Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


һ, х  дыбыстарымен келген  араб



Pdf көрінісі
бет104/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

һ, х  дыбыстарымен келген  араб,  парсы сөздері қазақша  қ  ды-
бысына   жуық   айтылу   фактісі   жиірек   кездеседі,   бұл   да   –   қате
емес, біріншіден, оның себебі бұл дауыссыздардың қазақ тіліне
тән емес екендігінде болса, екіншіден,  һ,  х  дыбысты көптеген
араб, парсы сөздерінің ертеректе енген не  қ-мен айтылып кет-
кендігіне   немесе   олардың   түсіп   қалу   дәстүріне   байланысты.
Мысалы, хаким сөзі әкім болып, һәр сөзі әр, һәм шылауы әм,
рахим сөзі рақым, Зухра жалқы есім Зура (Зәуре), Зере түрінде
қалыптасқаны бұл күнде тарихи дәстүрмен Ахмет, Мұхит,
сахна деп жазып жүрген сөздерді Ақымет, Мұқыйт, сақына
деп айтуға ерік береді.
Демек, сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі бірдей түсе бер-
мейді   екен,   яғни   сөз   қалай   таңбаланса,   сол   таңбаларды   ғана
сақтап айту – әрдайым шарт та емес, мүмкін  де емес. Әрине,
қазақ тілінде жазылуы бойынша айтылатын сөздер де аз емес.
Мысалы, ара, ала, алау, аламан, алмақ, алғы, алғашқы
деген   сияқты   сөздердің   жеке   тұрғандағы   айтылуы   олардың
таңбалауымен бірдей.
Міне, қазақ тіліндегі сөз сазының басты-басты құбылыс-тары
жайында жалпы таныстыруды осымен аяқтауға бола-ды. Әрине,
бұл   жерде   біз   қазақ   орфоэпиялық   заңдылықтарын   бастан-аяқ
түгел   баяндап   отырған   жоқпыз,   өйткені   бұл   заңдылықтардың
норма ретіндегі көрінісі осы кітапта ереже-лер түрінде түгелге
жуық ұсынылады. Мұнда көзделген мақсат
– тілдің сөздік қазынасы (лексикасы), грамматикасы, дыбыстық
жүйесі (фонетикасы), жазу жүйесі (орфографиясы) салала-
227


рында өздеріне тән заңдылықтары болатыны сияқты, сөздерді
дұрыс айтудың да, дұрыс дыбыстаудың да (орфоэпияның да)
табиғи тәртібі, нормалары болатындығына назар аударту.
Өзге   салаларға   қарағанда,   орфоэпия   мәселелері   назарға
кешеңдеп   ілініп   отыр.   Оның   да   себептері   бар.   Тіл-тілдің   қай-
қайсысында да орфоэпиялық нормаларды арнайы сөз ету, яғни
оларды   көрсету,   зерттеу,   реттеу   кешеңдеп   қолға   алы-нады,
өйткені ұлттық әдеби тіл әбден қалыптасып, барлық адамдарға,
тіл   қолданысының   барлық   саласында,   сол   ұлт   ме-кендеген
барлық өлкеге ортақ, бірдей болған күнде ғана сол тілде ауызша
дұрыс   сөйлеудің   нормасы,   оның   ішінде   орфо-эпия   тәртіптері
баршаға түгел міндетті сипат алады. Қазақ тілінің сөз сазының
орфоэпиялық жүйесін арнайы сөз ету кейін, үстіміздегі ғасырдың
60-70-жылдарынан   бастап   қолға   алынды.   А.Байтұрсынұлы
атындағы   Тіл   білімі   институты   60-жылдардың   соңғы   кезінде
«Тіл   мәдениеті»   деген   бөлім   ашып,   белгілі   ғалым   М.Балақаев
қазақ тілінің сөз мәдениетін, ор-фографиясы мен орфоэпиясын
зерттеуге басшылық етті, өзі де «Қазақ тілінің мәдениеті» (1971),
«Қазақ әдеби тілі және оның нормалары» (1984) атты еңбектерді
жарыққа шығарды, бөлім қызметкері Қ.Неталиева «Қазақ тілінің
орфоэпиялық сөздігін» құрастырып, ол 1977 жылы жұртшылық
қолына   тиді.   М.Дүйсебаева   «Қазақ   әдеби   тілі   орфоэпиясының
кей-бір мәселелері» атты еңбегін 1973 жылы ұсынды, мектепке
арналған   «Қазақ   тілінің   қысқаша   орфоэпиялық   сөздігі»   (1981)
шықты. 1983 жылы және 1995 жылы біз «Сөз сазы» (сөзді дұрыс
айту   нормалары)   атты   арнайы   кітапша   шығарып,   оны   мектеп
мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының студенттері-не, сахна
қайраткерлері мен радио, теледидар дикторларына, комментатор
мен журналистерге нақты құрал ретінде ұсындық. Онда тұңғыш
рет қазақ тілінің орфоэпиялық ережелері берілді. Бұл ережелер
қолданбалылық   (практикалық)   мақсатта   түзілді,   сондықтан
көрсетілген   қағидаларды   жаттықтыратын   мысалдар   мен
тапсырмалар беріліп отырды.
228




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет