Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет62/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   269
 

7.3.  Астық қабатының гравитациялық  

қозғалыс кезіндегі кептірілуі 

 

Астық  дəндерінің  қабатының  гравитациялық  қозғалыс 

кезіндегі кептіруін бірнеше варианттарға бөлуге болады.  

Көп тараған кептіру ауабөлгіш қораптары бар шахталы типті 

кептіргіш. 

Астық  дəндері  бұл  кептіргіште  жоғарыдан  төмен  қарай 

біртіндеп,  тура  ағынды,  керіағынды  бірінен  соң  бірі  қайталанып 

орналасқан  немесе  қиылысқан  зоналарды  кептіру  агентімен 

желдетіледі.  

Астықты  кептіру  үдерісін  зерттеу  кезінде  ВНИИЗ-дің 

эксперименттік  қондырғыда  кептіру  агентінің  ағынын  өзгерте 

отырып,  жоғарғыдағы  айтылған  тура,  кері  жəне  қиылысқан 

желдету ағындарын жасап, астық дəндерінің қабаттарын кептіру 

модельдерін жасауға мүмкіншілік туғызады. 24-сурет.  

Қондырғыда 

төрт 


алынатын 

кассеталар 

қойылған, 

əрқайсысындағы  астық  қабатының  қалыңдығы – 100 мм.  Бұл 

сақиналы  жүйесінде  ауа  алып  келетін  жəне  алып  кететін 

тасымалдау өткізгіштері бір блокқа түскен. Бір мезгіл ішінде екі 

кассетадағы  қалыңдығы 200 мм  болатын  жалпы  қабат  кептіру 

агентімен  біртіндеп  төменнен  жоғары  бағытта  желдетіледі,  ал 




 

115


 

қалған  екі  кассетадағы  жоғарыдан  төмен  қарай  (І,  ІІ,  ІІІ,  ІV-

тəртіптері). 

 

24-сурет. Астық кептіру үдерісін зерттеуге арналған 



қондырғының сызбанұсқасы. 

 

1 – ауаны  төрт  жаққа  жіберетін  бөлгіш  (а,  б,  в,  г); 2 – 



ауаөткізгіштің  сақиналы  жүйесі; 3 – дəндері  бар  кассета; 4 – 

диафрагма; 5 – кептіру агентінің температура стабилизаторы; 6 – 

электрокалорифер; 7 – үшжүрісті  кран; 8 – желдеткіш; 9 – төрт 

кассетасы бар камера. 

 

Кассеталар  астына  берілетін  кептіру  агентін  шахталы 



кептіргіш  кіргізетін  қорабы,  ал  одан  босағанын  шығару 

қораптары атқарады.  

Осы  тəжірибелік  қондырғыда  көрсетілген  дəндердің  қызу 

сызықтарын  турғызған.  Температураның  жоғарлауы  кезінде 

дəндерді  кептіру  ылғалдың  булану  жылдамдығы  төмендеген 

кезде жүреді. 25-сурет 

Кептіру  агентінің  температурасы  жоғарлаған  сайын  кептіру 

үдерісі  интенсификацияланады,  бұл  кезде  дəндердің  қызуы 

ылғалдың  булануына  қарағанда  тез  болады.  Дəндердің  шектеулі 



 

116


 

қызу температура шамасына жеткен кезде оның бір өткеліне сай 

ылғалының төмендеуі 5...10% кептіру агентінің температурасына 

байланысты  болуы  мүмкін.  Дəндердің  ылғалының  төмендеу 

шамасы,  кептіру  агентінің  одан  əрі  жоғарлауына  қарамай 

төмендеуі аз болуы да кездеседі. Ол кептіру уақытының ұзақтығы 

азайған  сайын  дəндердің  температурасының  шектелу  шегіне 

жетуіне үлгермей қалады. 

 

25-сурет. Кептіру агентінің əртүрлі температурадағы қисық 



қызуы (1...3) мен астықты кептіру(1'...3'): 

1 жəне 1' – 80 °С; 2 жəне 2' - 100°С; 3 жəне 3' - 120°С. 

 

 26-суретте  астық  қабатының  орта  интегралды  қызу 



температурасының  сызықтары  көрсетілген.  Қабаттардың  қалың- 

дығы  бойынша  температура  бір  шамада  біркелкі  болмайды.  

 

 

26-сурет. Əртүрлі уақыт кезеңіндегі астықтың қалың 



қабатына температураның қисық берілуі 

1 – t=46 мин; 2 – 36; 3 – 22; 4 – t=12 мин 




 

117


 

Біркелкі  емес  шамадағы  температураның  көрінісі  уақыт  өте 

келе қызу үдерісінің жүруімен тоқталады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет