Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет172/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   269
құрғақ  делініп,  сақтауға  төзімділігі  жоғары  келеді,  оны  биіктігі 

үлкен үйінділер түрінде сақтауға болады. 



Орташа  құрғақ  (құрғақтау)  дəндердің  құрғақ  дəндерден 

тыныс  алу  үдемелілігі 2-4 рет  жоғары  келеді,  ал  ылғалдылығы 

17%-дан  артық  дəндердікі 20-30 рет.  Одан  əрі  ылғалданған 

жағдайда  дəндердің  құрамында  еркін  күйдегі  су  жинақталып 

көбейе берсе, тыныс алу тіпті, күрт артып кетеді. 

Астық сақтау кезінде дəндердің температурасы жоғарылаған 

сайын тыныс алу үдемелілігі артады. Белгілі бір температура шегі 

аралығында  бұл  ұлғаю  Ван-Гоффтың  ережесіне  сай  үдейтіндігі 

тəжірибе  жүзінде  анықталған.  Бірақ  бұл  құбылыста  белгілі  бір 

шекке  дейін  орын  алады  да,  одан  əрі  өте  жоғары  температура 

əсерінің нəтижесінен дəндердің тыныс алу үдемелігі төмендейді, 

басқа да тіршілік функциялары əлсірейді, түйіршіктер жойылып, 

дəндер тіршілігін тоқтатады. 

Төмен  температура  жағдайында  тыныс  алу  үдемелілігі  күрт 

азаяды.  Тіпті,  жоғары  ылғалды  дəндердің  өзінде  еркін  (бос) 



 

365


 

күйдегі  ылғалдың  барлығына  қарамастан  тыныс  алудың 

дəндердің  сынақ  ылғалдылығына  тəн  болатын  екпінділігі  де 

байқалмайды.  Бұл  мəліметтер  астық  сақтауда 10ºC-қа  дейінгі 

температураның  дəндерді  суықпен  консервілеуге  болатындығын 

көрсетеді. 

Төмен температураның дəндердің тіршілігіне жəне тыныс алу 

үдемелілігіне  тигізетін  əсері  бөлек  болады,  бұл  жағдайда 

дəндердің  тіршілік  функциялары  уақытша  əлсірейді,  жоғары 

температураның  дəндердің  тыныс  алу  үдемелілігіне  жəне  оның 

тіршілік  функциясына  тигізетін  əсері  оның  сол  температурада 

дəндердің  қанша уақыт  болғанына байланысты.  Мəселен, тыныс 

алудың  ең  жоғары  үдемелілігі 50-55ºC-та  байқалатындығы 

дəлелденген. Сонымен, температура факторының астықты сақтау 

кезіндегі  төзімділігінде  елеулі  рөлі  бар.  Дəндердің  тыныс  алу 

үдемелілігін  төмендетудің  астық  сақтау  практикасында  кеңінен 

пайдаланылатын 

ең 


маңызды 

шаралардың 

бірі 

оның 


температурасын дер кезінде төмендетіп отыру болып табылады.  

Дəндерге  (астыққа)  ауаның  кіруін  аэрация  деп  атайды. 

Аэрация  дəндердің  тыныс  алуына  əсерін  тигізеді.  Астықты 

қозғалыссыз  жəне  желсіз  ұзақ  уақыт  сақтаған  кезде  дəндер 

аралық  кеңістікте  көміртегі  диоксиді  жиналып  жəне  оттегі 

кемиді.  Астық  қорапта  не  терең  шанақта  сақталса,  оның  орта 

шенінде,  яғни 10-15 метр  тереңдігінде  көміртегі  диоксидінің  ең 

көп  жиналатындығы  тəжірибе  жүзінде  анықталды.  Ал  астық 

қоймасында  дəл  осындай  жағдай  дəндер  үйіндісі 1,5-3 метр 

тереңдігінде  байқалады.  Оттегінің  жеткіліксіздігі  жəне  көміртегі 

диоксидінің көптігі жоғары ылғал дəндерге өте нашар əсер етіп, 

оның сапасын лезде төмендетіп жібереді.  

Астық жиымында ауа алмасудың жеткіліксіздігінен, мысалы 

қоймаларда  орнатылған  желдеткіш  қондырғылар  жұмыс  істеуі 

қанағаттандырғысыз  болса,  жоғары  ылғалды  тұқым  дəндердің 

тіршілік қабілеті төмендейді.  

Жүргізілген  ғылыми  зерттеулердің  нəтижелеріне  сүйенетін 

болсақ,  ылғалдылығы 13-15%-дан  жоғары  дəнді  дақылдарды 

сапасын  төмендетпей  сақтауды  қамтамасыз  ету  үшін  астық 

жиымында  тұрақты  баяулаған  не  оқтын-оқтын  күштірек  түрде 

желдету,  ауаны  алмастырып  отыру  қажет.  Іс  жүзінде  астық 

үйіндісінің 

биіктігін 

азайтып, 

желдеткіш 

қондырғылар 




 

366


 

қолданады.  Дегенмен,  егер  дəндердің  ылғалдылығы 14%-дан 

төмен  болса,  мысалы,  бидай  тұқымы,  оны  элеваторлардағы 

қораптарда ұзақ уақыт сақтауға болады. Ал құрғақ арпаны сақтау 

кезінде  бір  мезгіл  оны  қозғалтып,  араластырып  жəне  желдетіп 

қою керек екендігі дəлелденген. В.В.Макаров өндірістік жағдайда 

өткізген тəжірибелерінің нəтижесінде бидайдың құрғақ дəндердің 

элеватор  қорабында  қозғалыссыз 1 жылдан 2 жылға  дейінгі 

сақтау  барысында  өнгіштігін  жоғалтпайтындығын  көрсеткен. 

Сонымен, азықтық жəне жемдік астықты өндіріс жағдайында əрі 

ауа  жіберіп,  əрі  ауасыз  да,  яғни  желдетіп  те,  желдетпей  де 

сақтауға  болады.  Дегенмен,  ылғалдылығы 14%-дан  жоғары 

дəндерді жəне бұршақты дақылдарды ауа алмастырып, желдетуді 

қолданып сақтаған тиімді. 



Дəндердің  пісіп  жетілу  дəрежесі.  Пісіп  жетілмеген 

дəндердің  тыныс  алу  екпіні  кəдімгі  толық  піскен  дəндердікінен 

едəуір  жоғары  болады. Құрамында пісіп  жетілмеген  дəндері  көп 

астық  сақтауға  төзімсіз,  тез  бүлінгіш  келеді.  Пісіп  жетілмеген 

дəндер жиымы сақтаудың бастапқы кезеңінде өте екпінді тыныс 

алып,  микроорганизмдер  мен  кенелердің  ұясына  айнала 

бастайды. 

Пісіп  жетілмеген  дəндер  қатарына  орақ  алдында  суыққа, 

аязға  ұрынған  дəндерді  де  жатқызады.  Мұндай  дəндердің  де 

тыныс  алуы  өте  жоғары  деңгейде  болады,  сақтауға  соншалықты 

төзімсіз келеді де өзіндік қызуы құрғақ күйінде-ақ басталып, тез 

өрбіп кетеді. 



Астықты ору жəне тасымалдау шарттары. Орақ кезіндегі 

ауа  райының  қолайсыз  жағдайында  алынған  астықтың  сақтауға 

төзімділігі төмен болады. Мысалы, ору жəне тасымалдау кезінде 

суланған  дəндер  жиымының,  тіпті,  кептірілгеннен  кейін  де, 

тыныс 

алу 


екпіні, 

сулануға 

ұшырамаған 

дəндермен 

салыстырғанда,  жоғары  болып  келеді.  Суланған  жəне  өне 

бастаған  дəндер  тұқымдарының  сақтауға  төзімділігінің  кемуі 

өнудің  бастапқы  сатысында  ферменттердің  екпінділігі  мен 

микроорганизмдердің көбейіп кеткендігінің салдарынан болады. 



Дəндердің  толықтығы  мен  ірілігі.  Əлжуаз,  шөпек  дəндердің 

тыныс  алуы  толықсыған  жəне  ірі  дəндерден  əлдеқайда  жоғары 

болатыны 97-суретте келтірілген. 



 

367


 

Бұл  құбылысты  əлжуаз  дəндердің  сыртқы  беттерінің 

артықтығымен  жəне  олардың  ылғал  сіңіргіштік  қабілетінің 

жоғарылығымен  түсіндіруге  болады.  Сондықтан,  астықтың 

құрамында əлжуаз, шөпек, майда дəндер неғұрлым көп болса, ол 

партия соғұрлым сақтауға төзімсіз келеді. 



Дəндердің  бүтіндігі.  Егер  дəндердің  бүтіндігі  бүлінсе, 

мысалы,  оның  сыртқы  қабыршақтары  бұзылып,  сыпырылып 

түсіп 

қалса, 


эндоспермі 

жарықшақтанып, 

майдаланып, 

бөлшектеніп кетсе, оның тыныс алуы артады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет