Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Əртүрлі дақылдардың тепе-теңдік ылғалдылықтары (%)



Pdf көрінісі
бет161/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   269
Əртүрлі дақылдардың тепе-теңдік ылғалдылықтары (%) 

31-кесте 

Дақылдар 

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 

75% 80% 


Температура, 

С 



0  10 20 30 0 10 20 30 

Бидай 


15,8  15,5 15,1 14,8 16,7 16,3 16,0 15,7 

Қара бидай, арпа 

17,0  16,7 16,3 15,4 18,3 17,9 17,4 16,5 

Сұлы 


16,6  16,1 15,6 15,0 17,9 17,3 16,8 16,2 

Күріш 


15,5  15,0 14,5 13,9 16,6 15,9 15,2 14,7 

Жүгері 


16,6  16,3 15,9 14,9 17,6 17,3 16,9 15,9 

Тары 


16,1  15,6 15,1 14,4 17,1 16,6 15,9 15,3 

Асбұршақ 

16,8  16,5 16,1 15,8 17,7 17,3 17,0 16,7 

Қытай бұршақ 

14,0  13,6 13,1 12,5 16,2 15,7 15,3 14,5 

Күнбағыс 

8,9  8,5 8,2 7,6 9,5 9,3 9,1 8,5 

 

Кесте (график) арқылы дəндердің тепе-теңдік ылғалдылығын 



ауаның  салыстырмалы  ылғалдылығының  кез  келген  мəнінде 

болсын  табуға  болады.  Ол  үшін  абсцисса  осіндегі  берілген 

ауаның  салыстырмалы  ылғалдылығының  нүктесі  арқылы, 

мысалы, 72% болғандағы,  тура  көлденең  сызық  сызамыз  жəне 

оның дақылдың тепе-теңдік ылғалдылығының қисық сызығымен 

түйіскен  нүктесінен  ординат  осі  бойынша  төмен  препендикуляр 

сызамыз,  ол  тепе-теңдік  ылғалдылықтың  мына  мəндеріне: 9,9; 

14,3; жəне 15,4%-тең. 

Дəндердің  тепе-теңдік  ылғалдылығының  өзгеруі  тұрақты бір 

температурада 

ауаның 

салыстырмалы 

ылғалдылығына 

байланысты  бірдей  емес.  Дəндердің  ылғалдылығы  мен  ауаның 

ылғалдылығының  арасындағы  байланысты  көрсететін  кесте 

синусоидалық қисықты сипаттайды, оның экстремалды нүктелері 

ауаның  салыстырмалы  ылғалдылығының  төменгі  жəне  жоғарғы 

мəніне сəйкес келеді. Бұл қисық сызық сорбция жəне десорбция 



изотермалары  деп  аталады.  Ол  тұрақты  бір  температурада 

заттың  сіңірген  ылғалының  мөлшерін,  будың  тепе-теңдік 

серпімділігінің,  судың  белсенділігінің  немесе  салыстырмалы 

ылғалдылықтың  функциясын  көрсететін  қисық  сызық  ретінде 

сипатталады (89-сурет)



 

339


 

 

89-сурет. Дəндер мен тұқымның  



тепе-теңдік ылғалдылығының кестесі 

1 - күнбағыс; 2 - бидай; 3 - асбұршақ 

 

Тұрақты 


ауаның 

салыстырмалы 

ылғалдылығында 

температура жоғарылағанда тепе-теңдік ылғалдылық төмендейді, 

температура төмендегенде жоғарылайды. 

Т.А.Оксли  (АҚШ)  бидай  үшін  температураның  əр 10

0

С-қа 


жоғарылауында тепе-теңдік ылғалдылық 0,6-0,7%-ға төмендейді. 

Температураның  өзгеруі  мен  ауаның  салыстырмалы 

ылғалдылығының  арасында  тура  байланыс  болғандықтан 

астықпен  жұмыс  істегенде  ауаның  салыстырмалы  ылғалды- 

лығы 

шамасының 



практикалық 

маңызы 


зор. 

Ауаның 


температурасы  1

0

С-қа  жоғарылағанда  немесе  төмендегенде 



ауаның  салыстырмалы  ылғалдылығы  соған  сəйкес 4-5%-ға 

төмендейді немесе жоғарылайды. 

Табиғи  жағдайда  температура,  сонымен  қатар  ауаның 

салыстырмалы  ылғалдылығы  тəулік  бойы  жəне  жылдың  əр 

мезгілінде үнемі өзгеріп отырады. Соның əсерінен атмосфералық 

ауамен  жанасатын  дəндердің  қалыңдығы 1-2 см  беткі 

қабатындағы ылғалдылық үздіксіз өзгеріп отырады. 

Б.А.Карпов  мəліметі  бойынша  жыл  бойы  осы  қабаттағы 

ылғалдылықтың  өзгеру  амплитудасы 6-8%, үйіндіден 10 см 

жоғарыда 1% жəне 20-40 см-де 0,5% құрайды.  Ылғалдылықтың 




 

340


 

бұлай  ауытқуы  сақталып  жатқан  астықтың  күйіне  əсер  етеді. 

Мысалы,  күзгі-қысқы  кезеңде  астық  біршама  ылғалданады,  ал 

көктем  мен  жазда  кебеді.  Астықтың  беткі  қабатындағы  бұл 

өзгерістер астық массасының сапасына əсерін тигізеді. 

Атмосфералық  ауамен  байланысатын  дəндердің  ылғал 

сіңіргіштік  үдерісі  бірнеше  тəулікке  созылады.  Дəндердің  тепе-

теңдік  ылғалдылығы  стационарлық  режимде 7-22 тəулікте 

орнайтыны  жəне  дəндердің  ылғалдылығының  өзгеруі  алғашқы 

кезеңде  қарқынды  жүретіні  анықталды.  Бұл  90-суреттен  анық

 

көрінеді,  онда  бастапқы  ылғалдылығы  əртүрлі  сиыржоңышқа 



тұқымының  ауаның  салыстырмалы  ылғалдылығының  тұрақты 

мəнінде  ылғалдылығының  өзгеруі  бейнеленген  (Н.Е.Кучеренко 

мəліметі бойынша). 

 

 



90-сурет. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70% болғандағы 

жаздық сиыржоңышқа тұқымының ылғалдылығының өзгеруі. 

1-бастапқы  ылғалдылығы 21%; 2-бастапқы  ылғалдылығы 

17%; 3-бастапқы ылғалдылығы 13,

5% 

 

Жаңа  орылған  астық  массасы  ылғалдылығы  əртүрлі 



құрауыштардан  тұрады.  Онда  бір  мезгілде  ылғал  алмасу  жəне 

сорбциялық  байланыстар  байқалады,  соның  нəтижесінде 

құрауыштардың 

ылғалдылықтарының 

теңесуі 

жүреді. 


Жетілмеген  дəндер  мен  ылғалды  қоспалар  кебеді,  ал  жетілген 

дəндер ылғалданады (91-сурет).

 



 

341


 

 

91-сурет. Жаңа орылған бидай (1) жəне қара бидай  



(2) дəндері қоспасының ылғалдылығының өзгеруі 

 

Дəндердің  ылғалдануы  елеулі  болуы  мүмкін,  бұл  сақтау 



кезіндегі астық массасының жағымсыз үдерістерін туғызады. 

Астық массасындағы өздігінен сұрыпталудың əсерінен оның 

кейбір бөліктері жоғары ылғалдылықта болуы мүмкін. Жағымсыз 

жағдайды  мүмкіндігінше  азайту  үшін  жаңа  орылған  астықты 

ондағы  əртүрлі  қоспалардан  шұғыл  тазарту  қажет.  Ал  сақтау 

үдерісі  кезінде  астықтың  əртүрлі  қабаттарындағы  ылғалдылық- 

тың өзгеруін жүйелі түрде тексеріп тұру қажет. 

Сорбция  (су  буларын  сіңіру)  жəне  десорбция  (сіңірілген  су 

буларын  сыртқа  шығару)  кезінде  дəндер  ылғалдылығының 

изотерма  қисық  сызықтарының  арасында  гистерезис  құбылысы 

орын  алады.  Ол  бірдей  ауаның  салыстырмалы  ылғалдылығында 

сорбция-десорбция циклінде дəндердің ылғалдылығының əртүрлі 

екендігін  көрсетеді.  Сорбция  жəне  десорбция  изотермаларының 

арасындағы  ең  көп  айырмашылық  ауаның  салыстырмалы 

ылғалдылығы 20-дан 80%-ға  дейінгі  аралығында  байқалады  

(92-93-94-суреттер).  

 



 

342


 

 

 



92-сурет. Бидай дəндердің сорбция (1)  

жəне десорбция (2) изотермалары 

 

 

 



 

 

93-сурет. Күріш дəндердің сорбция (1)  



мен десорбция (2) изотермалары 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет