Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет74/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

тауға-домалаған) дыбыстарынан басталатын аллитерациялық
қатар түзу үшін өрге сөзін тауға деген мағынасы жуық сөзбен
алмастырған.
Халық   тілінде,   оның   әдеби   түрінде   қалыптасқан   тіркес-тер
сөздердің өзара іштей семантикалық жымдасуы арқылы немесе
аллитерациялық-ассонанстық   әуезділік   жолымен,   я   болмаса
ғасырлар   бойы   солайша   қалыптасқан   дағдысымен   тұрақты
болып   келеді.   Сондықтан   олардың   құрамын   себепсіз   өзгерту
әрдайым орынды да, сәтті де бола бермейді. Мысалы,  өтірікті
судай   сапырып  деген   тіркестегі   соңғы   екі   сөз   аллите-рация
үдерісінен   шығып   тұр,   оның   үстіне  судай   сапыру  деген   образ
өзінің берекесіз іс-әрекетті білдіретін мәнімен экспрес-сивтік өн
алып тұр: өзі өтірік болса, сол өтірікті оңды-солды араластырып,
үстемелеп көпке жаяр болса және суды қаншама сапырғанмен,
берекелі   еш   нәрсе   шықпайтыны   сияқты,   өтірікті   де   қанша
құбылтып,   араластырып,   үстемелегенмен,   берекесіз   әрекет
болып   шығатынын   дәл   әрі   әсерлі   етіп   білдіру   үшін   тек   осы
өтірікті   судай  сапыру  деген   тұрақты   тіркес   қолайлы.   Де-мек,
мұны   өтірікті  судай   араластырып  деп   берген   (өзгерткен)
жазушы еш нәрсе ұтып тұрған жоқ. Осы қатарға түн кескінінде
(баласында деудің орнына), жаны ауырды (ашыды деудің ор-
нына), асықша ширатылды (үйірілді деудің орнына – мысалдар
Ө.Ахметовтен), менің  көңілім қайысты  (қалды  немесе  қайтты
деудің   орнына),  жүрегімді   шымырқантты  (тербеді  деудің
орнына – Т.Тілеуханов),  етті-жеңді толық адам  (дұрысы:  ет-
жеңді болуы керек), іші еріді (жылыды деудің орнына),
төсек жаңартты (жаңғыртты болса керек  М.Ысқақбаев)
т.б. мысалдарды қосып көбейте беруге де болар еді. Бұл жер-
де   мақсатымыз   –   жеке   бір   жазушылардың   қателіктерін
көрсету
 
емес,
 
нормадан
 
осындай
 
сипатта
ауытқушылықтардың бар екенін айту.
167


Екінші   –   кейбір   мақал-мәтелдерде   сақталған   дөрекі
естілетін   қарапайым   сөздерді   «әдептілеу,   әдемілеу»
вариантымен   ал-мастырып   қолдану   қазір   дәстүрге   айналып
барады. Мысалы, «иттің  боғы  дәрі болса, дарияға  тышады»
деген   мақалда   екі   дөрекі   сөз   бар,   халық   тілінде   бұлар   осы
мақалда айтылмақ сентенцияны мейлінше өткір етіп жеткізу
үшін келтірілген, ал осыны жазушы «иттің тезегі  дәрі  болса,
дарияға  көмеді»  деп береді  (Қ.Ысқақов  «Қара  орман»).  Сол
сияқты «аузында тиек,  артында орнық болсашы» дегенде де
артында  сөзі   өзге   дөрекілеу  сөзді   ауыстырып   тұр;   «жылап
ішіп, шыңғырып қыр астына жүгірген»дегенде соңғы сөздер
ішіп-ке  ұйқасатын,  дөрекі  тышып  сөзінің «кезекшісі» болып
тұр. Мұндай ауыстырулардың ішінде сәтсіз шығатындары да
аз емес. Мы-салы, бөрінің көмекейінше шулап деген қолданыс
сәтті емес, мұнда автор бөрінің көтінше дегенді сыпайыламақ
болып   «әдепсіз»   сөзге   дұрыс   эквивалент   таба   алмаған.   Сол
сияқты  «шілдің балапанынша  (?)  тоз-  тоз болып шашыраған
бірдеңе»  (Қ.Ысқақов)   деген   сыпайылық   та   сәтсіз:   шілдің
балапаны ша-шырамайды, боғы шашыраса – бір жөн.
Мұндай   әр   алуан   мақсатпен   сөз   құрамы   өзгертілген   фразе-
ологизмдер   мен   мақал-мәтелдерді   стильдік   не   өзге  себептерсіз
қолдану   –   жөнсіз   (мотивсіз)   ауытқу   болмақ.   Қазіргі   қазақ
прозасында   бұл   да   –   көзге   түсерлік   дәрежеде   етек   алып   бара
жатқан   жағымсыз   құбылыс.   Мысалы,  жанын   шытқа   түйген
(Т.Жұртбаев), дұрысы –  жанын шүберекке түю,  ал ол шүберек
шыт па, жібек пе – әңгіме онда емес, әйтеуір түйіп алуда, яғни


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет