Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


  Астықты сақтау кезінде өніп-өсуі



Pdf көрінісі
бет174/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   269
15.4.  Астықты сақтау кезінде өніп-өсуі 

 

Астықты  сақтау  кезінде  кейбір  дəндердің  өніп  кететін 

жағдайлары  болады;  оған  жол  беруге  болмайды.  Бұл  құбылыс 

астықты  сақтаудың  талаптарының  орындалмай,  тəртібінің 

бұзылуынан  болады.  Дəндердің  өнуі  барысында  құрғақ  заты 

азайып,  едəуір  жылу  бөлініп,  астықтың  жалпы  температурасы 

көтеріліп, тыныс алуы артып, сапасы төмендейді. 

Дəндердің  өніп  кету  мүмкіншілігін  анықтайтын  факторларға 

ылғал, ауа жəне жылу жатады. 

Тұқымның  өнуі  ылғалды  гидрофильді  коллоидтар,  негізінен 

ақуыз бен крахмалдың сіңіруінен басталады, бұл кезде дəндердің 

көлемі  өседі.  Ылғал  сіңіру  дəрежесі,  оның  қарқындылығы 

дəндердің химиялық құрамына, қабықтарына сіңірілу жəне басқа 

да жағдайға байланысты. 

Ақуызға  бай  дақылдар  өздерінің  салмағы  бойынша 150%-ға 

дейін,  көмірсуға  бай  дақылдар – 80%-ға  дейін,  ал  майға  бай 




 

370


 

дақылдар – 140%-ға дейін ылғал сіңіретіні анықталған. Сонымен 

қатар  өну  мүмкіншілігі  одан  да  төмен  ылғал  сіңіру  мөлшерінде 

(40-70%) мүмкін екендігі анықталған. 

Тұқымдар  төменгі  жылы  температурада  да  өнуі  мүмкін, 

мысалы  бидай,  қара  бидай,  арпа,  сұлы,  қарақұмық  қолайлы 

жағдайда 2-5

0

С аралығында, ал күнбағыс пен жүгері 8-10



0

С өнуі 


мүмкін.  Бұндай  температура  астық  массасында  жиі  кездеседі, 

сондықтан  температура  астықтың  өну  мүмкіншілігін  шектейтін 

негізгі факторға жатпайды. 

Дəндердің  өсіп  кетуінің  бір  себебі  оның  ылғалдылығының 

өте  жоғары  болуы (30-36%). Мысалы,  астық  жиымының  сақтау 

кезінде суланып қалуы жəне т.б. сол сияқты қолайсыз жағдайлар 

болғанда. 

Өну үдерісінде аздап энергия бөлінуі мен құрғақ заттарының 

мөлшерін жоғалтуы арқылы дəндер қарқынды тыныс алады. Қара 

бидайда  бір  тəуліктен  кейін – 0,7%, ал  екі  тəуліктен  кейін - 0,8,  

3 тəуліктен кейін – 2, 3, 4 тəуліктен кейін – 3,2% құрғақ затының 

мөлшері кеміген. 

Сақтау кезінде дəндердің өніп кетуі мүмкін болған жағдайда 

мына құбылыстар болады: 

1)  құрғақ заттарының мөлшерін жоғалту; 

2)  едəуір  жылу  мөлшері  бөлінеді,  ол  астық  массасының 

температурасының  жоғарылауын  жəне  ондағы  өміршеңдік 

үдерістердің күшейуін тудырады; 

3)  дəндердің сапасы төмендейді. 

Дəндердің  өніп  кетуіне  жол  бермеудің  шаралары  сақталып 

жатқан астықтың температурасын мұқият бақылау, ешқандай су, 

ылғал  түсуге  жол  бермеу,  қоймалардың  техникалық  күйін 

жақсарта түсу болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет