і дыбыстарымен келетін сөздердің енді бір тобында тәуелдік
жалғаулары жалғанғанда, ы, і әріптерін түсірмей жазып жүрміз:
дауыл – дауылы, қайыс – қайысы, бауыр – бауыры, ойын – ойы- ны, құйын – құйыны. Екінші буыныы,ідыбыстарымен келетін
сөздер қ, к сияқты қатаң дыбыстарға аяқталған болса және
тәуелдік жалғаулары жалғанғанда, бұл қатаң дыбыстар ұяндап
кететін болса, ол күнде ы, і дыбыстары түсірілмейтіндігі тіпті
даусыз: қайық – қайығы, түлік – түлігі, қорық – қорығы, көрік – ұстаның көрігі, қалып (форма) – қалыбы. Мұндай сөздерге
тәуелдік жалғаулары жалғанғанда, олардың соңғы қатаң
дыбы-сы ұяңдамаса, ы, і әріптерін түсіріп жазамыз: «әдемі
жүз, шы-рай» мағынасындағы көрік сөзі тәуелденгенде,
көркім, көркің, көркі болады, «мінез-құлық»дегендегі құлық сөзі кұлқы болыптәуелденеді де құлақтың құлығы дегендегі
құлық сөзі құлығы болып өзгереді.
Дауысты дыбыстарға аяқталатын сөздерге дауыстыдан
тұратын немесе дауыстыдан басталатын қосымшалар жалған-
ғанда я болмаса дауыстыдан басталатын сөз тіркес құрай
ұласа айтылғанда, қысаң ұ, і дыбыстары айтуда да, кейде
жазуда да түсіп қалады: жеті+еу – жетеу, қара+ағаш – қарағаш, сары+алтын – саралтын (айтылуы).
Осы реггегі қысаң ы, і дыбыстары түсіріліп не сақталып
жазылатын сөздердің қай-қайсысын айтуда да біздің «сусып
түсіп қалады» деп жүрген құбылысымыз – абсолюттік емес,
яғни сөздің айтылуында ы, і дыбыстары мүлде «ғайып» бол-
майды, олардың сарқыншағы сақталады. Атап айтсақ, ерні, халқы, ауру, уақтылы, қаупі, ойна деп жазылған сөздер(ай-
тылар-айтылмас, естілер-естілмес ілеспе-протезалық ы, і ды-
быстарын жақша ішіне алып таңбаласақ) ер[і]ні, хал[ы]қы, 223
ау[ы]ру, уақ[ы]тылы, қау[ы]пы, ой[ы]на болып айтылады.
Тіпті Сарағаш, Сарөзек, саралтын сияқты ы дыбысы мүлде
«жұтылып» кететін сөздердің өзін дыбыстауда да оның
«ілеспе» түрі (орысша: призвук) сақталады: Сар[ы]өзек, Сар[ы]ағаш, сар[ы]алтын. Егер(бұл сөздердеы,іқысаң
дыбыстары мүлде«жұтылып» (сусып, жоғалып) кеткен болса,
ер//ні (осылайша екі бөліп айтып көріңіз), хал/ /қы, Сар//ағаш, сар//алтын деп айтылуға тиіс болар еді.