар,
екіншісі – көркем әдеби тіл нормасын бұзатын қолданыстар.
Лексикалық қолданыстарда жалпы әдеби тіл нормасына сай
келмейтін ауытқулар, біздіңше, мынадай сәттерде байқалады:
Достарыңызбен бөлісу: