Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Астық  кептіргіштер  жəне  олардың  құрылымдық



Pdf көрінісі
бет101/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   269
Астық  кептіргіштер  жəне  олардың  құрылымдық 

конструктивтік  ерекшеліктеріне  қойылатын  талаптар.  Олар 

əдебиеттік  мəліметтер  жинақтары  жəне  авторлар  зерттеулері 

негізінде жүйеленіп, төменде көрсетілген ұсыныстарға негізделуі 

керек. 


Кептіру  шахтасы.  Астықты  қыздыру  жəне  кептіру 

біркелкілігі дəндердің өту жолының мөлшерімен жəне шахтаның 

ішіндегі  жабдықтарымен,  сонымен  қатар  астыққа  толтыру  жəне 

шығару  тəсілдерімен  шартталған  дəндердің  қозғалу  сипатына 

тəуелді.  



 

229


 

Мысалы, 2-тарауда келтірілген есептеулер көрсеткендей, К4-

УС2А  қозғалмалы  астық  кептіргіштегі  бидай  астығының 

бастапқы  ылғалдылығы 20% жəне  соңғы  ылғалдылығы 14%. 

Кептіру  шахтасындағы  астықтың  жолы  ұзақ  емес.  Астық 

жоғарыдан  төмен  қарай 0,026 м/мин  жылдамдықпен  қозғалып 

келеді.  Ал  ДСП-32от  типті  астық  кептіргішінде  дəндер 

жоғарыдан  төмен  қарай 0,145 м/мин  жылдамдықпен  қозғалады. 

Ылғалдылығы  дəл  сондай  болатын  бидай  дəндерін  кептіруге 

арналған  РД  жəне  «Целинная»  типті  астық  кептіргіштерге  тəн 

қозғалу 

жылдамдығын 0,8...0,9 м/мин-ке 

жоғарылату 

ылғалдылығы  жоғары  болатын  дəндерді  кептіру  сапасын  тиімді 

етеді.  Ол  үшін  кептіру  шахтасын  ұзындығы  бойынша  өсіріп 

немесе дəндердің рециркуляциясын ұйымдастыру керек. 

Шахтаның  ұзындығы  мен  ені  бастапқы  жабдықтардың 

өлшеміне  тəуелді.  Қораптары  бар  астық  кептіргіштерді  жобалау 

кезінде  кептіру  шахтасының  қорабының  ұзындығы  ең  аз 

болатындай  етіп  таңдау  керек.  Бұл  астыққа  жіберілетін  кептіру 

агентінің  жəне  ауаның  көп  мөлшерде  жіберілуін  қамтамасыз 

етеді.  Өйткені  бір  қорапқа  келетін  кептіру  агентінің  (немесе 

ауаның)  мөлшері  қораптың  көлденең  қимасының  ауданы  мен 

кептіру агентінің қабылданған жылдамдығына тəуелді. 

Кептіру  шахтасында  орналасатын  қораптар  пішіні  келесі 

шарттардың орындалуын: астық ағынының жақсы ағымдылығын; 

дəндердің  қыздырылған  металл  бетімен  түйісу  ауданның 

минималды болуын; астықтың шахтадан шығып кетпеуін, алдын 

алатын  көлденең  қимасының  ауданының  оптималды  болуын; 

газдардың  енуі  үшін  астықтың  жұмыс  бетінің  ашық  қалуын; 

кептіру  агентінің  қорап  бойымен  біркелкі  таралуын;  қораптың 

шахта ішінде алатын көлемінің минималды шамасын қамтамасыз 

ету керек. 

Астық  кептіргіштерді  қолдану  практикасы  көрсеткендей 

қораптар,  қораптар  мен  шахтаның  бүйір  қабырғалары 

арасындағы арақашықтық 100 мм-ден кем болмау керек. 

Пайдаланылған  газдың  шығуына  арналған  жалюзийлі 

терезелермен  жабдықталған  астық  кептіргіштерде  терезелерді 

желден  қорғау  үшін  ғимарат  қабырғасына  параллель  щиттер 

орнату  керек.  Ағын  камералары  кептіру  агентін  қораптарға 




 

230


 

біркелкі  берілуін  қамтамасыз  ету  керек.  Ол  үшін  камераның 

кірісінде кептіру агентінің жылдамдығын төмендету керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет