Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет63/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   269
7.4.  Жалған сұйылтылған қалқыма  

жағдайдағы астық қабаттарын кептіру 

 

Жалған  сұйылтылған,  қайнатылған  бу  бөлшектерінің  астық 

қабаттарындағы  дəндерінің  қалқыма  жағдайға  түскен  кептіру 

өзгешеліктерінің  бірі,  жылу  алмасу  үдерісі  газ  бөлгіш 

торларының  жанында  тездеп  өтеді.  Кептіру  агентінің 

температурасы  астық  қабатына  кірген  кезден  бастап, 30....50 мм 

биіктікте астық дəндерінің температурасымен теңеледі.  

Осыған байланысты əрбір бөлініп алған дəннің қызу үдерісін 

мына  тұрғыда  елестеуге  болады.  Дəн  қиын  трактория  бойынша 

қалқыма  жағдайда  төменгі  қабатқа  келіп,  жылуалмасудың 

қарқынды  зонасында  болып,  белгілі  шамадағы  жылуды  өзіне 

тартып алады. Одан соң ауа ағынымен жоғарғы жақтағы қабатқа 

барады,  өзінің  бойындағы  жиналған  жылуды  ол  қабаттағы  бойы 

суық  дəндерге  бір  бөлігін  жібереді.  Бұл  дəндер  өз  бойындағы 

температурасын  төмендетіп,  ол  төменгі  қабаттағы  қарқынды 

жылуалмасу  зонасында  болып,  қайта  жылу  импульсын  алып, 

құйындап  қалқумен  дəндер  жоғарғы  дəндер  қабаттарына  жаңа 

жылу  импульсын  беру  үшін  тағы  да  қиын  траекториялық  жол 

жүреді.  Осылай  бірнеше  дəндер  құйындап  қалқыма  түрде 

төменнен  жоғары  қарай,  одан  төменге  қарай  жылуалмасуды 

тездетіп  жүргізуге  алып  келеді.  Астық  қабатындағы  дəндер 

біртіндеп қызып кебе бастайды.  

27-суретте  құйындатылып  қалқыған  жағдайдағы  астық 

қабаттарының  дəндерін  қыздыру  мен  кебу  үдерістерінің  жүруі 

көрсетілген.  

Осы  қарқынды  жылуалмасудың  арқасында  дəндер  өздерінің 

шектеулі 50....200°С  аралығында  температураға  байланысты 

жетеді.  

Элементарлы  қабатты  кептіргендей  мұнда  да  ылғалдың 

булану жылдамдылығы бірдей тұрақты болады.  

 



 

118


 

 

 



27-сурет. Қисық қызу (1...4) мен қисық кептіру (1'...4') 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет